400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

С дыбысын сөзде дағдыландыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ С дыбысын сөзде сөйлемде дұрыс аның айтуға машықтандыру баланың дұрыс сөйлеуін дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Түлкібас ауданы И.Рыбалко атындағы ЖОМ Логопед-дефектолог маманы Нышанбек Сәния Болатқызы

Ашық сабақ «С» дыбысын сөзде дағдыландыру

Сабақтың тақырыбы : «С» дыбысын сөзде дағдыландыру Сабақтың мақсаты : Білімділік мақсаты : «С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Түзетушілік-дамытушылық мақсаты: Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын дамыту. Артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы артикуляциялық жүйесін дамыту. Ермексазбен допты мүсіндеу арқылы ұсақ саусақ моторикасын дамыту. Тәрбиелік мақсаты : Тазалыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу. Көрнекіліктер : Айна, ермексаз, суреттер, «С» дыбысының баспа түрі.

Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдерме, балалар? Бүгін бізге қонаққа апайлар келді. Апайлармен амандасайық. Балалар бүгін апайлар сендердің білімдеріңді көргелі келді. Баланы сабаққа дайындау. Мен күнде жаттығамын. Мен сабақта өзімді сенімді ұстаймын . Мен еркін және батыл сөйлей аламын. Дайындық кезеңі. 1. Ұсақ сусақ моторикасын дамыту. Ермексазбен жұмыс. Ермексазбен жыланды мүсіндеу ( оқушыларға ермексазбен жыланды мүсіндеуді үйрету. Балалар жылан қалай ысылдайды «СССССС») 2. Артикуляциялық жаттығулар.







Артикуляциялық жаттығулар «КҮРЕКШЕ» - жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. 6-7рет қайталау. «САҒАТ» - Күлімсіреу, ауызды ашу тілді ауыз қуысынан шығарып, тілдің ұшын (сағаттыңтілі сияқты) ауыздың бір бұрышынан екінші бұрышына апару. 5рет қайта

«ТӘТТІ ТОСАП» Күлімсіреу, ауызды ашу, кесе формасындағы жалпақ тілмен жалау. 5рет қайталау. «АЛТЫБАҚАН» Күлімсіреу, ауызды ашу, тілдің ұшын кезекпен жоғары тістің артына, төменгі тістің артына кезекпен апарып тақау. 7рет қайталау. (Артикуляциялық жаттығуларды кезегімен оқушылар қайталайды) ІІ. ЖАҢА САБАҚ Жұмбақ Сыртылдайды күнімен, Сыртылдайды түнімен. Білгің келсе уақытты, Көрсетеді тілімен. «Сағат» (Жұмбақ жасырылып оқушылар жауабын айтады)

СҰРАҚ Жыланқалай ысылдайды ? «СССССС» Шай қайнағанда қандай дыбыс шығады ? «СССССС»

«С дыбысы артикуляциясы» «С» дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып, белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады. Ерін жымиып тұрады, тістердің арасы шамамен 1мм. ашық, тілдің ұшы төменгі тістерге тірелеп тұрады; «С дыбысы артикуляциясы » оқушылар айтады және түсіндіреді. ІІІ. «С» дыбысын созып айт. СА-СО-СУ-СЫ СО-СУ-СА-СЫ СҰ-СО-СА-СЫ

  • Буын түзейік ойыны

  • С-А С-У

  • САҒАТ СУ-РЕТ

  • САУСАҚ СУ-ЫР

  • САНДЫҚ СУ

  • С-О С-Ұ

  • СОҚА СҰ-ЛЫ



ІV Сергіту сәті. Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Сағатқа қарайық, Жаттығу оңай-ақ (Оқушылармен бірге сергіту сәті жасалады)

Сұрақ-жауап. Аң патшасы ????

Қыздар құлағына не тағады ????

Қоянның сүйікті асы ????

Қолды немен жуамыз ????

( Сұрақ қойылып, оқушылар жауабын айтып, дұрыс жауабымен текскріледі)

V Бекіту. А) Дәптермен жұмыс «С» дыбысын ауада жазу. «С» дыбысынынң баспа түрін жазу (оқушылар дәптерге жазады ) Ә) Мына суреттерде «С» дыбысы басында, ортасында, аяғында келетін суреттерді ата (суреттер көрсетіліп, суреттерді атайды)



Суретпен жұмыс. «С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Осы суретте көргендерді буынға бөліп айту. Сә-біз, жол-ба-рыс, сау-сақ, қа-сық.



VІ Үйге тапсырма. Сәбіздің суретін бояу.

VІІ Сабақты қорытындылау. Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай артикуляциялық жаттығуларды жасадық? Дәптерге жазған дыбыс қалай аталады? (Сабақ қорытындылау сұрағы бойынша оқушылар жауабын айтады) Балалар бүгінгі сабаққа сендер өте жақсы қатыстыңдар Рақмет. Сабақты аяқтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.02.2022
580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі