«Солтүстік
Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы
әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Уәлиханов
ауданының психологиялық- педагогикалық
түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тақырып:
«Ш» дыбысын қою
Дайындаған:
педагог- дефектолог
Утебаева
Айгуль Сапаргалиевна
Кішкенекөл
2020
Тақырып:
«Ш» дыбысын қою.
Мақсат:
[Ш] дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету.
[Ш]
дыбысының артикуляциялық позициясын
көрсетуге үйрету.
[Ш]
дыбысын дұрыс шығаруға көмектесу,
үйрету.
Дем
алу гимнастика жаттығулары арқылы ауыз
қуысын [Ш] дыбысының артикуляциясын
дайындау.
Жаңа
сөздер: Ағаш, шырша, алаша.
Көрнекіліктер:
орман суреті, жапырақтар (табиғи
материалдар), желдің үрлеу суреті,
артикуляциялық жаттығулар (тіл,тіс
суреттері).
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
1)
амандасу
-
Сәлеметсіздер ме, балалар!
2)
сабаққа дайындалу кезеңі.
Логопед
:- Мен шықтым орманға,
-Тауып
алдым тұқымды ,
-Жерге
отырғыздым,
-Тұқымға
су құйдым.
(балаларды
бір-бірден залдың ортасына отырғызады)
2.Жалпы
моторика және қол моторикасын дамытуға
арналған жаттығулар.
1)
Күн шықты, жерді жылытты
2)
Ағаш өседі -балалар ақырындап тұрады
3)
Жел ағашты тербетеді. –қолдарды
тербетеміз
4)
Ағаштың тамыры мықты, -аяқ басынан өкшеге
дейін дөңгелету
5)
Бұтақтары күнге тартылады -қолымызды
жоғарыға көтереміз
6)
Бұтақтарда жапырақ көп -саусақты сілкеміз
7)
Орманда ағаш көп -жан-жақты көрсетеміз.
Жаңа
сабақ:
ОРМАН
-Кәне
балалар суретке қарайық! (орман суреті)
-Орманда
нелер тұрады? (түлкі, аю, торғай, үкі)
-Орманда
не өседі? (Ағаш, ағаштар,саңырауқұлақтар)
-Қандай
ағаштар өседі?(Шырша, қайың, )
-Шырша
қайда?
-Шыршаның
түсі қандай?(жасыл)
-
Жапырақтардың түсі қандай? (сары) –табиғи
материалдар (сарғайған жапырақтар)
-Жапырақтар
неге сары? (Өйткені күз келді)
«Күз»
туралы тақпақ тыңдайық!
Күз
келді,
Жапырақ
сарғайды,
Жаңбыр
жауады,
Қатты
жел соғады!!!
3.
Демалу гимнастика жаттығулары. (желдің
үрлеу суреті)
«Қатты
жел».
-Жел
қалай соғады? (Терең дем аламыз, шығарғанда
үстел үстіндегі жапыраққа үрлейміз.
Жапырақ арқарай ұшу керек).
-Орманда
қатты жел соқты. Ағаштардың басы қозғалды
(балалар
қолдарды
жоғары көтеріп тербетеді: ш-ш-ш).
-Алдымен
дұрыстап [Ш] дыбысын қайталайық.
Артикуляциялық
жаттығулар. (Тіл,тіс суреттері)
Айнамен
жұмыс.
«Мықты
тіс»- тістерімізді көрсетеміз.
«Тіс
тазалау»- тілдің ұшымен, жоғарғы және
астыңғы тістердің үстімен жүргізу.
Дыбысты
қою және әріппен салыстыру (артикуляциялық
профилін түсіндіру):
-
[Ш] дыбысын дұрыс айтайық!
[Ш]
дыбысы-дауыссыз дыбыс. Аузымызда кедергі
кездеседі.
[Ш]
дыбысының артикуляциясы.
Тілдің
ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі,
бірақ таңдайға тимейді, бүйірлері жоғары
азуларға тиеді. Ерін аздап дөңгеленіп,
алға қарай шығынқы келеді. Тістер не
қысылған, не жақындаған кезде арасында
1-2 мм санылау қалады тыныс тілдің арасынан
бір қалыпты шығады: алақанды ауызға
жақындатқанда жылы дем сезіледі.
(Балаларға
[Ш] дыбысын артикуляциясын көрсетіп,
логопедпен бірге қайталайды)
Сергіту
сәті. «Ұшты-ұшты»ойыны.
Балалар
ұшатын затты естісе қол көтереді,
ұшпайтын затты естігенді қолды көтермейді)
Ұшты-ұшты
тұлпар ұшты
Ұшты-ұшты
қаз ұшты
Ұшты-ұшты
үйрек ұшты
Ұшты-ұшты
бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты
ұшақ ұшты
Ұшты-ұшты
арба ұшты
7.
[Ш] дыбысын автоматизациялау.
-Енді
кәне ұйқас тақпақ жаттайық!
Ұйқас
жаттау. «Алаша».
Ша,
ша, ша
Жерде
жатыр алаша
Ша,
ша, ша
Алашамыз
тамаша
Шық,
шық, шық...
Төрге
шық!
Іш,
іш, іш...
Сусын
іш!
Қорытынды:
-Балалар
біз бүгін сабақта не істедік? (сурет
қарадық, жаттығу істедік)
-Қандай
дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?( [Ш]
дыбысы)
-
Жақсы балалар!
Балаларды
бағалау.