Сабақтың
тақырыбы: «С» дыбысын қою
кезеңі
Сабақтың мақсаты:
«С» дыбысының артикуляциясының
дұрыс
қалпын бекіту,фонематикалық
есту қабілетін
дамыта отырып,ұсақ моторикасын
жетілдіру.
Түзету
мақсаты:Дыбыстарды анық айтуға
дағдыландыру,сөйлеу
кезіндегі дұрыс тыныс алуын
қалыптастыру.
Көрнекілігі: Айна,құты,шар,мысықтың
суреті,жалауша,суреттер,
сіріңке
қорапшалары,
Сабақ
барысы:
I Ұйымдастыру
кезеңі.
- Балалармен
амандасу.
- Назарларын сабаққа
аудару.
- Біз
қандаймыз?
- Шұғылалы
таңдаймыз,
- Күлімдеген
күндейміз.
- Ережені
ұмытпай,
- Бәріміз дұрыс
сөйлейміз.
ІІ Тыныс алу
жаттығулары:
- Мысық далаға серуенге
шығады.
- Самал жел соғып тұр.(тілді
төменгі ерінге қойып,оның ұшын үрлеу,ауызға алақанды жақындатып
«салқын желді» сезу)
- Бір кезде дауыл соғып
кетті.(ауызы жіңішке құтыны алып,үрлеп тұрып
у-у-у-у дыбысын ұзақ
айту)
- Мысық шардың желін
шығарды: с-с-с-с-с-с.
- Кел,бәріміз бірге
дыбыстайық: с-с-с-с-с-с.
III Жаңа
сабақ
«С» дыбысының
артикуляциясы:
-еріндер күлгендегідей сәл
керіледі;
-тістер қысылған немесе
жақындасқан қалыпта болады;
-тіл ұшы төменгі қызыл иекке
тіреледі;
-ортасы
дөңестеледі;
-бүйір шеттері жоғарғы
азуларға,таңдайдың бүйір жақтауларына
жабысады.
«С» дыбысына
сипаттама:
-дауыссыз
дыбыс;
-буында,сөзде,сөз
тіркесінде,сөйлемде кездеседі;
-сөздің
басында,ортасында,соңында кездеседі;
«Әнші дыбыстар»
ойыны.
А,Ә,О,И,С әндетіп
айту.
1-тапсырма. «Ойлан
тап»
Шарты:Бірнеше сөздер қатары
айтылады,сол сөздердің ішінен «с» дыбысы бар сөздерді естігенде
балалар қолдарындағы жалаушаларды
көтереді.(су,машина,телефон,сағат,сәбіз,шана,доп,сақина,қуыршақ,сегіз,сағыз,сандық,сырға,себет,қала,кітап,дүкен,сабақ,бала,салқын)
2-тапсырма. «Сенде ненің
суреті?»
Шарты:Балалар бір-біріне сұрақ қою
арқылы қолдарындағы жасырынған суреттер туралы сипаттама
береді.
IV
Логоритмика
Са-са-са ұшып келді
маса
Си-си-си мына шоколад
мерси
Су-су-су таза,мөлдір
су
Се-се-се әдемі
кесе
3-тапсырма. «Орналастырып
сипаттау»
Шарты:Берілген
суреттерді атап,тақтаға
орналастырып, с
дыбысына қатысты сипаттама
беру.(сөздегі орынын анықтау,буынға бөлу,сөйлем
құрау)
4-тапсырма. «Сиқырлы
дыбыстар»
Шарты:Суреттер берілген,сол
суреттердің атауларын атап,сіріңке қорапшаларынан жасалған дауыссыз
және дауысты дыбыстардан сурет атауын құрап
шығару.
V.Қорытынды.
Бүгінгі сабаққа жақсы
қатыстыңыздар.
Сабақ аяқталды,сау
болыңдар!