Материалдар / С++ программалау тілін үйренуге арналған есептер

С++ программалау тілін үйренуге арналған есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған С++ программалау тілін үйренуге арналған есептер жинағы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Джумадуллаева Улдарай Сералиевна - информатика пәні мұғалімі, кафедра меңгерушісі


Қазақ тілінде жарық көріп отырған бұл оқу құралы төл тілімізде дәріс алып жатқан оқушыларымыз үшін программалау негіздерінің қыры мен сырын меңгеру жолында көмекші құрал бола алады деген сенімдемін.

С++ программалау тілін үйренуге арналған есептер жинағы

Енгізу/шығару, меншіктеу операторы, арифметикалық операциялар

А есебі.

Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің мәні болып табылатын A және B натурал сандары берілген. Гипотенузаның мәнін табыңыз.

Енгізу форматы

Бөлек екі қатарда A және B (1 <= A, B <= 1000) натурал сандары берілген.

Шығару форматы

Есептің жауабын шығарыңыз.

Мысал

Енгізу

Шығару

3

4

5.0


Есептің шығару коды:

#include <iostream>

#include <cmath>


using namespace std;


int main() {

int a, b;

cin >> a >> b;

double c = sqrt(a * a + b * b);

cout << c;

return 0;

}


Есептің талдауы:

Пифагор теоремасы бойынша тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадраттарының қосындысы гипотенузасының квадратына тең. Гипотенузаның мәнін табу үшін түбір табатын sqrt() функциясын қолданамыз және ол үшін #include <cmath> кітапхана қосуымыз керек. Түбірден шығатын нәтиже нақты сан болуы мүмкін болғандықтан, шыққан нәтижені double типті c айнымалысында сақтаймыз.


B есебі.

Енгізу кезінде бір бүтін санды оқып, жауапқа мысалда көрсетілгендей форматта жауап шығаратын программа құрыңыз.

Енгізу форматы

Бүтін сан енгізіледі.

Шығару форматы

Есептің жауабын шығарыңыз.


Мысал

Енгізу

Шығару

179

The next number for the number 179 is 180.
The previous number for the number 179 is 178.


Есептің шығару коды:

#include <iostream>

#include <cmath>


using namespace std;


int main() {

int n;

cin >> n;

cout << "The next number for the number " << n << " is " << n + 1 << "." << endl;

cout << "The previous number for the number " << n << " is " << n - 1 << ".";

return 0;

}


Есептің талдауы:

Жауапқа шығару кезінде тырнақшаның ішінде жазылған текст дәл солай жауапқа шығады, сол себепті берілген санды сақтап тұрған айнымалыны және ол қолданылған өрнектерді тырнақшаның сыртында бөлек шығарамыз.


C есебі.

Қоржындағы K алманы N оқушы өзара теңдей бөліп алды және бөлінбейтін бөлікті қоржында қалдырды. Әрбір оқушы қанша алмадан алды?

Енгізу форматы

N және K натурал сандары берілген.

Шығару форматы

Есептің жауабын шығарыңыз.

Мысал

Енгізу

Шығару

3

14

4


Есептің шығару коды:

#include <iostream>

#include <cmath>


using namespace std;


int main() {

int n, k;

cin >> n >> k;

cout << k / n;

return 0;

}


Есептің талдауы:

Берілген алма санын оқушылар санына бөлгенде әрбір оқушы алатын алмалар саны шығады. Бүтін типті (int) айнымалылар, бүтін константалар арасындағы арифметикалық операциялар бүтін типті (int) нәтиже беретінін ұмытпауымыз керек.


D есебі.

Қоржындағы K алманы N оқушы өзара теңдей бөліп алды және бөлінбейтін бөлікті қоржында қалдырды. Қоржында неше алма қалды?

Енгізу форматы

N және K натурал сандары берілген.

Шығару форматы

Есептің жауабын шығарыңыз.

Мысал

Енгізу

Шығару

3

14

2


Есептің шығару коды:

#include <iostream>

#include <cmath>


using namespace std;


int main() {

int n, k;

cin >> n >> k;

cout << k % n;

return 0;

}



Есептің талдауы:

Берілген алма санын оқушылар санына бөлгендегі қалдық қоржында қалатын алмалар санына тең болады.


Е есебі.

Берілген натурал санның соңғы цифрасын шығарыңыз.

Енгізу форматы

Натурал сан берілген.

Шығару форматы

Есептің жауабын шығарыңыз.

Мысал

Енгізу

Шығару

179

9


Есептің шығару коды:

#include <iostream>

#include <cmath>


using namespace std;


int main() {

int n;

cin >> n;

cout << n % 10;

return 0;

}


Есептің талдауы:

Берілген санды 10-ға бөлгендегі қалдық сол санның соңғы цифры болып табылады.



F есебі.

Берілген натурал санның ондық цифрасының мәнін табыңыз.

Енгізу форматы

Натурал сан берілген.

Шығару форматы

Есептің жауабын шығарыңыз.

Мысал

Енгізу

Шығару

179

7


Есептің шығару коды:

#include <iostream>

#include <cmath>


using namespace std;


int main() {

int n;

cin >> n;

cout << (n / 10) % 10;

return 0;

}


Есептің талдауы:

Берілген санды 10-ға бөліп, пайда болған санды 10-ға бөлгендегі қалдық берілген санның ондық цифры болып табылады.


01 Маусым 2024
331
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі