Тақырып: Ш дыбысы.
Мақсаты: Ш дыбысымен танысу. Ш дыбысын
буында, сөзде, сөйлемде дұрыс, анық, айтуға үйрету. Буындық және
дыбыстық-әріптік талдау дағдыларын дамыту.
Көрнекіліктер: қуыршақ, тышқандар,
карточкалар, ойыншықтар.
Сабақтың өту барысы:
- Дем алу
жаттығулары.
- Балалар бүгін бізге Айша
есімді қуыршақ қонаққа келді.
- Балалар Ш дыбысы бар қандай
есмідерді білесіндер? ( шолпан, раушан, шынар, шырын, шыңғыс
т.б.)
- «Айша» барлық әріптерді
біледі және дұрыс айта алады екен, бірақ та Ш дыбысын дұрыс айта
алмайды екен. Біз бүгін оған осы дыбысты дұрыс айтуға көмектесуге
қалай қарайсыңдар, балалар?!
- Осы дыбысты айтқанда біздің
ерініміз қандай күйде болады? Кәне «Ш» дыбысын айтып көрейікші,
қандай екен. (Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді). Ал
тіліміз қайда орналасады? (Үстінгі тістердің артында) Тіліміз
жалпақ па? Жіңішке ме? (Жалпақ, кесе сияқты). Ш дыбысы дауыстыма,
дауыссыз ба? (Дауыссыз). Ш дыбысын қандай түспен белгілейді?
(Көк).
- Енді «Дыбысты ұста» ойынын
ойнайық.
Мен сендерге допты дыбыс
түрінде лақтырамын, ал сендер буын түрінде
қайтарасындар.
Ш, А – ША А, Ш –
АШ
Ш, О – ШО О, Ш –
ОШ
Ш, У - ШУ У, Ш –
УШ
-Енді Айшамен бірге саусақ
жаттығуын жасайық.
- Ал енді Айшаға «Ш» дыбысын
машықтандыру үшін біз білетін сөз ұйқастарын айтып
берейік.
Ша-ша-ша
Балалық шақ тамаша
Шу-шу-шу
Әжем шашты шашу
Шы-шы-шы
Қойды бақты қойшы
Аш-аш-аш
Қарағай, шырша ағаш
Ше-ше-ше
Біздің апай ерекше.
- Балалар Айшаға сыйлық таңдап
көрейікші. Бірақ сыйлықтардың атауларында «Ш» дыбысы болуы керек.
(тышқан)
Кәне балалар келген қонағымыз
Айша шаршаған сияқты. Сондықтан орнымыздан тұрып біраз дем
алайық.
Сергіту
сәті
«Ұшты-ұшты»
ойыны
Ұшты, ұшты тұлпар ұшты.
Ұшты, ұшты қаз ұшты.
Ұшты, ұшты үйрек ұшты.
Ұшты, ұшты қой ұшты.
Ұшты, ұшты ұшақ ұшты.
Ұшты, ұшты кесе ұшты.
- Айшада жақсы көретін заттары
бар, оны тақтадан көруге болады. Айшаға заттар атауларының қай
жерінде Ш дыбысы тұрғанын анықтауға көмектесейік. Шапан, шұлық,
кеудеше, ішік.
- Енді Айшаны Ш дыбысымен
таныстырайық, ол неге ұқсайды? (Тараққа, айырға). Оны таяқшалармен
немесе жарма үстінде салуға болады. Ш әріпінен қандай әріптерді
құрастыруға болады? (П, Г).
- Бізге Айша Англияның
балаларынан хат алып келіпті. Біз Ш-ның пайда болуы туралы ертегі
құрастыру керекпіз.
«Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні
бөртеде. П әрпі орман ішінде серуіндеп жүріпті. Жолдың бойында ол
таяқшаны тауып алды да, онымен ойна бастады. Таяқшаны айналдырып,
айналдырып, өзін сиқыршы ретінде елестеді. Ауада таяқшаны сілкіп, Ш
дыбысына айналып кетті. Бірақ, әріптің сипаты өзгеріп кетіпті. Ол
шулы дыбыс болып кетіпті. Сонда да басқа әріптер оны жақсы көре
беріпті».
Қорытынды: балалар бізге қонаққа бүгін
кім келді? Біз оны қандай әріппен таныстырдық? Осы әріпті
айтындаршы? Ол әріпке сипаттама беріндерші.