400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

С дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
с дыбысын қалай қою керектігі туралы сабақ жоспары логопедтерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖЕКЕ АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: «C» дыбысын қою.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: «C» дыбысы мен әрпін меңгерту, әріпте анық айтуын қою. Фонематикалық қабылдауын ,ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. «С» дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.

Түзетушілік: Оқушының есте сақтауын, фонематикалық есту қабілетін, сөйлеуін, сөздік қорын дамыту. Жаңа сөздерді үйрете отырып, дыбыстық және буындық талдау жасауды дамыту.

Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: гүл – макеттері, айна

Тыныс алу жаттығуларына арналған заттар: зырылдауық, қағазға үрлеу, көпіршік үрлеу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсің бе!

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгінгі сенің көңіл-күйің қалай?

- Бүгін қандай күн?

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау:

- Өткен сабақта қандай дыбыспен жұмыс жасадық еске түсірейікші?

-Иә, өте дұрыс жарайсың!


ІІІ. Жаңа тақырыппен таныстыру:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «C» дыбысын қою.


1.Артикуляциялық жаттығулар

«Жымию», «Түтікше»,«Тіс тазалау», «Жылан».


2.Тыныс алу жаттығуы

Ғаламшарларға кезекпен үрлейміз.

  • Жай

  • Қатты

  • Жай

  • қатты


IV. Негізгі бөлім:

С дыбысына мінездеме.

С- дауыссыз дыбыс.

-Қатаң, тіл ортасы, көк түспен айқындайды.

«С» дыбысының артикуляциясын түсіндіру.

  • Ерін жымиып тұрады.

  • Тістердің арасы шамамен 1мм ашық.

  • Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады.

  • Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді.

  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға азу тістерге тиіп тұрады.

«С» дыбысын дұрыс айтып дағдыландыруға арналған жаттығулар.

А) пойыз жүргелі тұр. Паровоз ысылдап, бу шығарады с-с-с.

Ә) «Дөңгелек жарылды». Самат велосипедпен қатты келе жатыр еді. Кенеттен дөңгелегіне шеге кіріп кетіп, жарлып қалды. Қандай дыбыс шығарады? С-с-с!

Б) «Жыланның ысылы». Балалар орман ішінде келе жатыр еді. Алдарынан жылан шыға келді де қатты ысылдады. Олар қорқып тоқтай қалды. Жылан қалай ысылдады? С-с-с!


V. Логоритмика

Са-са-са ұшып келді маса

Си-си-си мына шоколад мерси

Су-су-су таза, мөлдір су

Се-се-се әдемі кесе


VI. Қол саусақтарына арналған жаттығулар. (Қоян: -Чук! Чук! Чук! ) (музыка)
«Көзілдірік»,

«Қайшы»,

«Қоян»,

«Сақина».


Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай- ақ.


VIІ. «С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Ма..... са 
Ала....
са 
Бол....са 
тол..... са
айт..... са
қайт.... с
а


VIІІ. Қорытынды:

-Саған бүгінгі сабақ ұнады ма?

Алижан біз бүгін сабақта не істедік?

-Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?

-Сонымен «С» дыбысы қандай дыбыс? (Дауыссыз, қатаң, тіл ортасы)

- Жақсы , дұрыс айтасың!


ІХ. Үйге тапсырма.

  • «С» дыбысына байланысты 10 сөз тауып кел.

Сабақ аяқталды, сау бол!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі