Сабақтың
тақырыбы
|
С. Мұратбеков.
«Жусан иісі»
|
Жалпы
мақсаты
|
Оқушыларға әңгіменің
мазмұнын таныстыру, әңгімеге талдау жасату, өзіндік талдауын
дамыту.Топтық жұмыс арқылы достық қарым-қатынастарын
дамыту
|
Оқыту
нәтижесі
|
Әңгімені талдау
арқылы жаңа материалды меңгереді. Мәтін туралы білімдері жетіле
түседі. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық атмосферасы
қалыптасады
|
Негізгі
түйіні
|
Оқыту мен оқудың
жаңа тәсілдері арқылы оқушының белсенділігін арттыру.Топтық, жұптық
жұмыс арқылы сыни ой айтуға,бірін-бірі бағалауға
үйрету.
|
Жабдықтар
|
Постер,флипчарт,
бағалау парағы,стикер,жусан
шөбі,слайдтар
|
Сілтеме
|
Ана тілі оқулығы 4
сынып.С. Рахметова. Т. Әбдікәрімова. Р.
Базарбекова.
|
Сабақтың
барысы
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
кезеңі
3
мин
|
Психологиялық
тренинг. Жақсы тілек айтады. Оқушыларды 1,2,3, рет саны бойынша
топқа бөлу
|
Рет санына сәйкес
топқа отырады, топ ережесін қайталап еске
түсіреді
|
Үй
тапсырмасы
5мин
1-тапсырма
|
Үй тапсырмасы
«Құрманғазы» мәтіні бойынша тест таратады.Жұмысты орындап біткен
соң,дұрыс жауаптары белгіленген перфокартаны топ басшыларына
таратады.
|
Топ басшылары
перфокарта арқылы топ мүшелерінің тесттерін тексеріп, бағасын
қояды.
|
Ой
қозғау.
5
мин
2-
тапсырма
|
Жусан шөбін әкеліп
көрсетеді.
-Мынау қандай
шөп?
-Жусан туралы не
білесіңдер?
Әр топқа постер
жасатады.
|
Жусан шөбі туралы не
білетіндерін айтады.
Дарынды оқушының
жусан туралы дайындаған мағлұматымен
танысады.
|
Мағынаны тану 15
мин
|
« Жусан иісі
әңгімесінің
авторымен слайд
арқылы таныстырады.
|
Оқушылар автор
туралы мағлұмат алады.
|
3-
тапсырма
1
мин
|
Бағыттап
оқыту стратегиясы
бойынша мәтіннің 1- бөлімін таратып
береді.
1-бөлім бойынша сұрақтар
қояды.
Мәтіннің 2- бөлімін
таратады.
Мәтіннің 3- бөлімін
таратады.
Сергіту сәтін
жасатады
|
Жеке, жұппен, топта
талқылайды.Қойылған сұрақтарға жауап
береді.
|
2
мин
|
Соғыс кезіндегі балалар өмірі
жайлы слайд көрсетеді.
|
Слайдпен
танысады.
|
4-
тапсырма
3
мин
|
Топтық жұмыс. Мәтін
бойынша жоспар құратады.
|
Топпен бірлесе
отырып, құраған жоспарларын
оқиды.
|
5-
тапсырма
5
мин
|
Топтық
жұмыс.
1-топ.Әңгіме неліктен «Жусан
иісі» деп аталған деп ойлайсыңдар? Оны басқаша атауға бола
ма?
2- топ.Аянға хат жазып
көріңдер.
3- топ. Аянның атынан
достарына хат жазып
көріңдер.
|
Топпен орындап, жазғандарын
оқиды.
|
« Ыстық орындық»
тапсырмасы
1
мин
|
Әр топтан бүгінгі сабақтың
көшбасшысын топ мүшелеріне таңдатып, оларды «Ыстық орындыққа»
отырғызып, сұрақтар қояды.
1.Егер Аян тірі болса, өз
ауылына барып не істер еді деп
ойлайсың?
2. Соғыс кезінде балалар үйі
неге көп болды деп ойлайсың?
3.Қазіргі бейбіт заманда неге
балалар үйі азаймай отыр?
|
Әр топтан 1 оқушы
шығып, қойылған сұрақтарға жауап
береді.
|
Бағалау
2
мин
|
Топ басшыларының бағалау
парақтарымен танысып,бағалау параметрін тақтаға
іледі.
|
Топ мүшелері
бағаланады.
|
Кері
байланыс
1
мин
|
«Бағдаршам»
әдісі Жасыл –сабақтан бәрін
түсіндім, сары – түсінбеушілігім
бар, қызыл – тапсырмалар барысында
қиыншылықтар болды.
|
Оқушылар өздерінің
оқуы туралы білімдеріне сыни көзқараспен қарай отырып, кері
байланысқа түседі
|