400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

С дыбысы мен əрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
С дыбысына сөз құрайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:

Сауат ашу

Мектеп:

№123 «Самал» жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

С дыбысы мен əрпі.

Күні:13.11.2018ж

Мұғалімнің аты –жөні:


Сынып: МАД « В»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.4.1. Сұраққа жауап бере отырып, диалогке қатысу 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: Сурет желісі бойынша сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды. С дыбысы – дауыссыз дыбыс, с дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Көпшілік тəрбиеленушілер: Сұраққа жауап беріп, суертті мазмұндайды.

С дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы с дыбысының орнын ажыратады

Кейбір тəрбиеленушілер: Суреттерден педагогтің сұрақтарына сəйкес жауаптарын анықтайды.С дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.


Тілдік мақсат:

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап бере отырып, əңгіме құрастырады. Сөйлем сызбасын салып, сөздердің санын анықтайды. Сөздерді буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды. Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Əжесінің кебісі, ванна, мəсі,

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Əжесінің кебісімен Самат неге солай ойнайды?

Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың?

Күн атауларының қайсысында С дыбысы естіледі?

Самат келесі жылы мектепке баратын болса, ол неше жаста?

Қай сан атауында С əрпі бар?

Өткен ҰОҚ алған білім

Сөйлем құрастыр. Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді?


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут


Педагог балалардың оқу қызметіне ынтасын тарту мақсатында шаттық шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын қимылмен айтқызады.

Қайырлы таң, балалар! Арайлап таң атты. Алтын сəуле таратты, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң, достарым!

(Ұ,Ө) Педагог балаларға күннің суретін көрсетеді.

– Күн бізге не шашып тұр?

– Күн бізге сəулесін шашып тұр.

Балалар «күн сəулесінен жылу тарайды» деген сияқты өз ойларын ортаға салады.

Педагог балаларға күн батқан соң аспандай пайда болатын ай туралы əңгімелейді.


ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут









ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып

бойынша жұмыс. 6-27 минут


















(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма.

– Суреттен не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Сурет бойынша балалар «Менің отбасымның бір күні» тақырыбында əңгіме құрайды.

Отбасындағы кішкентай баланың аты – Самат. Ол əжесіне еркелейді. Əжесінің мəсісін қайық жасап ойнады. Əжесі мəсісін іздеді. Саматтан сұрады. Самат көрмегенін айтты. Əжесі өзінің мəсісі суда қайық болып қалқып жүргенін көрді.

Педагог балаларға кебіс, мəсі сөздерінің мағынасын түсіндіреді. «Саматтың осы қылығы дұрыс па?» деген сұрақ қойып, балалардың пікірлерін тыңдайды.

2-тапсырма.

– Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың? (Балалар апта күндерін бояйды).

Балалар апта күндерін атауларымен атап, санап шығады.

– Біз балабақшаға келетін күндерімізді атаңдаршы?

– Аптасына неше күн балабақшаға келеміз?

Педагогтің сұрақтарына балалар жауап береді.

– Дүйсенбі, сейсенбі, сəрсенбі, бейсенбі, сенбі жексенбі.

Апта күндерінде тек жұма сөзінде с дыбысы естілмейтінін табады.

– Самат келесі жылы мектепке баратын болса, ол неше жаста?

Педагогпен бірге балалар мектепке баланың неше жастан келетіні туралы əңгімелейді.

С-дыбысы дауыссыз дыбыс, Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады жəне Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады.

(Ұ) Сергіту сəті.

3-тапсырма

С əрпімен таныс болайық.

Педагог М. Əлімбаевтің өлеңін оқып береді. Балалар өлеңді не туралы екенін мазмұндайды.

Суреттегі айдың, орақтың суретіне қарап С əрпінің бейнесіне ұқсайтынын айтады.

Балалар С əрпіне ұқсайтын тағы басқа бейнелерді табады.

4-тапсырма

Сынған сағатты жөндейміз.

Суреттегі сағаттың қандай сандары жетіспейтінін анықтайды. 1, 2, 3, 6 цифрларынан басқа сандарды атайды. 8 санының неден тізілгенін айтады.

Қандай сандарда С əрпі естілетінін анықтайды.

Сегіз, бес сандарын атайды.

С əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылауы бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Өз білімдерін смайликтер арқылы бағалайды.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі