жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
С дыбысы мен әрпі
Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Ж.Тулегенова
|
Пәні: сауат ашу |
Сынып: 1 «Г» |
|||
|
Күні: |
Мұғалімі: Амандыкова А.Г. |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Сыныптан тыс уақытта. С дыбысы мен әрпі. |
|||
|
Оқу мақсаттары (ОМ) ұзақ мерзімді жопардан |
1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну |
|||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
|||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
С дыбысы мен әрпі. Сағат – часы – a cloak |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану , музыка, көркем еңбек |
|||
|
Ресурстар АКТ қолдану дағдылары |
Суреттеп, қима буындар, стикер, смаиликтер, әсем ғимараттар суреттері Аудиожазба , таныстырылым. |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Қазір сіздер сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінесіздер. 1 топ: саңырауқұлақ суретін құрастырады 2 топ: сауысқан суретін құрастырады 3 топ: сүргі суретін құрастырады 4 топ: сақина, сырға суретін құрастырады |
Шаттық шебері
Сурет қиындылары |
||
|
Сабақтың ортасы |
Кіріспе: Бір күні Сансызбай мен Сандуғаш сиқырлы « ғажайыпстанға» саяхатқа шығады. Сол ғажайыпстанның үлкен, әдемі көшелермен келе жатып тал түбінде өсіп тұрған өсімдікті көріпті. Үңіліп қараса, саңырауқұлақ екен. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға қарай жүріңкірегенде көше бойындағы әсем бақшаны көрікті етіп жатқан ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың сүргі деген құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып қалып еді, алдынан сылдырап су аға жөнелді. Ол Есіл өзені еді. Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина, сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға сол бойда су жағасынан бір ғажайып сандық ашыла кетті. Сақина мен сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен бір бүктелген қағаз алды. Оның сыртында мынандай жазу бар екен. Біреу мұны ай деді, біреу орақ деді. Мына заттардың атын қайта - қайта айта береді. Қандай дыбыс шықты? С С С. (Тауып алған қағаздың келесі бетінде «Бәйтеректің» суреті)
Міне, мынау С әрпі. С с дауыссыз дыбыс. Олар әлгі бүктелген қағазды жазып көріп еді, толған жазу екен. Мен оларға көмектесіп оқып берейін. Жеке сөздер оқылады, мағынасы түсіндіріледі. Сс әрпінің жазбаша түрі түсіндіріледі. Ауаға жазылады.
( қағаздың келесі
бетінде «Ақорданың» суреті)
Топпен жұмыс. Сызба бойынша сөйлем құрау.
С
Қызықты тапсырма (әр топқа бір сөзден беріледі) А)Сурет бойынша сөздерді дыбыстық талдау жасату (сырға, сақина, сағат,сөмке ). Талдау үлгісі: сырға – неше әріп?. Неше дыбыс?, неше даусты, дауыссыз дыбыстар? Неше буын? Топтық жұмыс. Суреттердегі зат атауларын көк, қызыл қақпақтар арқылы белгілеу «Отшашу» әдісі арқылы топтар бірін бірі бағалайды (қағаз бетінде «Хан шатырыдың» суреті )
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс Суреттер (саңырауқұлақ, сауысқан, сүргі, сақина, сырға, сандық, С әрпі жазылған парақ) Әуен ойнап тұрады. Бәйтерек
Ақорда
Ханшатыр
|
||
|
Сергіту сәті |
Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
||
|
Қызықты тапсырма |
№2 Оқылым. А) Сөздерді сағат тілі бойынша оқыту . СОЛ САНАТ СУ САУ САН АСАУ САНА СУАТ (Қағаз бетінде «Әуенді фонтандар бағы» суреті) Ә) Дәптермен жұмыс (Қағаз бетінде«Қазақстан картасы – «Атамекен» этно-мемориалдық кешені суреті) |
Түрлі тапсырмалар
Әуенді фонтандар бағы
Атамекен
|
||
|
Аяқталуы |
№4 Ойлан,тап. «Ребус»
Топтарды «Бағдаршам» әдісімен бағалау (қағаз бетінде «Қазақ елі» мемориалды кешені суреті) |
Оқулық,
Қазақ елі
|
||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Фотоколлаж құрастыру «Астана – асқақа армандар ордасы»
Әр тапсырманы орындай отырып, шыққан суреттерді жинақтайды. Барлық суреттер құрастырылып болған соң бұл көрікті жерлер – Астана – арман қаласына тиісті екенін біледі. Саяхатқа шыққан ғажайыпстан - Астана қаласы екенін оқушылар өздері табады. Бейнеролик көрсетіледі. Астана қаласының құрылғанына 20 жыл толғанын атап , қысқаша шолу жасап өтемін. Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
|
Смайликтер |
||
|
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Қалыптастырушы бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі |
Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік, АҚТ-мен байланыс, тәрбие құндылықтары |
|
|
|
Рефлексия |
Жауап жазылады |
|
||
|
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? |
Сабақтың мақсат мәндеттері орындалды. Оқушылар Сс дыбысы мен әрпі туралы мағлұмат алды, жазу үлгісін үйренді. Астана қаласының 20 жылдығы туралы, көрнекі жерлері туралы мағлұмат алды. |
|
||
|
Бүгін оқушылар не үйренді? |
|
|
||
|
Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? |
Оқушылар сабақта өздерін еркін ұстады, белсене қатысып отырды. Сұрақтарға жақсы жауап берді. |
|
||
|
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма?) |
Тапсырмалар оқушы деңгейіне, жас ерекшелігіне бейланысты алынды. Жоспарланған сабақ құрылымы |
|
||
|
Уақытты қалай пайдаландым? |
Сабақ құрылымы уақытқа сай аяқталды. |
|
||
|
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? |
Жоспарланған сабақ құрылымында өзгерістер болған жоқ |
|
||
|
Қорытынды бағалау |
|
|
||
|
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)
|
|
|||
|
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) 1:Ресурстар 2: Топтық жұмыстар |
|
|||












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген