Материалдар / «С дыбысымен орманға саяхат»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«С дыбысымен орманға саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
«С» дыбысын ойыны арқылы сөзде анық, дұрыс айтуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2023
269
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «С дыбысымен сиқырлы орманға саяхат»

Кезең: сөзде машықтандыру кезеңі

Мақсаты: «С» дыбысын ойыны арқылы сөзде анық, дұрыс айтуға

үйрету.

Түзете-дамытушылық: Балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға, өзін-өзі баға дұрыс беруге және өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Айна, салфетка, стакан, түтікше,суреттер.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.


Іс-әрекет кезеңі

Логопедтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең












Ізденуші-ұйымдастырушы кезең


- Сәлеметсіңдер ме?

- Көңіл-күйлерін қалай?

- Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге көп қонақтар келіпті. - Олар сендердің дыбыстарды қалай айтатындарыңды тыңдауға келіп отыр екен.

- Ендеше, оқу іс-әрекетімізге жақсы қатысып, дыбыстарды қалай айтатынымызды көрсетейік.

- Балалар қарандаршы, мынау не?

-дұрыс бұл Сандық.

- Сандықтың ішінде шар және орманға саяхатқа жолдама бар

-Шардың түсі қандай?

- Дұрыс Сары

-Сары деген сөздің бірінші Әрпі қандай?

Дұрыс С дыбысы.

-бәріміз бірге айтайықшы?

- Сәлеметсіздер ме?

- Жақсы
































































































































Рефлексивті коррекциялаушы кезең








- Жарайсыңдар, балалар!

- Бүгін біз «С» дыбысын дұрыс, әдемі айтып үйренеміз.

- Алдымыздағы айнаға қарап «с» дыбысын айтайықшы?

-«С» дыбысын айтқан кезде ерініміз, тіліміз, тісіміз қандай қалыпта болады екен?

- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар «с» дыбысы созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады.

- «С» дыбысы дауыссыз дыбыс, оны көк текшемен белгілейміз.

- «С» дыбысы неге ұқсайды?

- Жарайсыңдар!

Артикуляциялық жаттығулар жасау.

- Балалар айнаға қарап жаттығуларды орындайды.

1.Бақа сияқты күлеміз.

2.Пілдің тұмсығындай ерінімізді алға қарай созамыз.

3.Тәтті тосап

4.Тісімізді тазалайық

5. Санырауқұлақ

6. Ат


- Балалар сиқырлы орманға «С» дыбысымен бірге серуенге шығайық!

1 тапсырма- Балалар орманда бір дыбыс естілетін сияқты?

- Нені дыбысы екен жақындап көрейікші?

- Балалар бұл ағып жатқан судың дауысы

-Тыныс алу жаттығуы біз мына тапсырманы орындайық

1-тапсырма: Ыдыстағы суды мұрын арқылы тыныс алып, демді түтікшені үрлеу арқылы шығару.

Қажетті заттар:стаканға құйылған су, түтікше

- Балалар, біз суды үрлеу арқылы тынысымызды жақсартып, серігіп алдық.

- серуенімізді жалғастырайық.

- Жолбарыс қандай жануар?

- Жолбарыстан «с» дыбысын аман-есен құтылу үшін мына тапсырма орындайық?

2-тапсырма:

Шарты: Балалар мына ғажайып қорапшада суреттер жатыр. Ал, қандай суреттер екенін қазір білесіңдер. Мен сендерді кезекпен шақырамын. Сендер қорапшадан бір суретті қолдарыңа алып, атын атап, буынға бөліп, “с” дыбысы сөздің (басында, ортасында, аяғында) тұрғандығын тауып айтулары керек.

Қажетті заттар:суреттер

- Жарайсыңдар, балалар!

- «С» дыбысымен гүлдер бағына келіп қалыппыз!

- Балалар гүлдер қандай әдемі, иісі қандай тамаша!

- Балалар, мынау қандай гүлдер?

- түсі қандай?


- Жапырақтарының түсі қандай?

- Енді, осы «С» дыбысына гүлдерді жинауға көмектесейік!

- Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек?

3-тапсырма:Балалар бірге логоритмикалық жаттығу жасаймыз


- Жарайсыңдар!

5-тапсырма: Жұмбақтың шешімін дұрыс тапсақ «с» дыбысына тасты жолдан алуға көмектесеміз.

Сырт-сырт соғады,

Уақыт озады.

(Сағат)

Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар.

(Сәбіз)

Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.

(Су)

- Жарайсыңдар «с» дыбысына тасты алуға көмектестік.

- «С» дыбысымен қоштасып, үйіне кіргізіп салайық!

- Балалар мені ұмытпаңдар, сау болыңдар!

1. ойын


- Осымен «сиқырлы орманға» серуеніміз аяқталды!


- Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен орманға серуенге шықтық?

- «С» дыбысы орманда қандай кедергілерге жолықты?

- балалар


- Жарайсыңдар балалар! Осымен біздің ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

- Бүгін сендер оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар!

- Сау болыңдар!




- с-с-с-с-с

- ерніміз күледі, тіcіміз сәл ашық, тіліміздің ұшы астыңғы тіске келіп тіреледі






- әжеміздің білезігіне,

- атамыздың орағына ұқсайды.




- балалар жаттығуды айнаға қарап жасайды












- судың дыбысы




- бұлақ
















- жолбарыс

- жабайы жануар

















- сарғалдақ

- сары


- жасыл









- тас

- с дыбысы сөздің соңында келіп тұр




- сағат




- сәбіз



- су



- Сау бол «с» дыбысы, біз сені ұмытпаймыз!







-С дыбысымен


- ағып жатқан су, жолбарыс, сарғалдақ гүлдеріне, тасқа жолықтық







- Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Не білді: артикуляциялық, тыныс алу жаттығуларын орындай білуді;

Не үйренді: «с» дыбысын сөзде дұрыс айтуды үйренді;

мозайка және дәндер арқылы «с» әрпін құрастырып үйренді;


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!