400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ш дыбысы мен əрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:

Сауат ашу

Мектеп:

№123 «Самал» жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

Ш дыбысы мен əрпі

Күні:07.11.2018ж

Мұғалімнің аты –жөні:


Сынып: МАД « В»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2.Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну,

Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ш дыбысының орнын ажыратады.

Көпшілік тəрбиеленушілер: Сурет бойынша өз ойларын айтып, мазмұндайды. Ш дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ш дыбысының орнын ажыратады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Ш дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.


Тілдік мақсат:

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап бере отырып, Ш əрпімен танысады. Ш дыбысынан келетін сөздерді айтады, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шарбақ, пішенші, айыр.

Пікір алмасу сұрақтары. Сен неше сөйлем таныдың?

Соңғы сөйлемде неше сөз бар? Ешкі қарбызды не үшін екті? Ешкіге өзің қалай көмектесер едің?

Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр? Шарбақ сөзін буынға бөліп айт.

Қай суреттен артық зат қалды?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөйлем құрастыр. Сөздерді буынға бөл.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут


Мұғалім балалардың назарын оқу қызметіне тарту үшін шаттық шеңберіне тұрғызып, көңілді өлең жолдарын айтқызады.

Арайлап таң атты, Алтын сəуле таратты. Тəрбиелі баламыз, Амандасып аламыз.(Ұ)Педагог слайдтан бақташының суретін көрсетеді (слайдта ешкі бағып жүрген бақташы жүреді)

Балалар слайдтан не көріп тұрсыңдар? Ешкі қандай жануар?

Ешкінің төлін не деп атаймыз? Ешкі бізге не береді?

Балалар педагог сұрақтарына жауап беріп слайдтағы көрініс туралы пікірлеседі.


ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут









ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып

бойынша жұмыс. 6-27 минут


















(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Педагог балаларға сөйлем оқып береді.

Балалар мұқият тыңдап, педагог сұрағына жауап береді.

Ешкі лақтарын жақсы көреді. Оларға арнап қарбыз екті. Ол шаршады.

Балалар неше сөйлем тыңдағандарын айтады. Педагог əр сөйлем сайын тоқтап оқиды. Соңғы сөйлемде неше сөз барын табады. Балалар педагогтің ешкі туралы əңгімесін сурет бойынша толықтырып аяқтайды. Суреттегі шелек, шегелерді аттарымен атап, қандай дыбыспен басталып тұрғанын табады. Ш дыбысын айтады. Ерін аздап дөңгеленеді жəне жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Əңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап береді. Ешкі қарбызды не үшін екті? Ешкіге сен қалай көмектесер едің? Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр? Балаларға педагог шарбақтың суретін көрсетін түсінік береді. Шарбақ сөзін буынға бөледі. Шар-бақ 2-тапсырма. Ешкінің еңбек құралдарын атап, Ш дыбысын ізде. Сызбаның қай суреттің атауы екенін тап. Суреттегі заттарды атайды. Шелек, шар, тырнауыш, шеге.

Балалар сызбаны қызыл жəне көк дөңгелекпен белгілеп, қай суреттің атауы екенін табады.

Ш*Ш, Т*РНАУ*Ш

Ш – қатаң дауыссыз дыбыс. Көк түсті дөңгелекпен белгілейміз.

3-тапсырма. Ш əрпімен танысайық.Ш əрпі неге ұқсайды?

Аша сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Оның басының неге ұқсайтынын елестетеді. Ш əрпінің баспа түріне қарап бейнелейді.

(Ұ) Сергіту сəті.

4-тапсырма. Педагог балаларға шарбақтың, тарақтың суретінің Ш дыбысына ұқсайтынын салыстырып айтып көрсетеді.

Балалар тарақтың тістерін домалақтап Ш дыбысын бейнелейді.

Ешкінің он шарбағынан Ш дыбысының тістерін санап қоршап белгілейді. Ш дыбысының баспа түріне қарап белгілейді.Шарбақ пен тарақ тістерін Ш əрпіне ұқсатып қоршағанда қай суреттен артық тістер қалғанын айтады. Неге артық қалғанын түсіндіреді. Балалар жазу дəптеріне Ш əрпінің баспа түрін жазады.



IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог оқу қызметін қорытындылайды. Балалардың белсенділігін талқылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білімдеріне қарай смайликтер алады.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі