«
Атбасар ауданының білім бөлімінің
Атбасар қаласы №3 орта мектебі» КММ
Сыныптан
тыс іс-шара
Тақырыбы:
"Жан
жылуы - жақсылық "
Өткізген:
Абикенова Қ.Б.
Абдугалиева
А.Т.
Сейтенова
З.А.
2016-2017
оқу жылы
С.
Омаровка арналған сыныптан тыс іс-шара.
Тақырыбы:
«Жан жылуы – жақсылық»
Мақсаты:
Қазақтың
жазушысы Сейтжан Омаровтың өмір жолы
мен шығармашылығымен танысады, оның
ертегісінен үзінді қою арқылы адамгершілік
қасиеттерді бойына сіңіреді. Сейтжан
ағамыздың даналығын, рухани асыл
мұраларын насихаттап, құрметтеуге
үйренеді.
1-жүргізуші:
-
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар,
құрметті әдебиет қауымдар! Қазақтың
біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын,
қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі
тұлғасы Сейтжан Омаровтың шығармашылығына
арналған "Жан жылуы - жақсылық "
атты әдеби сыныптан тыс іс-шарамызға
қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші:
Әдебиет пен тарих тектес ұғым. ХХ ғасыр
қыры мен сыры мол кезең. Қайғы қасірет
пен қуанышқа, жетістіктер мен кемшіліктерге
толы бұл заманда қазақ әдебеитінде
талантты қаламгерлердің шоғыры пайда
болы. Оладың туындылары – халқымыздың
өнері мен әдебиетінің асыл қазсынасы,
сарқылмас бұлағы екенін бүкіл ұрпақ
білген жөн.
1-жүргізуші:
6-сынып
оқушысы Малгаждаров Ерназар мен
Сейтенова Зәуреш Алиханова Сейтжан
Омаровтың «Келер ұрпаққа сәлем!» атты
өлеңін оқиды.
Уа,
келер ұрпақ,
Кемел
ұрпақ
Менен
саған бір хат қалсын.
Ұнаса
жадыңа сақтарсың,
Ұнамаса
жыртып тастарсың
Ақын
бабаң өмірден армансыз өтті,
Тірлігінде
барша мұратқа жетті.
Отанына
өз кірпішін қалап кетті.
Уа,
келер ұрпақ,
Кемел
ұрпақ!
Мен
кемеңгер Мұхтардың замандасымын,
Дана
Сәбиттің ізбасар-қаламдасымын,
Көркем
сөздің оты болмаса да қоламтасымын.
Уа,
келер ұрпақ,
Кемел
ұрпақ!
Біздің
мәңгі ұйқыға кетеміз, сендер қалсыңдар,
Біздер
жасаған дүниені қабыл аласыздар,
Ғасырлар
биігіне жасап барасыңдар.
2-Жүргізуші.
Сейтжан Омаров 1907 жылы Ақмола облысына
қарасты Атбасар уезінің Амантай
болысындағы екінші ауыл – Керегетаста
дүниеге келеді. Әкеден ерте айырылып,
жетімдік пен мұқтаждық михнатын көп
кешкен бала бүр түрлі зерек, дүние сырына
құштар екен. Бірақ оның молдадан үйренгені
ауылынан ұзағанда үйіне хат жазып,
«Анажан, аз аялдай тұр, балаң өмірге
жолдама іздеп жүр» - деген сәлемін
жеткізуге ғана жарапты. Сонда Сәкен
арапша шұбылған ирек жазуды бір жола
жиып тастады да, Атбасардағы жеті жылдық
орыс мектебіне түсіп оқуды басынан
қайта оқиды. Орыс мектебін бітіріп
Омбыдағы мұғалімдер курысында оқиды.
Содан соң туған ауылына оралып, ұстаздық
етеді. Өзінің «Өмірге жолдамасын» осылай
алыпты, еңбек жолын осылай бастапты.
Жазушы өмірінің бұл кезеңін оның «Өмір
тынысы» повесінде тамаша көрініс
тауыпты.
1-жүргізуші:
Сарнацкая
Алина «Желсіз түнде жарық ай» атты
әнін орындайды.
1-Жүргізуші:
Сейтжан атамыз достарына, әріптестеріне,
жерлестеріне ақыл беретін аға, үлгі
болатын адам, сенімді дос атанды. Соның
дәлелі, Сырбай Мәуленовтың Сейтжан
атамызға арналған «Баяғы сөзің әлі
есте» өлеңін 8 сынып оқушысы Кайралаев
Илияс пен Канағат Болатовна оқиды.
Сұр
шинельді киілген
Соғыстың
сонау жылдары
Аспан
мен жерді үйірген
Ауыр
күн есте тұр әлі.
Көңілім
толқын бір түрлі
Кеудеден
жұмбақ өлең кеп.
Жібердім
саған бір жырды
Қолының
ұшын берер деп.
Жазып
ем жауап сол хатқа
«Жігітім,
талмай серме»,-деп.
Дем
беріп сол сөз солдатқа,
Өлеңге
шықтым өрмелеп.
Сілтедім
қанша білмеймін
Келемін
көлкіп өлеңмен
Ойымның
отын үрлеймін,
Айналып
қиял төбемнен.
Қалғандай
қазыр қаз тұрып,
Баяғы
жырым нәресте.
Қуантқан
мені мәз қылып,
Баяғы
сөзің әлі есте.
2-жүргізуші:
Сейтжан атамыздың қай шығармасын алсақ
та олардың кейіпкерлері қарапайым еңбек
адамдары, зұлымдық пен қатыгездікке
қарсы шыққан абзал жандар. Себебі,
Сейтжан Омаров өзі өмірді шексіз сүйген,
адал, кішіпейіл, кішіге аға, үлкенге
іні, болған адам еді. Сейтжан атамыз
сонау әдебиет майданындағы өмір бойынша
романы бар, повесі бар, әңгімелері мен
очерктер жинағы бар – 30 шақты кітабын
жариялады.
1-жүргізуші:
7
А сынып оқушысы Сейтенова Сабина «
Балбырауын » күйін орындайды.
1-жүргізуші.
Сейтжан
Омаров – балажан адам. Сондықтан да
болар өз шығармаларын жастарға, балаларға
бұрып отырады. Балаларға арналған
алғашқы дүниелері – мысалдары, аңыздары,
«Аққу күйі» атты жинағында топтастырылды.
Содан кейін жиырма шақты жыл бойында
балаларға арнап көп болмаса да, әлденеше
шығармалар ұсынған. Солардың ішінде
«Хан тағы», «Алтын кейік», «Жолбарыс
пен түлкі», «Аң патшасы», «Толыбай
сыншы», «Аңқау арыстан» сияқты ертегілер
қазақ балалары әдебиетінің алтын қорнына
қосылған құнды дүниелер. Солардың бірі
«Аңқау
арыстан» ертегісін біздің сахнамызда
тамышалаңыздар.
2
–жүргізуші: Сейтжан
Омаровтың шығармалары көптеген тілдерге
аударылған. Солардың ішінен сіздердің
назарларыңызға орыс тілі мұғалімі
Плакстна Юлия Николаевнаның орындауында
«Аққу
күйі» әңгімесінен үзіндіні ұсынамыз.
Бұл тамаша туындыны орыс тіліне аударған
жерлес жазушымыз М.Зверев.
1-жүргізуші.
Сейтжан Омаров Атбасар жерінің түлегі.
Туған жеріне, туған ауылына деген
сүйіспеншілік сезімін жүрегінде өмір
бойы сақтап келген қаламгер. Өзінің
өлеңдерінде білдіреді. Мұндай өлеңдерге
«Керегетас» өлеңін жатқыза аламыз.
Керегетас.
Уа,
сүйікті мекенім, Керегетас,
Келдім
сенің жағаңда дүниеге.
Сені
көрсем толады көзіме жас,
Сол
күнімнің шертесің күйің неге?
2-жүргізуші:
Өкінішке
орай қазіргі кезде жазушы туған Керегетас
ауылы жоқ. Дегенмен Атбасар жерінде
жазушыны өз көзімен көрген туған туыстары
өмір сүріп жатыр. Олардың немерелері
біздің оқушыларымыз. Ол кісілер біздің
іс-шарамыздың құрметті қонағы болып
келіп отыр. Сөз кезегі Темпель Надежда
Никифоровнаға және Зейнеш апайға
беріледі.
1-жүргізуші.
Еліміздің
ардақты азаматы, қазақ әдебиетінің
дамуына зор үлес қосқан аяулы жерлесіміз
Сейтжан Омаровтың есімін әрқашан мақтан
тұтып, мәңгі есімізде сақтайық! Бүгінгі
біздің іс-шарамызды «Атамекен»
әнімен аяқтаймыз.
2-жүргізуші:
Біздің
іс-шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет.
Сау болыңыздар!