жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"С дыбысы мен әрпі"
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: "Қатынас"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Сауат ашу"
Тақырыбы: "С дыбысы мен әрпі"
Мақсаты: «С» әрпімен таныстыру. «С» дыбысының айтылу ерекшелігін
өздеріне анықтату. Қосып оқуға үйрету, өткен дыбыстарды қайталата отырып,
ойлау қабілеттерін жетілдіру. Дыбыстық құрлымы әртүрлі үш және төрт
дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру. Қолды
жазуға дайындау және жинақылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: "С" дыбысының айтылу ерекшеліктерін;
Түсінеді: Дыбыстарды қосып оқуды және жазуды;
Қолданады:Дыбыстық құрлымы әртүрлі сөздерге дыбыстық талдау жасауды.
Қолданылатын көрнекіліктер: жұмыс дәптері,слайд, әр-түрлі суреттер,жазба
әріптер, ребустар және ойынға пайдаланатын әртүрлі заттар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар амандасады: Қайырлы таң! Добрый утро!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі көңіл -күйлерің қандай?
Балалар: Жақсы.
Балалар бәріміз шаттық шеңбер құрып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап
сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
-Балалар бір жылда неше ай бар?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыстың неше айы бар?
Қазір қыстың қандай айы?
Бір аптада неше күн бар?
Біз балабақшаға неше күн келеміз?
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ашық оқу қызметін бастамас бұрын, өткен
әріптерімізді қайталап жіберейік. Ендеше менімен бірге "Сөз ойла, тез ойла!"
ойынын ойнап жіберейік.
Балалар: Иә
Кубикті лақтыру арқылы өткен әріптерден сөз ойлап табу.
Тосын сәт. Есік қағылады. Хат тасушы келеді.
Хат тасушы: Бұл №24 балабақша "Қызғалдақ" тобы ма?
Тәрбиеші: Иә
Хат тасушы: Осы топқа сәлемдемем бар. Міне сәлемдемеңіз. Әріптер патша-
лығынан мына сандықты сіздерге алып келе жатырмын. Бірақ сандықты аша
алмадым. Сіздерден көмек сұрағалы келдім.
Тәрбиеші: Рахмет. Балалар, қараңыздаршы мынаның ішінде не бар екенін
білгілерің келе ме? Балалар бұл сандық жәй сандық емес секілді. Бұл "Сиқырлы
сандық" секілді, себебі қасында әдемі кілті және хаты бар екен. Алдымен мына
хатты ашып оқиық. Балалар бұл әдемі сиқырлы сандығымызды ашу үшін, мына
жұмбақты шешу керек екен. Осы жұмбақтың шешімін тапсақ, сиқырлы
сандығымыз ашылады.
Біз сандықты ашпас бұрын, алдымен хатты ашып оқиық. Бұнда бізге жұмбақтың
шешімін тауып, сосын сандықты ашыуын жазыпты.
Жұмбақ:
1.Затыңды аман сақтайды,
Ішіне адам батпайды. ( сандық)
Тәрбиеші: Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Ендеше сандықты ашып
қарайық.Сиқырлы сандығымыз ашылды.
(Осы кезде слайд қосылып сиқырлы музыкамен "С" дыбысы шығады)
Әріптер патшалығы бізге, "С" дыбысын жіберіпті.
Тәрбиеші: Бүгінгі біздің өтетін ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: "С"
дыбысы мен әрпі.
Бейнежазба: Сиқырлы әліппе ашылып, "С" дыбысынан басталатын сөздер
айтылады. "С" дыбысы жайлы түсінік беру. "С" дыбысының
айтылу артикуляциясымен таныстыру. Ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді.
Тіл тістерге тиіп, арасынан "с" дыбысы қысылып шығады.
-Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астына қойып "С"
дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге "С" дыбысын қайталап айтады.
-"С" дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды)
-Дауыссыз дыбысты қандай текшемен білгілейміз?
-Көк текшемен белгілейміз.
-"С" дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.
-Сағат,сәбіз, сырға, сақина, сабын,сағыз,сәукеле.
-Жарайсыңдар, енді сағат, сәбіз деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан,
неше дауысты дыбыстан тұрады.
Са-ғат-екі буыннан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Сә-біз-екі буыннан, екі
дауысты дыбыстан тұрады.
Тіл ұстарту жаттығулары:
Са-са-са-ұстап алдым маса.
Се-се-се-сынды неше кесе.
Ес-ес-ес-пышақпен нан кес.
(Осы кезде слайдпен тағы "С" дыбысымен толығырақ таныстыру)
Ойын: "Сиқырлы буын"
Ойын шарты: сөздің алғашқы буыны бар, екінші буынын суретке қарап тауып
айту.
Сергіту жаттығуы.
Қолым, қолым қалқамай,
Саусақтарым сендерше.
Жазу жазшы, жазу жазшы шаршамай,
Көркем сұлу әдемі,
Бес алайық аямай.
Балаларды дұрыс отырып еңсемізді көтеріп , иықты түзу ұстап отырып жазу
керектігін ескерту.
Дәптермен жұмыс: "С" әрпінің қалай жазылу элементін көрсету.????
1-ші : Сурет арқылы сызба жұмысын жасаймыз.
2-ші: Әріптер арқылы сөздер құрастырамыз.
3-ші: Әріптер арқылы суреттер жапсырамыз.
Ойын: "Дыбысты анықта"
Ойынның шарты: Балалар орындарынан тұрып, тәрбиеші "а"дыбысынан
басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал "с" дыбысынан
басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.
-Балалар, "С" дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу
қызметімізді қортындылап жіберейік.
Ойын: "Кім тез ойлайды?"
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала
"С" дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем
құрау. Ойынға шыққан бала сырғаны алып "Бұл сырға, сырға сөзі-с дыбысынан
басталады. Сырғаны анам тағады" деп сөйлем құрайды.
Ашық оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
1.Біздің күніміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде (қолдарын алға созады, саусақтарын күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты (қолдарын екі жаққа созады)
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Анықтама
Білім беру саласы: "Қатынас"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Сауат ашу"
Тақырыбы: "С дыбысы мен әрпі"
Мақсаты: «С» әрпімен таныстыру. «С» дыбысының айтылу ерекшелігін
өздеріне анықтату. Қосып оқуға үйрету, өткен дыбыстарды қайталата отырып,
ойлау қабілеттерін жетілдіру. Дыбыстық құрлымы әртүрлі үш және төрт
дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру. Қолды
жазуға дайындау және жинақылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: жұмыс дәптері,слайд, әр-түрлі суреттер,жазба
әріптер, ребустар және ойынға пайдаланатын әртүрлі заттар.
Өтілу барысы: Балалардың амандасуы мен шаттық шеңбер жасауы. Ұйымдас-
тырылған оқу қызметінен өткен әріптерді қайталау, ребус ойыны арқыл әріпке
сөз ойлап табу.
Ғажайып сәт: Хатшының әріптер патшалығынан келуі.Сиқырлы сандықты беруі,
сандықтың жұмбақ арқылы ашылуы. Сиқырлы сандықтан, сиқырлы әуенмен
әріптер патшалығынан "С" дыбысының ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне
сәйкес келуімен басталады. Жалпы "С" дыбысының айтылу артикуляциясымен
таныстыру. "С" дыбысынан келетін сөздерді балалардан сұрау. Са-ғат, сә-біз, сәу-
ке-ле сөздерінің неше дыбыстан, неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұра-
тынын анықтау.
Тіл ұстарту жаттығуы, ойын "Сиқырлы буын" және сергіту сәтімен басталып,
дәптерге "С" әрпін жазуы. "С" дыбысының жазылу элементін көрсетіп, партада
қалай отыру керектігі айтылады.
Үш топқа бөліну арқылы жұмыс жасалады.
1-ші: Сурет арқылы сызба жұмысын жасау.
2-ші: Әріптер арқылы сөздер құрастыру.
3-ші:Әріптер мен суреттерді сәйкестендіріп табу.
Ойын: "Кім тез ойлайды" әр-түрлі заттар арасынан "С" дыбысынан келетін
затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.
Ашық оқу қызметін қортындылау және жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Келген қонақтармен қоштасу. Мен өз мақсатыма жетіп, жетістікке қол жеткіздім.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген