400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"С" дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
логопедтерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «С» дыбысын қою

Білімділік мақсаты: «С» дыбысының артикуляциясын түсіндіру, тыныс шығару жаттығуларын дұрыс орындау. Сурет арқылы ажырату, есте сақтау қабілетін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: Танымдық белсенділігін арттыру, ой өрісін дамыту. Әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тиянақтылыққа, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе сөздер, суреттер. С дыбысы.

Әдіс тәсілі: Сұрақ жауап арқылы түсіндіру.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Амандасу. Сәлеметсің бе?

Оқушы: Сәлеметсіз бе!

Мұғалім: Қазір жылдың қай мезгілі?

Оқушы: Қазір күз мезгілі.

Мұғалім: Бүгін аптаның қай күні?

Оқушы: Сәрсенбі, үшінші күн.

Мұғалім: Бүгін нешесі?

Оқушы: Қыркүйектің он сегізі.

Мұғалім: Бүгін сабақта не істейміз?

Оқушы: Тыңдаймыз, оқимыз, сөйлейміз.

«С» дыбысының артикуляциясын түсіндіру.

  • Ерін жымиып тұрады.

  • Тістердің арасы шамамен 1мм ашық.

  • Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады.

  • Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді.

  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға азу тістерге тиіп тұрады.

«С» дыбысын дұрыс айтып дағдыландыруға арналған жаттығулар.

А) пойыз жүргелі тұр. Паровоз ысылдап, бу шығарады с-с-с.

Ә) «Дөңгелек жарылды». Самат велосипедпен қатты келе жатыр еді. Кенеттен дөңгелегіне шеге кіріп кетіп, жарлып қалды. Қандай дыбыс шығарады? С-с-с!

Б) «Жыланның ысылы». Балалар орман ішінде келе жатыр еді. Алдарынан жылан шыға келді де қатты ысылдады. Олар қорқып тоқтай қалды. Жылан қалай ысылдады? С-с-с!

В) «Ысқырғыш шәйнек». Әжем базардан жаңа шәйнек сатып алды. Ол шәйнек ішінде су қайнаған кезде қатты ысқырады. Қалай ысқырады? С-с-с!

Г) «Милиционер». Балалар көшеден өтіп бара жатыр еді. Бір кезде милиционер ысқырып, оларды тоқтатты. Қараса, бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр екен. Милиционер қалай ысқырды? С-с-с!

Тілге жаттығу. «Мен бастайын, сен аяқта» ойыны.

Ба с

Қы с

Та с

Туы с

Құ с

Алғы с

Баты с

Қамы с

«С» дыбысын сөзде айтуға дағдыландыру.

Сөзді дұрыс оқы және айт: Сақа, сана, сабақ, сандық, саусақ, сайрады, салтанат, сақал, сая, сары, сапар, сарымсақ, сағым, санамақ.

Сабақты қорыту.

Бүгін сабақта қандай дыбысты айтып үйрендік?

«С» дыбысын.

Оқушыны бағалау, мадақтау.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
1799
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі