Сабақ
жоспары
Пәні: Логопедия
Пән
мұғалімі:
Сабақтың
тақырыбы: «С» дыбысын дұрыс айтуға
үйрету.
Мақсаты:
-
«С» дыбысының артикуляциясын
түсіндіру, тыныс шығару жаттығуларын дұрыс орындау.Сурет арқылы
ажырату, есте сақтау қабілетін дамыту.
-
Танымдық белсенділігін
арттыру, ой-өрісін дамыту. Әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында
сөздік қорын дамыту.
-
Оқушыларды
тиянақтылыққа,адамгершілікке, тазалыққы
тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
1.
Кіріспе
Сәлемдесу тренингі /Жылулық
шеңбері/
2. Өткенді
қайталау
Үй жұмысын
тексеру
ІІ. Емдік
уқалау
Бет бұлшық еттерін босаңсытып,
ауыз қуысына арналған емдік уқалауды жасап, тілдің қимыл-қозғалысын
жақсарту.
ІІІ. Тыныспен
жұмыс
«Түтікше», «күрекше», (шар
үрлеу, сыбызғы ойыншықтарын үрлеу)
Мұрынмен терең дем алып,
ауыздан дем шығару.
Ауызбен терең дем алып,
мұрыннан дем шығару.
ІV. Артикуляциялық
жаттығулар (тапсырманың бағалануы)
Айна алдында мимикалық,
ерінге, тілге арналған жатығулар жасау. «Барабан», «ат шауып
келеді», «тіс тазалау», «футбол», «тәтті тосап», «грибок-гормошка»,
«заборчик-трубочка», «алтыбақан», «жылан», «блинчики», «тарақ»,
«шар», «тостағанша», «сылақшы», «маса», «сағат
тілі».
V. «С» дыбысының
артикуляциясын түсіндіру.
-
Ерін жымиып
тұрады.
-
Тістердің арасы шамамен 1 мм
ашық.
-
Тілдің ұшы төменгі тістерге
тіреліп тұрады.
-
Тілдің ортасы көтеріңкі,
ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы
жүреді.
-
Жұмсақ таңдай көтеріліп,
мұрынға азу тістерге тиіп тұрады.
VI. «С» дыбысын дұрыс айтып
дағдыландыруға арналған жаттығулар.
А) Пойыз жүргелі тұр. Паровоз
ысылдап, бу шығарады с-с-с
Ә) «Дөңгелек жарылды». Самат
велосипедпен қатты келе жатыр еді. Кенеттен дөңгелегіне шеге кіріп
кетіп, жарылып қалды. Қандай дыбыс шығарады?
С-с-с!
Б) «Жыланның ысылы». Балалар
орман ішінде келе жатыр еді. Алдарынан жылан шыға келді де қатты
ысылдады. Олар қорқып тоқтай қалды. Жылан қалай ысылдады?
С-с-с!
В) «Ысқырғыш шәйнек» . Әжем
базардан жаңа шәйнек сатып алды. Ол шәйнек ішінде су қайнаған кезде
қатты ысқырады. Қалай ысқырады? С-с-с!
Г) «Милиционер». Балалар
көшеден өтіп бара жатыр еді. Бір кезде милионер ысқырып, оларды
тоқтатты. Қараса,бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр екен. Милиционер
қалай ысқырды? С-с-с!
VII. Тілге жаттығуы. «Мен
бастайын,сен аяқта» ойыны.
Мұғалім Оқушы
Мұғалім
Ба с
Бас
Қы с
қыс
Та с
тас
Туы с
туыс
Құ с
құс
Қамы с
қамыс
Алғы с
алғыс
Баты с
батыс
VIII. «С» дыбысын сөзде
айтуға дағдыландыру.
Сөзді дұрыс оқы және
айт.
Сақа
Санамақ
Сана
Сағым
Сабақ
Сарымсақ
Сандық
Сапар
Саусақ
Сары
Сайрады
Сая
Салтанат
Сақал
ІХ.Сабақты
қорыту.
Бүгін сабақта қандай дыбысты
айтып үйрендік?
Үйге
тапсырма: айна алдында артикуляциялық
жаттығуын жасау, «С» дыбысын буында,сөзде дұрыс, анық айтып
үйрену.