Материалдар / с есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

с есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
тізбектелген сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
776
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

124 негізгі орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Мадибекова Айнұр

Тізбектелген сабақтар топтамасы


Мұғалім тізбектелген сабақтар топтамасын құруда алдына белгілі бір мақсат қояды. Бұл мақсатта өзіміздің «Мұғалімге арналған Нұсқаулық» үлкен көмегін тигізеді. Нұсқаулық мақсатында көзделгендей, мұғалім ең біріншіден, тізбектелген сабақтар топтамасын ұйымдастырады, одан кейін сол енгізген модуль ықпалын жұмыс барысында нақтылайды. Одан кейін нәтижені анықтайды және сол әр өткізген сабағында барлық оқушының сабаққа қамтылуын қамтамасыз етеді. Қысқа мерзімді жоспар жасалып, төрт ашық сабақ өткіздім. Өткізген сабақтарымда бағдарламаның жеті модулін қамтып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі әдіс–тәсілдерді қолдандым. Берілген жеті модульді сабаққа кіріктіру арқылы көптеген тиімді жақтарын байқадым. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, яғни диалогтік оқыту тәсілдері әр сабағымда топпен ,жұппен үштік,төрттік жұмыс жасау арқылы оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбаттасуы, өзіндік ой пікірлерін жүйелеуге және дамуына көп көмегін тигізді. Маған жаңа жоба бойынша сабақ жоспарын құру оңай бола қойған жоқ. Осы сабақ бойынша сабақ жоспарын жасап, түрлі әдіс – тәсілдерді енгізіп , оны сабақта қалай қолдану керек , бұл сабақтарым қалай өтеді, оқушылар қалай қабылдайды - деген сұрақтар да мазалады. Іс – тәжірибем басталғаннан-ақ әртүрлі тәсілдің жүзеге аса бастайтынын байқадым.

Мен өзім мектептегі тәжірибе кезіңде қай модулді алсам екен деген ой келді. Саралай келе «Бетпе-бет»кезеңінде алған білімімді және Мұғалімге арналған нұсқаулықтан теориялық түсінігімді пайдалана отырып, өзім бастауыш сынып мұғалімі болғасын «Сын тұрғысынан ойлау» модулін таңдап алдым. Басқа модулдерден ерекшелігі мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сонымен бірге сабақ сайын өз – өзіме сұрақ қойып, күнделікті досым күнделігіме жазып отырдым. Мынадай сұрақтарды қамтып отырдым.

-Бүгінгі сабағымда оқушылар не үйренді?

-Бүгінгі тақырып оқушыларға қаншалықты ауыр немес жеңіл болды ма?

-Қаншалықты оқушының көзімен қарай алдым ба?

-Оқушыға сабақ барысында өздігінен білім ауына қандай мүмкіндік жасадым?

Сын тұрғысынан ойлау модулін сабақтар топтамасына неге алдым деген сұраққа жауап беретін болсам, бұрын оқушылар ашық сабақта ғана топқа бөлініп жұмыс жасайтының, өз ойын еркін жеткізе алмай менің айтуыммен ғана менің қасым мен қабағыма қарап ойын еркін жеткізе алмайтын сияқты келеңсіз кедергілерді жойғым келді.

Өзімнің тәжірибе кезінде өтуге тиісті төрт сабағыма әр түрлі белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып,оқушыларға сыни тұрғыдан ойланта отырып,білімге құштарлықтарын оятуды көздедім. Алғашқы «Атасы мен немересі» атты сабағымда төрт түрлі әдісті алдым. Алғашқы сабағымның мақсатын анықтап, алғашқы үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісінен бастап, өткен тақырып бойынша оқушыларға сұрақтарды қойғызудан бастадым. Мақсатым оқу бойында сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту болды. «Ыстық орындыққа» М есімді оқушым отырып, үй тапсырмасына қатысты түрлі сұрақтар қойдым.Ол ойлана отырып, дұрыс жауап берді. Менің байқағаным М ойлау қабілеті дамығанына, кез келген сұраққа дәлелмен жауап бергенде көзім жетіп отырды. Өйткені М үй тапсырмасына жан-жақты дайындалып келген. Оқулықтан дәлелдер келтіріп отырды. Оқушының сыни ойлай алатына бет бұрып келе жатырғанын көрдім. Әрине алғашында оңай болмады.Уақыттың жетпеуі,оқушының үй тапсырмасына дайындықсыз келуі кедергі болып отырды.Алғашқы әдісі «Ойлан,Жұптас, Бөліс» атты әдіс арқылы оқушыларым сыни ойлай алама?- деген идеяны басшылыққа алдым да ,оқулықты түсініп оқып, берген фишбоунға жазып, ойларын келесі топқа жеткізе білу керектерін ескерттім. Оқушылар қызыға кірісті. Түсінгендерін жазып, тұжырым жасай бастады. Оқушылар мен күткендей жақсы жұмыс жасады деп ойлаймын. Тақырыпты бір –біріне түсіндіргенде ойлана отырып, бірінің сұрағын-бірі толықтырып, отырды.Бұл жерден оқушылардың тиісті ақпаратты жинап ойлау үдерістерінің бастапқы деңгейінен өткендігін білдім.(1-сурет)







«Куббизм» әдісі арқылы оқушылар қаншалықты сыни ойлана отырып жауап береді деген оймен осы әдісті алған болатынмын.

-Үлкенді сыйлау керек па?

-Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер деген нақылдың мағынасы не?

-Немересі қандай болды?

деген сияқты түрлі сұрақтарға оқушылар талдау жасап, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлел келтіріп, белсенділіктерін көрсетті. Мұғалім дұрыс сұрақ қоя білсе, оқушының ойлауына түрткі болатынын байқадым. Осы сабақта Н,Қ,С.М ойлана отырып,төмен және жоғары дәрежедегі сұрақтарға да жауап беріп отырды.Сұраққа жауап бере алмаған оқушының сұрағын басқа оқушыға бағыттап беріп отырдым. Барнс оқудың тілі қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етенін айтады. Оқушыларға түсінікті әдеби тілмен жазылғандықтан оқушыларға түсінікті бола білді. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталған.Расында да мұғалім оқушының ойлана отырып жауап беруіне жағдай туғызу қажет екенін осы сабақтарым кезінде ұғындым. Оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтің қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады деген тұжырымды бүгін сабағымда дәлелдегім кеп Д. есімді оқушымды жақсы оқитын оқушымен отырғызып, сабаққа деген белсенділігін тапсырма беру арқылы байқадым. Д. бүгінгі сабақта ата-ана туралы сұрақтар дайындады. Д. ойлана отырып, тақырыпты оқи отырып, екі сұрақ дайындаған. Бұл жай мені қуантады. Өйткені бұрын бұл оқушы сабаққа немқұрайлы қарап,сабаққа дайындықсыз келетін.Болашақта осы оқушының танымдық қабілетін дамыту үшін өзім жұмыстануым керек деген ой түйдім. (4-сурет)



Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Оқушылар «Шал мен балалар»әдебиет сабағында белсенді болды деп айта аламын. Себебі оқушылардан сыни ойлауға бағыт алғандығын көремін. Екінші сабағымда «Блум таксономиясы» әдісі арқылы сабағымды өткіздім. Бұрын мен «Блум таксономиясымен» сабақ беріп көрмеген едім. Қорқыныш болды. Бүгінгі сабаққа М есімді оқушым «Менің отбасым» атты тақырыпқа эссе жазғандығы мені қуантты. Н есімді оқушым Ата-ана жайлы айтып,суреттерін оқушыларға көрсете білді. Сонымен қатар оқушыларға кім тағы қызықты мәлімет ұсынады деп басқа оқушының да ойын білейін,танымдық қабілетін білейін деп отырғанымда: А. есімді оқушым С.Көбеев туралы мәліметін ұсынды. Бұл оқушының іздемпаздығын көрсетеді. Бұрын қабілетті оқушыларға ізденуге жеке тапсырма бермей келгенімді осы жерде байқадым. Содан кейін оқушылар топ болып жұмыс жасады.Мен алдынғы сабақта алдын- ала тақырып бойынша оқып , ізденіп келулерін тапсырған болатынмын. Оқушылар ізденгендерін, оқығандарын ата-анамызға арнап, І топ: өлең жазып.ІІ топ: сурет салып.ІІІ топ: талай ата-бабалырымыз тәуелсіздік жолында құрбан болғандығына зерттеу жасап дәлелдеп,тұжырым жасады. Топ мүшелері берілген уақытта тапсырманы орындай білді. Топ болып жасаған жұмыстарын флипчарт арқылы қорғады.Тың деректермен таныстырған ІІІ топ мүшелері болды. Кейін оқушылар дәптермен жұмыс жасап, түрлі мәліметтер мен сөздіктермен жұмыс жасады. Осы тапсырманы бере отырып,зейіні шоғырланбаған оқушылар отырып қалмас па екен ?-деген ой болды, бірақ мен күткендей болмады, барлығы берілген тапсырмаға қызығушылықпен қатысып, өз деңгейлеріне сай еңбектенді. Ақынның әңгімелерін оқушыларға кезек –кезек мәнерлеп оқып,әңгіме жолдарындағы түсінгендерін айтты.Өз ойын өлеңмен өрілген өлең жолдарын М,Е есімді оқушым жақсы жеткізе білді. Әр адамның махаббаты туған жеріне ,ата-анасына дегенде ерекше екенін айтып өтті. Олар әңгімені келтіріп, түсініп оқи алады. Осы әңгімеде ойын жеткізуде Е. есімді оқушым қиналды. Себебі Е. есімді оқушым сөйлеу дағдысы қалыптаспаған. Келесі сабағымда Е-нің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға жұмыстануым қажет екен.Өздері ұнаған ақынның әңгімесіне талдау жасатып,осы кезде М. есімді оқушым ойлау қабілеті дамығанын байқадым. М. есімді оқушым өзге топ мүшелерінен бірінші болып, әңгімеге талдау жасап, ұйқасымен буын, әңгіме түрін ажырата білді. Бүгінгі сабақта оқушылар үшін отбасы суретін жасап кағазға түсіру қызық болды. Өйткені суретті қалай жасаймыз деген оқушылар да болды. Бірі ойланбастан отбасы мүшелерін негізге ала отырып, суретін түсіре бастады. І топ пен ІІІ топтың суреті өзгеше болды.Қызыл және көк түстерді пайдаланып отбасы мүшелерін түсіре білген.Үш бағалаушы топ мүшелерін бағалап,өз бағаларын беріпті. Сабақ соңында оқушыларды мадақтап,өте жақсы жұмыс жасағандары туралы айттым. Бұл сабақта байқағаным, бірінші сабағыма қарағанда оқушылардың сыни ойлай отырып, жауап бере алатындығына көзім жетті.

Үшінші сабағым Мысық мен тышқан ертегісі. Бүгінгі сабағымды «Жүректен-жүрекке»атты тілек айтудан ,сәттілік тілеуден сабағымды бастадым. Одан әрі балалар үшін қызықты «Миға шабуыл», «Ыстық орындық»» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрадым

Оқушылар ертегіні бір-біріне жатқа айтып,қызыға қатысты.Одан кейін «Қар мен боран»әдісті пайдаландым. Бұл әдістің мақсатын оқушыларға түсіндірдім. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар дайындап, бүкіл оқушы осы тапсырманы орындау барысында белсене қатысты.Ойлана отырып, С.М.Н., есімді оқушылар күрделі сұрақтарды қоя білді. Оқушылар сұрақ арқылы бірін-бірі толықтырып отырды. «Екі жақты түсіндірме күнделігінде» оқушылар өздері ұнаған жерінде өз ойларын жеткізе білді. Әсіресе С.М.Н. есімді оқушым , ойларын жүйелі жеткізе білген. Бұл әдісті әдебиет сабағымда жүйелі пайдаланып келемін. Бұл әдіс оқушының сөйлеу, ойлау және жаза білу дағдыларын қалыптастырады. Семантикалық карта толтыруда оқушылар түгелге жуық дәптермен жұмыс жасады. Тақтада берілген семантикалық картаның жауабын кім біледі?-деп сұрағанымда А.ортаға суырылып шығып, тапсырманы дұрыс орындады. Бұл жерден А-ң есте сақтау қабілеті жақсы дамығанын байқадым. Жаңа сабақты таныстыру кезеңінде«Инсерт» әдісін пайдаланып бүгінгі сабақта оқушылар не білді, бұрыннан не біледі, білгім келеді?-деген сұраққа оқушылар бұрыннан таныс екенін білетіндерін жазған. Білдім деген сұраққа бүгінгі өткен ертегі жайлы білетіндерін жазған. Не білгім келеді?- деген сұраққа оқушылар әр түрлі жауап берген. Ертегідегі даналық сөздерінің мағынасын ашып,өздерінің ойлау,сөйлеу дағдыларын қалыптасқанын көрсете білді.Бұл жерден оқушының әр бір сөздің мағынасын ұғынып, бағалап, талдап, саралай алуын көрдім. Бүгін жас ерекшелікке сәйкес күнделікті бақылауымда жүрген Д. Е.арнайы 5 сұрақтың көлемінде тест тапсырмасын тапсырдым. Д.Е. төрт сұраққа жауап берген. Бұл менің зерттеуімінің нәтижесі. Осы жерден оқушыны сыни ойландыра отырып,диалогтік оқытудың үлгісін ұтымды пайдаландым. Оқу жауабынан бір қате кеткен.Оқушының біртіндеп төселіп келе жатқанын байқадым. (2.5-сурет)

Төртінші сабағым «Айтшы,әжетай» атты тақырыбымды «Қос қарлығаш» биімен бастадым. Себебі қозғалыс адам миынының жұмыс жасауына ықпалы зор.

Одан кейін сыныпты үш топқа ұлы жүз, орта жүз,кіші жүз деп бөліп алдым. Бірінші «Кім жылдам» деген әдісімнің мақсаты үй тапсырмасын сұрап шықтым. Қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушыларға С.Көбеев кім екендігі жайлы «Топтастыру» жасаттым. Джигсо әдісін пайдаланып ертегіні оқуға бердім.Бұл жерде зерттеушілік әңгіме жүрді. Себебі зерттеушілік әңгімеде топтың алдында ортақ проблема болады, олар пікір алмасады, баға береді, білім мен түсінік қалаптасады. Оқушылар ертегі арқылы жануарларға сипаттама беріп, топта талқылап, ойланып, тапсырманы уақытында орындады. Бұл тапсырмада оқушылар өз ойларын дауыстап айтып, «мүмкін», «егер», «сияқты» сөздерді жиі қолданды.

Мағынаны тану кезеңінде алдынғы сабақта өткен екеуін салыстырып, екеуінің ерекшеліктерін жазып, шеңбердің ортасына ұқсастықтарын жаздырдым. Бұл әдісті алу себебім:оқушы алған ақпаратты саралай ала ма,салыстыра аламай ма?,-деген ой еді.



Одан кейінгі тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын тапсырма бердім, берілген әңгімеге сатылай кешенді талдау жасаттым. Шумақ, тармақ,буын, ұйқас табу керек болды. Оқушылардың кейбірі орындай алатын тапсырма екен.Барлық оқушы ұғымды ажырата алмайды.Соны сабақ процесі кезінде байқадым.

«Ой тастау»кезеңінде «Плюс-минус-қызық» атты тапсырманы бүгінгі тақырып бойынша дәптерлеріне жұмыс жасаттым.Тақырыптың жағымды жағы мен үшін,тақырыптың жағымсыз жағы мен үшін және не қызық? деген сұрақтарға оқушылар өздері жеке-жеке жауап берді.Бүгінгі бақылауыма алған оқушылардың дәптерлерін тексергенімде Е. тақырыптың ұнамауын оқулықты оқымағанын түсіндіріпті.Жағымды жағы үлгі алуға болатындығын айтқан..Қызығы топ болып жұмыс жасағаны қызық екендігін айтыпты.Екінші оқушым А.үзіндіге сатылай кешенді талдау жасау қиын,ұнамайтындығын айтыпты. Ұнайтындығы әр әңгімеге салыстыру жасағанда есте қалуға жақсы екенін айтыпты, қызығы бұрын орындап көрмеген «иә,жоқ»тапсырмасын айтыпты. Үшінші оқушым Д. мені сабақ сайын қуантып отырды. Д. бүгінгі сабаққа келгенде топ болып жұмыс жасаймыз ба,апай? -, деп алдын ала маған сұрақ қойды. Мен саған топ болып жұмыс жасаған ұнайды ма дегенде ,ия ,апай әдебиет сабағы маған қатты ұнайды-, деп жауап берді. Бұдан ой түйетінім Д.сабаққа деген құлшынысын оята білгенімді білдім. Бүгінгі сабақ басқа сабақтарға қарағанда бағалауы өзгеше болды. Күнделікті қолданып көрмеген табыс критерийлер арқылы жұмыс жасадым. Оқушыларға ескерттім. Қалай жұмыс жасағанда, қандай табысқа жететінін айтып өттім. Оқушылар мен күткендей критерийлермен жұмыс жасады деп айта алмаймын. Көбі жетті деп өздерін бағалаған.Себебі мен өзім оқушыларға дұрыс жеткізе білмеген шығармын деп ойладым.Менің сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша әр оқушыға берілген тапсырманы көпіршелер арқылы нұсқап ,бағыт-бағдар берсек,оқушының өздігінен білім алуына болатыным білдім. Сабақ нәтижелі болды, ең алғаш сабақтарыма қарағанда оқушылар біршама жүйеленді,олардың ойлары ұшқыр,кей сәттерде мені таңқылдырып та жатты. Бірақ әлі де болса маған қажырлы еңбек ету керек. Сабақтарымда уақыттың жетіспеуі, сөйлеу мәнері, дискрипторларды пайдалану кедергі келтірді.Сол себепті ,келешекте сыни тұрғысынан ойлаудың «Блум»таксономиясы, «Куббизм», постер қорғау әдістерін дамыта отырып, балалардың сыни ойлау қабілетін дамытуым қажет. Сабақтарыма өзгерістер енгізу жаңалық болумен қатар өзім де өзгерудемін. Мен осы сындарлы оқытудың теориясын меңгергеніме қуаныштымын.

Өзім ізденіс үстінде жүріп сабақ соңында қол жеткізген нәтижелерім:оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасып,мәселелерді терең талдауға үйренді, шығармашылық ой-өрісі артты,ұжымдық ой-пікірлері жетіліп,топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренді, оқушы өз ойын еркін айтуға,сөз мәдениетіне үйренді,өз әрекетіне сыни тұрғысынан қарауға,тұжырым жасап қорытындылауға үйренді. Оқушылардың дәлелді ойлар айтып, тұжырым жасай отырып, оқиғалар мен кейіпкерлерге сыни көзбен қарап, салыстыра білуге мүмкіндік беретін , оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетін модуль екеніне көзім жетті.Менің тәжірибе барысында байқағаным бұрын оқушы тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім бағыттаушы,ұйымдастырушы екенін ұқтым. Осы модулден байқағаным оқушы өзін-өзі бақылайды,бағалайды,тыңдайды,сөйлейді.

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:


Picture 16 Picture 13


І – қызығушылықты ояту сатысында ой қозғау (шақыру).

ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.

ІІІ-ой толғаныс сатысында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.

СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:

1. Сабақтарымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.

2. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

         -белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:

-   мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

-   бір-біріне құрметпен қарауға;

          бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі  қаланды;

      - өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

-   өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

-   өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

-   достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

Мен жұмыс жасап отырған технологиямен дәстүрлі сабақтан шығатын нәтижені «Т»-кестесі арқылы салыстыруға болады:

Дәстүрлі оқыту

- тек мұғалім ізденеді

- мұғалімнің өзі түсіндіреді

- дайын білім беріледі

- мұғалімнің өзі бағалайды

- сабақ бір сарынды өтеді

Сындарлы оқыту

  • мұғалім де,оқушы да ізденеді

  • бір-бірін оқытады,үйретеді

  • сыни тұрғыдан ойланады

  • өзін және өзгені бағалайды

  • әрдайым кері байланыста болады



Сындарлы оқыту

  • мұғалім де,оқушы да

  • бір-бірін оқытады,үйретеді



1.Пайдаланған әдебиеттер:




1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (базалық)деңгей Төртінші басылым 2015 жыл

2. Әдебиеттік  оқу   2012. «Атамұра»

3. Бастауыш сыныпта оқыту

4.Интернет желісі












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!