Ш дыбысын сөзде
машықтандыру
Тақырыбы: Ш
дыбысы
Кезеңі: машықтандыру
(сөзде)
Білімділік мақсаты: Көмектес
ойынын арқылы Ш дыбысын сөзде машықтандыру, дұрыс айтуын
дағдыландыру, артикуляциялық қалпын бекіту
Түзетушілік мақсаты: Зерек бол
ойныны арқылы фонематикалық есту қабілетін дамыту, логикалық ойлау
қабілетін, зейінін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: оқушыны
адамгершілікке, логопедті тыңдай білуге
үйрету
Сабақ
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі:
-
Қазір біз Ш дыбысын
қайталаймыз. Оны сөзде дұрыс айтып
үйренеміз.
-
Енді тыңдашы, колонкадан су
ағып жатыр, қандай дыбыс шығады?
-ш-ш-ш-ш
- Ал орманда қатты жел соқты,
ағаштар тербеле бастады, қандай дыбыс
естіледі?
-ш-ш-ш-ш
2.Артикуляциялық
жаттығу:
Сағат
жаттығуы
-
Қарашы, мынау ненің
суреті? –
Сағаттың
-
Сағаттың тілі қалай қозғалады?
– Тик-так, тик-так
-
Қане енді тілімізді сағат
тәрізді жасайықшы, тілімізді оңға, солға қозғалтамыз, бірақ тіліміз
ерінге тимеу керек.
Тәтті варенье
жаттығуы
Тіс тазалау
жаттығуы
-
Тіс тазалаған кезде, ауызды
кең ашып, тілдің ұшын тістің ішкі жағынан оңнан, солға қозғайды,
төменгі жақты қозғалтпау керек, еріндер сәл ашық, тістері көрініп
тұрады.
Ат шауып келеді
жаттығуы
-
Енді қарашы, мынау ненің
суреті? –Аттың
-
Ол не істеп келе жатыр? –Шауып
келе жатыр
-
Қане енді осы аттың шабысын
салайықшы, атқа мініп шабамыз.
-
Тілдің ұщымен таңдайды
тақылдатамыз.
-
Дыбыстың артикуляциясын
анықтау:
Ш дыбысының артикуляциясы
мынадай:
Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы
жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді: бүйірлері жоғары
азуларға тиеді, ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді.
Тістер не қысылған, не жақындаған кезде арасында 1-2 мм саңылау
қалады. Тыныс тілдің арасынан бірқалыпты шығады: алақанды ауызға
жақындатқанда, жылы дем сезіледі.
-
Дыбысты сөзде
машықтандыру
-ша – ша – ша -аш – аш – аш
-ша – шо - ша
-шо – шо – шо -ош – ош – ош
-шо - ша - шо
-шу – шу - шу -уш – уш – уш
-шу -ша – шу
- Енді екуміз Мұқият бол ойыны
ойнаймыз. Мен саған Ш дыбысы басында, ортасында, соңында келетін
суреттер беремін, ал сен соларды мына 3сандыққа
саласың.
1 сандыққа: Ш дыбысы
басында
2 сандыққа: ш дыбысы
ортасында
3 сандыққы: Ш дыбысы соңында
келетін суреттерді саласың.
Сөздер: 1. Шана, шарф, шаңғы,
шар, шырша
2. тышқан, алаша, алша,
бұршақ
3. ағаш, тоқаш,
тоңазытқыш
5. Фонематикалық есту
қабілетін дамыту
- Сабағымызды
жалғастырамыз
- Енді Зерек бол ойынын
ойнаймыз. Мен қазір саған Ш дыбысынан басталатын сөздерді айтамын,
ал сен төртбұрышты көтересің, ал Ш дыбысы ортасында келетіе
сөздерді айтқанда, дөңгелекті көтересің
- шырша, шалбар, шаңғы,
шар
- ұшақ, тышқан, бұршақ,
алша
6.
Бағалау
Оқушының сабақ барысында
тапсырмаларды орындау қабілетіне байланысты
бағаланады
7. Үйге
тапсырма
Үйде Ш дыбысынан басталатын
сөздерді ойлап кел