400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

С. Мұқанов "Көкшенің көрінісі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
С. Мұқанов "Көкшенің көрінісі" тақырыбындағы сабақ жоспары оқушылар үшін түсінікті тілмен жазылған. Сын тұрғысынан ойлаудың элементтерін қолдану арқылы құрылған сабақ құрылысы әдістемелік тұрғыдан сауатты. Тақырып бойынша оқушылармен жүргізілетін сұрақ - жауап әдісі өте тиімді. Оқушылардың тақырыпты меңгеруіне оң ықпалын тигізеді. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді.Танымдылығын арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сауат ашу 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Көкшенің көрінісі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: - Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру, Көкше табиғаты туралы әңгімелей білуге үйрету;
Дамытушылық: - Оқушылардың ой – өрісін дамыту;

Тәрбиелік: Табиғатты, туған жерді сүюге, оны аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: С. Мұқанов портреті, тақырыптық суреттер, слайдтар, оқулық тб.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО элементтері
I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, кезекшінің ақпарын тыңдау (Сыныпта психологиялық ахуал орнату)

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Әңгімеде қандай аңдар туралы айтылады?

  • Қасқырдың қаруы не?

  • Қабанның қаруы не?

  • Ақбөкеннің қаруы не?

  • Әңгімеде жылдың қай мезгілі туралы айтылады?

  • Киіктер қайда келді?

  • Киіктерді не аңдыды?

  • Қасқырлар киіктерге не істеді?

  • Теке не істеді?

  • Теке қандай айла ойлап тапты?

  • Теке шынымен ақсақ болды ма?

  • Теке қасқырларды адастырды ма?

  • Лақтар аман қалды ма?

  • Киіктер немен қоректенеді?

  • Адамдар оған тиіседі ме?

  • Киіктің лағын не деп атайды?

III. Жаңа сабақ

- Балалар, бүгін біз қазақтың аса көрнекті жазушыларының бірі – Сәбит Мұқанов туралы және оның «Көкшенің көрінісі» деген әңгімесін өтеміз.
/Мұғалім оқушыларға жазушы туралы, жазушының «Көкшенің көрінісі» әңгімесін слайд материалдарын пайдалана отырып, қысқаша айтып береді/ : -
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы -қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған.

IV. Пысықтау (оқулықпен жұмыс)

  1. Мұғалімнің оқушыларға әңгімені мәнерлеп оқып беруі;

  2. Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыту;

  3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу:

а) Әңгімеде не туралы айтылады?

ә) Әңгіме кімнің атынан баяндалады?

б) Ол бұрын бұл жерге келген ба? Неше жыл бұрын келген? Он жыл бұрын немен келген?

в) Ол он жылдан кейін немен келіп тұр?

г) Көкше оны қалай қарсы алды?,

Қиын сөздермен жұмыс

Сөздік жұмысы (дәптермен жұмыс: сөздердің мағынасын суреттері бойынша түсіндіру, жаңа сөздермен сөз тіркесі, сөйлемдер құрау/)
Гауһар - асыл тас
Селеу – шөптің аты
Құз – биік жартас
Сағым – алыстағы көрініс, елес

  1. Сергіту сәті

Оңға түзу тұр, 
Солға түзу тұр. 
Алға бір адым 
Артқа бір адым. 
Оңға бұрылып, 
Солға үңіліп 
Жоғары, төмен қарайық, 
Орнымызға отырайық!

  1. Тапсырма

  • «Туған жер» деген сөзді тағы қалай айтуға болады? (Отан, Атамекен)

  • Мұндай сөздерді қалай атайды? (мәндес сөздер немесе синоним)

  • Синоним дегеніміз не? (айтылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер)

  • Мысалдар келтіріңдер (сұлу, әдемі, көрікті, әсем, ажарлы; шәкірт, оқушы; мұғалім, ұстаз т.б.)

  • Туған жер деген сөзді қалай түсінесіңдер? (адамның туып – өскен жері)

  • Туған жер,Отан, табиғатты қорғау туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  • Қандай әңгімелер оқыдыңдар?

  • Өз туған жерлерің туралы не айтасыңдар? / оқушылар жауабы тыңдалады/

  • « Гүлдене бер, туған жерім!» тақырыбында сурет салу

/ тапсырмалардың орындалысы тыңдалады, смайликтер беріледі/

V. Қорытынды

- Балалар, біз бүгін қандай әңгіме өттік?

- Әңгіменің авторы кім?

- С. Мұқанов туралы не білдіңдер?

- Жазушы Көкшенің көрінісін қалай суреттеген?

- Балалар, табиғат дегеніміз не, біз оны қалай қорғауымыз керек? / мысалдар келтіріледі /

***Сабаққа ББҮ әдісі бойынша сабаққа қорытынды жасау.

VI. Үйге тапсырма: 183 – 184 беттерді оқу, сұрақтарға жауап беру.

VII. Бағалау






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
900
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі