400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ш дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақылды лақ. даярлық сыныбы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақылды ешкі. Ш дыбысы мен əрпі

ҰОҚ - ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау. 0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну. 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Педагог сұрақтарына толық жауап беріп, сөйлемдегі сөздердің санын анықтайды. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ш дыбысының орнын ажыратады. Ш əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер: Сурет бойынша өз ойларын айтып, мазмұндайды. Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады. Ш дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ш дыбысының орнын ажыратады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ш əрпінің элементтерін жазады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер: Сұраққа толық жауап бере отырып, Ш əрпімен танысады. Ш дыбысынан келетін сөздерді айтады, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Сен неше сөйлем тыңдадың?

Соңғы сөйлемде неше сөз бар?

Ешкі қарбызды не үшін екті?

Ешкіге өзің қалай көмектесер едің?

Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр?

Ешкі сөзін буынға бөліп айт.

Өткен ҰОҚ -

дан алған білім

Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Қандай түстермен белгіленеді?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.


0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.




Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту үшін шаттық шеңберіне тұрғызып, көңілді өлең жолдарын айтқызады.

Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң,

Қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.

(бір-бірімізге күн жылуын үрлеу)

Жұмбақ жасыру:

Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде екі сақалы бар.

(Ешкі қандай жануар? Ешкінің төлін не деп атаймыз? Ешкі бізге не береді? Балалар педагог сұрақтарына жауап беріп слайдтағы көрініс туралы пікірлеседі.


Shape1




Shape2

ЕШКІ





ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

Жаңа сабақ:
(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма: Педагог балаларға сөйлем оқып береді. Балалар мұқият тыңдап, педагог сұрағына жауап береді.

Ешкі лақтарын жақсы көреді. Оларға арнап қарбыз екті. Қарбызды құстар жарып кетеді. Ол шаршады.

Балалар неше сөйлем тыңдағандарын айтады. Педагог əр сөйлем сайын тоқтап оқиды. Соңғы сөйлемде неше сөз барын табады.

Балалар педагогтің ешкі туралы əңгімесін сурет бойынша толықтырып аяқтайды.

Балаларды шапалақ арқылы бағалау.

Ш дыбысына байланысты суреттердің айтылыммен, көрсетілімді бейнежазбадан көрсетеді.

Ш – қатаң дауыссыз дыбыс. Көк түсті дөңгелекпен белгілейміз.

Суреттегі шелек, шегелерді аттарымен атап, қандай дыбыспен басталып тұрғанын табады. Ш дыбысын айтады. Ерін аздап дөңгеленеді жəне жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді.

Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр?

2-тапсырма. Ешкінің еңбек құралдарын атап, сызбаның қай суреттің атауы екенін тап. Суреттегі заттарды атайды.

Тапсырманы тәрбешімен бірге орындайды. Бірінші суретте шеге суретін көрсетіп, буынға бөлу және балалармен бірге неше әріп бар екенін түсіндіру. Сонымен барлық суреттерге жекелеп тоқталып кету.

Тапсырманы слайдтан қарап салыстыру.

Балаларды смаликпен бағалау.

Музыкалық сергіту сәтін жүргізу.



3 тапсырма. Бейнежазбадан Ш дыбысының жазылуын көрсетіп, дәптермен жұмыс жүргізу.


Балаларды смаликпен бағалау.



4 тапсырма. Әр балаға қимақағаздардан сурет құрастыру. Шыққан суреттің атауынан Ш дыбысын тауып, астын сызу.





Балаларды бас бармақ тәсілімен бағалау.








Бірге айтып қосылады.









ЕШКІ









Shape3 Shape4 Shape5

Көңілдері көтеріліп, қимылданып билейді.


Ш дыбысының баспа түрін бастырып жазады.


Shape6 Shape7 Shape8

Shape9

АҒАШ т.б...

Shape10

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

28-30 мин.

Педагог оқу қызметін қорытындылайды. Балалардың белсенділігін талқылайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білімдеріне қарай смайликтер алады.

Shape11 Shape12 Shape13




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі