Материалдар / С, Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы,

С, Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы,

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары С.Сайфуллин өмірі мен шығармашылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2023
180
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

 

Топ:  1 топ

 

 

Ашық сабақ жоспары

 

Сабақтың тақырыбы:  Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өткен тақырыбы бойынша оқушылардың білім, сөз қорларын пысықтау. Студенттерге Сәкен Сейфуллин туралы түсінік бере отырып, ақын өлеңінің тақырыбын, мазмұнын, көркемдігін, құрылысын меңгерту. Шыңармашылығын жан-жақты талдау, оқу, оқушылардың пікірін, көзқарасын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Студенттердің  ой-өрісін, тіл байлығын дамыту және сөйлеу,жазу шеберліктерін арттыру. Сыни тұрғысынан ойлауға, өзінше ой түюге баулу, танымдық түсініктерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Өлеңді сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқыту,мәнерлеп оқу,сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, әңгімелеу, баяндау,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, интербелсенді тақта, слайд

Пәнаралық байланыс: тарих

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

 

І. Ұйымдастыру бөлімі: студенттерді түгендеп, сабаққа дайындылығын тексеру. Сабақта жоқ студенттердің себептерін сұрай отырып, журналға белгілеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: үй тапсырмасына студенттер өздері үйден дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды.

ΙІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Сыр сандық» өлеңінен үзінді оқу.

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара , сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара жырласын!

Сұлу сымда перне әуені,

Перне әуені жыр айтар.

Көңіл ашар тербеу әні,

Тербеу әні сыр айтар.

Шыққанбыз дос, шыңға талай,

Талай сырды ойланып,

Ақтарарлық алтын сарай,

Алтын сарай қойманы.

Бүгінгі сабақта Сәкен Сейфуллин атты алтын сарайды аралайық.

Сәкен - біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер Сәкен - өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Сәкен - тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлы да сазды ән шығарған талантты композитор.

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Туған жері: қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы , ( бұрынғы Жаңаарқа ауданы) Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы.

Өмірінен деректер:

1905-1908 Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.

1908-1913 Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде оқыды.

1913-1916 Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын,Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған

1917 Ақмола Совдепі президиуымының мүшесі.

1918-1919 1918 маусым ақ казактар мен контр-революцияшыл чехослвактардың көтерілісі кезінде Ақмолада Кеңес өкіметі құлап, Сәкен жолдастарымен революция дұшпандарының қолына түседі, Ақмолада, Петропавл түрмелерінде, атаман Анненковтың «Азап вагонында», Колчактың Омбы лагерінде ауыр азаптар шегеді.

1919ж. Қашып шығып, «Дүйсенбі» деген жалған ат жазылған құжатпен жаяу Павлодар, Баянауыл арқылы туған еліне жетеді. Одан кейін қазіргі Тараз қаласына келіп, Совдептің көмегімен Сарысу, Шу өзенінің бойындағы елдерде кеңестендіру жұмысын жүргізеді. Елді Колчак үстемдігіне қарсы көтеріліске ұйымдастырып, Ақмола уезінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысады.

1920 Қазақ Автономиялық Республикасы құрылған съезде Қазақстан Орталық Атқару комитетінің Төралқа мүшесі болып сайланады. Жер-су комиссиясының төрағасы.

1922-1925 Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.

1922 «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы.

1925 Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының басшысы.

1927 Қызылорда Халық ағарту институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директорыы.

1932 «Әдебиет майданы» ( қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы.

1934 Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры.

1936 Әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған Еңбек Қызыл ту ордені берілді.

1937 Тұтқындалды.

1938ж.26.02. «Халық жауы» ретінде атылды.

 

Қызметі:

Топтастыру.

 Ақын :

1. «Өткен күндер» (1914), «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926)

2. Поэмалары: «Аққудың айырылуы» (1925), «Советстан»(1925) , «Көкшетау» (1929), «Альбатрос»(1933), «Қызыл ат» (1933-34)

Жазушы:

1.      Повестері: «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы (1927)

2.      Драматург: «Бақыт жолына» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920)

Педагог: Әдебиет тарихын зерттеуші ғалым: «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»,

«Батырлар», «Қазақ әдебиеті»

Публицист:

1.    Композитор: «Біздің жақта», «Сарыарқа», «Көкшетау», «Ақсақ киік»,   «Тау ішінде», «Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар»

«Көкшетау» әнін тыңдау.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:

1.      Сәкен Сейфуллин қандай ақын?

2.      Поэманың құндылығы неде?

Сәкенге арнау. (Студенттер арнау өлеңін оқиды.

( Клипті көрсету «Сұңқар ақын»)

 

V. Сабақты қорытындылау және рефлексия

Күн шуақтың ішіне сабақты меңгергендігіне немесе, толық меңгермесе, және мүлдем түсінбесе соған сай суреттер қою.Сабақты меңгергендігін, толық меңгермесе сұрақтар  жазу, немесе мүлдем сабақты түсінбесе күн шуақтың аз нұрын шашып тұрғанға түрлі түсті қағаз арқылы өз ойын жазу арқылы кері байланыс жасау.

VΙ. Үй тапсырмасы:  Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы

                                       Сәкен атаға хат.

 

                                    Пәні мұғалімі:                                  Каримшихова.Ф



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ