400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

саабақ жоспары "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мерзімі: 21.12.2017ж №15

Тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: адамгершілік, махаббат

Мұғалiм: Елеусизова С Класс: 8 Оқушылар саны: 10


Сабақ мақсаты: Оқушыларға «махаббат» ұғымының сүйіспеншілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- өз махаббаттарын күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;

- жаныңда жүрген адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

- сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, музыкалық әуен, видео

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару 5Т

Тыныштық сәтi «Су асты патшалығына саяхат»

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру

«Жәмила» Ш.Айтматовтың шығармасын оқу

  • Данияр өз махаббатын қалай білдірді?

  • Даниярдың жан дүниесін қалай сипаттап берер едіңдер?

  • Махаббат адамға ерекше көңіл күй сыйлайды дегенге келісуге бола ма?

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Адамның жақсысы адамға сүйіспеншілікпен қарағанда» \Абай

Дәйексөз оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту.


Әңгiмелеу бейнекөрініс

Миллиондаған адамдардың жүрегіне ой салған соқыр адам туралы бейнекөрініс

  • Бейнекөріністен қандай ой түйдіңдер?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқулықта терілген өнер шығармаларымен танысып, өзара салыстырып түсіндіру


Топпен ән айту.

«Арманға бірге барайық» өлеңін айту


Үй тапсырмасы.

Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасын оқу


Соңғы тыныштық сәтi. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі