400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

С есебі. Рефлексиялық даму есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Серікбай Жанат Қалдыбайқызы «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» С есебі ПШО ЖМ филиалы Шымкент қаласы Мұғалім портфолиосы




С есебі. Рефлексиялық даму есебі

«Бетпе-бет» кездесудің бірінші кезеніңде өз тәжірибиемде педагокилалық құралдарды ықпалдастыру арқылы оқыту мен оқу іс-әрекетіме жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу болды.

Мектептегі әріптестерімен кәсіби даму ықпал ету мақсатында коучинг өткіздім. Ұжымнан бір әріптесімді тәлімгерлікке алдым. ММК курсына үйренген және іс-тәжірибе кезенінде жүзеге асыра алғаным ,қандай кедергілер мен нені назарға алуға болатындығы туралы туралы тоқталғым келеді. Оқу үдерісінің қалай жүру керектігі сапалы оқыту мен оқу ,қалай оқу керектігі үйрену,жұмыс тәсілдерін модельдеу арқылы белсенді оқытуды дамытуға ,бағдарламаның жеті модулі арасында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді ашып,тәжірибесіне енгізілетін бағдарламаның идеяларын пайдаланып,тізбектелген сабақтар топтамасын жасадым .Орта мерзімді жоспарға сүйене отырып, қысқа мерзімі жоспар құрадым.

Менің тәжірибелік сабақтар өткізген сыныбымдағы нeгiзгi мәceлeлepдiң бipi -oқyшының әдеби кітаптарды аз оқығандықтан,cөздiк қopының aздығы ойын epкiн жeткiзe aлмaй қинaлaтындығы болатын. Оларды неғұрлым басқа топтағы құрдастарымен диалогке түсіру маңызды деген пайымым болды Сондықтан мен өз сабақтарымда оқушы мен оқушыны әрекеттестікке түсіретін «Сен-маған,мен-саған», «Кілтті сөздер», «Галерияда шарлау» әдістерін қолданғаным сәтті болды.Өйткені сыныптағы оқушылар ойын жақсы жеткізе алады және өзінің сөздік қорын жақсартуға ықпалы болды деп ойлаймын. Үнемі уақытты басқаруды ескеріп отырдым. Сабақты бастар алдында сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талқылау да тиімді тәжірибе дер едім. Күтілетін нәтижеге қарай жұмыс жасауымыз керектігін әр сабақтың басында айтып отырдым. Бірінші сабағымда оқушылар кішкене мақсаттан ауытқып отырдым.Кейінгі сабақтарымда күтілетін нәтижеге қарай жұмыс жасауға үйрене бастадым. Алғашқы кезде топтық жұмыс барысында біраз кедергілерге тап болдым. Оқушыларды топқа бөлу кезінде жақсы оқитын оқушылардың бір топқа түсіп қалғаны, оқушылар шyлап,тәртіпсіздік opын aлғаны байқалды. Сол кезде оларды оң кол әдісі бойынша тәртіпке шақырып отырдым.Келесі сабақтарымда топқа біріктірудің тиімді тәсілерін қолданып, топта ЖАДА орын алуын ойластыра алғандықтан және топтық ереже құру арқылы біршама реттей алдым. Уақытты да тиімді басқара алғанымды байқадым. Топ мүшелерін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып үнемі ауыстырып отырдым.Себебі, сыныптағы оқушыларды бір-бірімен әлеуметтік әркетке түсіре отырып, көшбасшылық дағдыларын қалыптастыруды ойлаған болатынмын. М оқушыны сабаққа тарту мақсатында оған қосымша төмен дәрежелі сұақтар беріп, оның нені жақсы жасай алатынын ескере отырып, жауаптарын ескерусіз қалдырмай, мадақтап отырдым.. Сабаққа барлық оқушыны тарту үшін «Сен-маған,мен-саған» әдісі пайдаланғанда, М есімді оқушы бұл сабақта белсенділік танытып , қасындағы оқушылардың қойған сұрақтарын мұқият тыңдап, жауап беріп, өзі де сұрақ қоя білді. М оқушының осы әрекетінен мен әр оқушының қажеттілігін ескере отырып оқытатын болсақ, онда оқушының өзіне деген сенімділігі артатынын байқадым. Сондықтан, алдағы тәжірибемде де оқушының нені жасай алмайтынын есепке алудан бұрын оның нені жақсы жасайтынына мән беру керектігін түсіндім.Тақырыпты ашу үшін «Өкіл» әдісі бойынша постер даярлаған кезде барлық оқушы бірдей бірге топтасып жұмыс жасады. Постер даярлау кезінде сабаққа қатыспайтын қызығушылығы төмен оқушылар да белсенділік таныта отырып, стикерге оз ойларын жазып, плакатқа жапыстырып отырды. Топтық жұмыста тапсырмаларды келесі топта талдап,ойларымен дәлелдеп толыұтырып отырды. Осы әрекеттен мен топтық жұмыстарды белгілі бір проблемаларды шешуге арнайтын болсам, топтағы қабілеті әртүрлі балалар өз пікірін білдіруге ұмтылады деген ой түйдім.«Галерияда шарлау» әдісі бойынша бейнежазбада көрген суреттер арқылы өнер қайраткерін талдай отырып, сын тұрғысынан ойлаудың болжамдау әдісін пайдаланған кезде оқушылардың белсенділігі артқаны байқалды.

Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда да сын тұрғысынан ойлаудың элементтерін аздап пайдаланушы едім. Бірақ сындарлы оқытудың нәтижесінде көзқарасым мүлде өзгерді. Сындарлы оқытудың тиімді екеніне көзім жетті. Осы әдіс арқылы сабақ өту барысында менің оқуға деген көзқарасым өзгерді. Сабақта өзара бағалау, өзін-өзі критерий арқылы бағалау түрлерін үйренді. Балалар бірін-бірі осылай бағалаған кезде өзін бағалайды,өзін-өзі реттейді, шынайы бағалауға үйренеді. Ол үшін біз критерий беруіміз керек екенін түсіндім. Бағалаудың түрлерін сабақта қалай пайдалануды үйрендім. Оқушылар бағалаудың не екенін, өзара бағалауды үйренді.

Мектептегі тәжірибеде мен белгілі бір нәтижеге қол жеткіздім деп ойлаймын. Мысалы топтық , жұптық жұмыста балалар ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірімен ой бөлісуге, тыңдауға, идеяларын құрметтеуге, бір-бірін оқытуға үйренді. Тәжірибе кезінде Ә .Ж . есімді оқушыларымның топ ішінен ерекшеленіп, тапсырмаларды дер кезінде орындағандарына, тапқырлақтарына қарай ,ұйымдастырушылық қабілетіне, басқалармен қарым-қатынасына қарай көшбасшылық қасиеттерінің жоғары екендерін байқадым. Топтық және жұптық жұмыста дараланып, тобын алға жетелеп шықты. Сабақтың алғашқы кезеңінде тартынып отырған оқушылар өз ойларын ашық жеткізе бастағанын байқадым.








Дәстүрлі сабағымда сабақ мақсатын күрделі алып,күтілетін нәтижеге мән бермейтініме көз жеткіздім.Орта мерзімді жоспар бойынша «Театр өнері» таұырыбында сабақ өткіздім. Оқушылармен топтық ,жұптық жұмыс жүргізгенде оң нәтиже беретінін байқадым. 8Б сыныбына қазақ тілі пәнінен «Театр өнері мен мәдениеті» тарауында тізбектелген сабақ өттім. Сабағымды Блум таксономиясын басшылыққа ала отырып , жоспарладым. Сабақ кезінде қолдану ыңғайлы екенін білдім. Топқа біріктіру кезінде оқушылардың ұлағатты сөздердің мағнасын бір -біріне түсіндіріп жатканын баиқадым. Бір аңғарғаным топтық жұмыс кезінде М есімді оқушым тынышсызданып сабаққа назар аудармаған кезеңде, «Мен- саған,сен -маған» әдісі бойынша жұптық жұмыс арқылы сұрақ-жауап алғанымда ,сабақтың өн бойында сабаққа ынтасы өзгеріп ,тапсырмаларды толық орындап отырды.

Түсіну кезеңінде «Галерияда шарлау» әдісі кезеңінде оқушылар ұлттық мәдениетіне үлес қосқан тұлғаларға назар аударып, актерлардың туындылары туралы пікірталаста болып , диалогка түсті.Шәкірттерімнің қандай туындаларды жақсы көретініне қызығатына назарым түсті. Оқушының болжау, қиялдау әрекеттері дамыды.

Қолдану , талдау кезеңдерінде «Өкіл»әдісін алдым. Сыныбым жаңартылған оқудың тапсырмасына машықтанған сынып болғандықтан, тапсырма кезеңдерінде дескрипторға сүйене отырып, жұмыс жасады. Дескрипторға баса назар аударғанын байқадым.Дәстүрлі сабақтарымда өзім дескрипторға назар аудармағанымды аңғардым.Оқушыларға дескриптормен тапсырмаларды орындау тиімді екенін түсіндім. Бір қуанарлығы оқушылар сабақ кезінде топ ережесі бұзылған кезде, оң қол арқылы өзін-өзі реттеп отырды. Дарынды және талантты оқушылардың қабілетінің дамуына ықпал жасап ,ашық сұрақтар қойып, сын тұрғысынан ойлануға жетеледім .Әр тапсырма орындалған соң , жаргон сөздер арқылы топ бірін-бірі бағалады .Бағалау кезінде топтардың әділ бағалап отырғанын оқушылардың эмоциясынан байқадым.

АКТ -ны сабақтарымда жаңа сабақты ашу кезеңінде қолдану тиімді болды.Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы сабағымда оқушылардың назарын аудара білдім.Оқушыларым да мұғалімде ғаламтордан ақпарат алу сақтау ,енгізу,өңдеу,алмасу кезеңде АКТ-мен жұмыс жасау дағдыға айналды.

Келешекте сабақтарымда баланың дамуына сын тұрғысынан ойлана алатын , ойын ашық жеткізе алатын тұлға болып қалыптасуына үлес қосу үшін алдыма мақсат қойдым. Белсенді оқу үдерісін қалыптастыру ,құрымдалған топтық жұмыстарға көңіл бөліп,бірлесіп табысқа жету мүмкіндіктерін ашу. Оқушының оқудағы қажеттілігін қанағаттандыруда саралау жұмысын қолдану ,баланың өзіне деген сенімін арттыру ,ішкі уәжін арттыруға көңіл бөлу керек .Оқуға қолдау көрсету барысында күнделікті сабақта кері байланыс ұсыну АКТ жүйелі пайдану және модельдеу керектігін ұғындым.


С-есебі Коучинг туралы рефлекциялық есеп.

Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарламасының мұғалімдерге әріптестерімен бірге және тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді үйрету мақ сатында коучинг жоспарын түздім.

Коучинг әріптесімнің тәжірибесін дамытудағы тиімді әдістің бірі екендігін түсіндім. Себебі коуч әріптестерімен бірлесе отырып , жаңа идеяларды ортаға салып,талқылап ойласады. Мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп игерген дағдылары мен тәжірибені жетілдіреді. Мен мектепке барған соң, өзімді және әріптестерімді мазалап жүрген тақырыбым бойынша коучинг жоспарладым. Жас ерекшелігіне сәйкес оқвыту модулі бойынша «Мінезің қандай?» тақырыбында коучинг өткіздім. Мұндағы мақсатым әріптестерімнің оқушының жас ерекшелігіне сәйкес оқытуда жағымды мінез қалыптастыру арқылы, сабақтарында оқушылардың мінез –құлқын ,сөйлеуін оқуда ынталандыруға пайдалану. Мектеп ішінде көбінесе «Сын тұрғысынан ойлау үйрету», «Диалогтік оқыту», « Оқытумен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулдері бойынша көптеген коучинг өткізілетін.Коуч ретінде тақырыбымды өзгерте отырып,сұранысқа сай өтуді мақсат еттім..Коучингімде әріптестерімді тәмсіл көрсете отырып , топқа біріктірдім. Психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы көрсетілім арқылы « Еркін микрофон » әдісі бойынша пікірлерін тыңдадым. Бұрынғы коучингтерде үнемі постер қорғаумен шектелетінбіз .Мен үшін де ,әріптестерім үшін де коучинг тек постер қорғау деп түсінік қалыптасқан. Өз коучингімді постер емес, тапсырма арқылы дескрипторға сүйене отырып ,рольді сомдап, өз тәжірибесінде сүйеніп, осы ситуациядан қалай шығатындығын дәлелдеп көрсету болатын. Коучингіме түрлі пәннен сабақ беретін 24 мұғалім қатысты ,белсене араласты.Топ ішінде информатика ,физика ,математика пәндерінен әріптестерімнің белсене араласты.Басқа әріптестер бақылаушы ретінде қатысты .Топтар өз тапсырмаларын талқылап жатқан кезде, бақылаушы әріптестеріммен ашық сұрақтар қою арқылы пікірлерін тыңдадым.Бақылаушы топ пікірлерін өз тәжірибесімен ұштастырып ,толықтырып отырды. Әр әріптесімнің пікірлерін құнды екенін айтып,мадақтап отырғаным, әріптестеріме ұнап ,қызу талқыға түсті.« Еркін микрофон» әдісі топтағы әріптестерім де ,бақылаушы әріптестеріме де ұнады. .Мен үшін бұл әдіс әріптестерімнің пікірін талқылауда ,тыңдатуға тиімді болды.Топқа біріктіру кезде әріптестерім отыра берейікші деп ,қиналған кезде ,тәмсілді тыңдату арқылы біріктіргенімде, әріптестерім топқа бөлінуге қызығып ,топқа бірікті .Әр топ тапсырма бойынша ролдерін сомдады .Әр топ мүшелері бала кейіпке еніп, өз ойларын жеткізіп отырды. «Дананың кілті» әдісі бойынша қорытындылады . «Дананың кілті » әдісі бойынша ұстаз, анасы ,Сәйбек ата ролінде мәселені қалай шешетініні туралы ой қозғады.Осы әдіс тәлімгеріме ұнағанын байқадым.Тәлімгерім осы әдісті әдебиет сабағына пайдалансам, тиімді болтындығын жеткізді. Өз сабагында ролдерді талдауда ,сабақты қорытындылау кезеңінде пайдалану тиімді екенін жеткізді.Қорытындылай келе, коучинг соңында әріптестерімнен кері байланыс жасау арқылы көзқарастарын білдім.Әріптестерім коучингтен балаларды босқа мадақтау арқылы жетістікке жете алмайтынымыз туралы түсіндік деген пікір білдірді.Сыныпта оқушыларға жағымды мінез қалыптастырудың да тәрбиелік мәні бар екендігін тұжырымдады Кері байланыс жазу әріптестеріме қиындық туғызды . Болашақта коучинг тақырыбымды кері байланыс пен рефлекция тақырыбына тоқталу керектігін түсіндім.Алғашқы коучингім болған соң біраз қобалжу болды. Ересек адамдарға сабақ берудің қиын екенін байқадым.Тәжірибесі мол өзімнен үлкен әріптестерім коучингке қатысқан кезеңде, қандай пікірлер айтады деген ойдың мазалағанын да жасырмаймын.Коучинг барысында алаңдау пайда болды. Тәжірибелі ұстаздарда өз ойын таласа жеткізіп ,топқа біріккен кезде ,коучингімнің қызықты өтіп жатқанын аңғардым. Коучинг соңында әріптестерімнің коучинг қызықты әрі түсінікті өткенін жеткізіп жатты. Алғашқы коучингтер тек ағылшын немесе басқа елдердің кинофильмдерімен өткізілетін еді,өзіміздің туындыларымен де түсінікті жеткізгенімді айтты. Мен осы ойдан кейін коучингіме мақсатыма жеттім деп ойладым. Кері байланысты зерделей отырып, болашақта коучинг сабақтарымды әріптестерімнің қажеттілігіне қарай жоспар құруға ой түйдім.


Бір әріптеске тәлімгерлік етудің үдерісі туралы рефлекциялық есеп.

Тәлімгерлік ету барысында мен тәлімгер ретінде алған білімімді тәжірибеден өткізе жүріп, тәлім алушыма азда болса да өзгеріс енгізуіме өзіме мақсат етіп, әрекет жасағым келді. Тәлім алушының кәсіби дағдысын дамытуға ,жаңа –әдіс тәсілдерді тиімді пайдалануға әрекет етеді. Тәлімгерлік етудің мақсатын негізге ала отырып, тәлім алушының педагог болып қалыптасуында өз білімін,ойлауын тәжірибеде іс-әрекетіне көмектесу болды .

Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. ( М АН. 2 (негізгі) деңгей). Мен тәлімгерлік ету барысында тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болатына көзім жетті. Тәлімгерлік барысында тәлімгер тыңдаушы және бағыттаушы болатына көзім жетті. Тәлімгер тәлімгерлік үдерісінде бірнеше міндеттерді орындайтынын ойыма түйдім. Менің тәлім алушым Э есімді жоғары санатты ұстаз. Тәлім алушыма тәлімгерлік бағытты түсіндіру үшін кәсіби сұхбат жүргіздім. Тәлім алушымның сабағына ендім. Тәлім алушымды өз сабағыма енгіздім. Тәлім алушымның қажеттілігін анықтау мақсатында сауалнама алдым. Нәтижесінде мұғалімде сабақ өту барысындағы қиыншылықтарын байқадым. Тәлім алушымның кемшілік жіберген тұстары оқушылар сабақта толық қамтылмады,оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары әртүрлі. Оқушыларға сұрақтар қоюда көбіне жабық сұрақтарды пайдаланатынын байқадым. Ашық сұрақтар қоя отырып оқушылардың барлығы сыни тұрғыдан ойланып жауап беру мүмкіндігі бар екенін түсіндірдім. Бағдарламадағы жеті модуль туралы айта отырып, әрбір модульге жеке тоқталдым. Тәлім алушының сабақтарын бірге отырып жоспарладық. Тәлім алушының бірінші сабағын жоспарлаған кезде алдымен оның өзінен сабақты қандай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізгісі келетінін сұрадым. Ол өз идеяларын айтты. Тәлібім айтылым ,тыңдалым, жазылым бойынша әдіс тәсілдердің қолдануға тоқталуыма өтініш жасады.. Тәлім алушының бірінші сабағын жоспарлаған кезде алдымен оның өзінен сабақты қандай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізгісі келетінін сұрадым. Ол өз идеяларын айтты.АКТ-ны пайдаланудың тиімділігін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратынын түсіндірдім. Сабақ жоспарлағанда бірінші сабақтағы кемшіліктерді ескере отырып, сұрақ-жауап әдісін қолдануды ұсындым. Блум таксономиясын түсіндіре отырып, деңгейлік тапсырмаларды дайындап сабақта қолдануды сұрандым. Тәлім алушыма әр сабақта өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды қолданып отыруды айттым.Тәлім алушыма орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар жасауды үйреттім. Әйтсе де екінші өткізген сабағында мұғалім топқа бөлуді ұмытып,оқушылар қалаған жерлеріне отыра салды.Сабағында мұғалім өзі сұрақ қойып,жауабын күтуге шыдамы жетпей өзі айтып берген тұстары қайталана берді.

Сондықтан мен осы сабақты талдағанда «Сіздің өзекжарды мәселеңізді қай әдістер шешеді?» деген сұрақ қойып, қателігін түзетуге түрткі болдым. Әр сабақтан кейін «Сіздің пікіріңізше сабақ жақсы өтті ме?», «Жоспар сізге қаншалықты көмектесті?», «Мақсатыңызға жеттіңіз бе?», «Сіздің оқытудағы мәселелер қай әдіс-тәсілдер шешуге көмектеседі деп ойлайсыз?» деген сұрақтар қойып, өзінің жіберген қателігін ой-елегінен өткізуге мүмкіндік беріп отырдым. Өз ойын еркін жеткізе алмай тұрған оқушыға «сынақтан өткізуге арналған» сұрақ қойып жібергенде, ол оқушы ойын жинақтап, жеткізе алар ма еді деген ой болды. Себебі,мұндай сұрақтар оқушылардың толық жауап беруіне,өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылады. Осы орайда мен тәлім алушыма оқушылардың білім алуын қолдап,өз ойын еркін айтуы үшін сұрақ қоюдың әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болатынын айттым.



Ең алғашқы кәсіби сұхбат алу кезінде қандай өзгерістер қажет екенін анықтадым. ММК бағдарламасы бойынша оқыған әдіс-тәсілдер туралы білгендерімді толықтырып әңгіме-сұхбат құрдық. Тәлібімнің өз пәнінен жазылым, тыңдалым, оқылым бойынша әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуы туралы туғызатынын байқадым. Тәлібім де осы ойын ашық айтты.Тәлібімнің дәстурлі сабағына енген кезде,түрлі әдістерді қолданатынын байқадым. Жаңашылдықтың әдістерін қолданып жүрсе де оқушылардың жас ерекшелңгңне сақталмайтынын, саралау жұмыстарының тиімсіздігін , кері байланысқа мән бермейтіндігін байқадым. Тәлібімді өз сабағыма енуге шақырдым. Тәлібімнің сабағын саралай келе,келес сабаққа қысқа мерзімді жоспарды біріге отырып жоспарладық. Сабақты жоспарлау кезінде Блум таксономиясына салып құрған кезде, жинақы түсінікті болып шықты. Мектепте тәжірибе кезеңінде ҚМЖ құрудан мастер-класс өтті. Мастер-класты Өрлеу педагогикалық орталығында қызмет еткен,қазіргі кезде ұжымда бірге жұмыс жасайтын әріптесеміз өтті .Бұл іс-шарада тәлібімнің ҚМЖ құрудағы қиындығын жеңуге септігі тиді.Тәлібіме түсініксіз болған тұстарын байқап, толықтырып отырдым. Тәлібім сабақтарында «Дананың кілті», «Өкіл», «Ашық микрофон» әдістерін қолдану тиімді болғанын түсіндірді.Тәлібіме жоспарлау кезеңінде тапсырмаларды жүйелі түзгенде оқушылардың арасында ЖАДА қалыптасып ,сын тұрғысынан ойлауға үйренетінін, көшбасшы болуға ұмтылатынын жеткіздім .Күнделікті сабақ,коучинг кезінде тәлім алушым қызыға атсалысып отырды. Әріптесіме әр сабақта кері байланыс, рефлексия жасаудың қажеттілігін түсіндірдім. Кері байланыс арқылы келесі сабақты жоспарлау тиімді екенін ескерттім. Әр сабағына алу арқылы көмек көрсеттім. Тәлімгерлерімнің нәтижесін анықтау үшін тәлібіммен оқушы арасында сұхбат алдым. Оқушы соңғы кезде сабақтың қызықты өтіп жатқанын айтты. Сыныптастарының сабаққа дайындалып келіп жүргенін байқағанын жеткізді.Тәлім алушымда әдіс-тәсілдерді үйренгенін жасырмады. Осы өзгеріс арқылы оқушылардың бойына өзгеріс байқағанын жеткізді. Тәлібіме үйрете жүріп өзімде үйренгенімді аңғардым. Біреуге үйрету үшін іздену керек екендігін ,ізденіс білімге шаұыратынына көзім жетті. Бірлесе отырып шешкен ,талқылаған мәселелердің тиімді болтынына тәлібімнің де көзі жетті. Тәлібім үнемі кәсіби әңгіме-сұхбаттың өтіп тұруыма ұсыныс жасады. Келешекте тәлібіммен бірге өз жұмысымды әрі қарай жалғастыратыныма сенімдімін.Себебі,бірге көтерген жүк жеңіл демекші әріптесімнің оқу үдерісіне өзгеріс енгізуді мақсат еттім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1935
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі