400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ш.А.Амонашвилидің еңбегіне пікір

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәнінің мұғалңмдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абдинурова Айжамал Мырзашерқызы

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

А.Асқаров ЖОМ, Түлкібас ауданы



Ш.А.Амонашвилидің еңбегіне пікір

Мен өз пікірімді Ш.Амоношвилидің мына әңгімесімен бастағым келіп отыр.

Бала өсті. Айнаға жиі қарап ашуланушы еді.

— Мен қандай сұрықсызбын!

Атасы бұл сөздерді естігенде , немересіне  былай деді:

— Сенің сұлулығың сенің мейірімділігіңде -деп ақыл айтты.

Бала атасына сеніп,  барлық жерде және барлығына жақсылық жасай бастайды. Ол әрқашан жақсылық жасауға асығып тұратын және өзінің  ұсқынсыз екенін ұмытып кетеді.

Уақыт өтті. Ол бозбала жігіт болды.

Бір күні , ол  өзіне  қарап тұрған  екі сұлу қыздардың өзі туралы айтып жатқанын құлағы шалып қалады :

— Қандай  сүйкімді жігіт!

— Оның жүзі ішкі  жан сұлулығымен жарқырайды !

Сонда жас жігіт өзінің атасын еріксіз еске алады.

« Дана атам Сізге рахмет !», — деп ойлады.

Бұл әңгімеде атасы немересіне сұлулық келбетте емес, жүректе екенін түсіндірді.  Әр адамның жүрегінің жібектей, жүрегі нұрға бөлеген деп те айтып жататыны рас. Сұлулық  табиғатта бар, және де адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығы бар, соның ішінен жан сұлулығы маңыздырақ. Бұл педагогика бала бойында оның еркін жігерін айқындау арқылы бала тұлғасын тұжырымдап, ұстаз махаббаты, жоғарғы руханият секілді қасиеттерге бар әрекеттерін негіздейтін педагогикалық жүйелерді құрастырады. Бұл педагогика ұстаздық шығармашылықты ынталандырып, педагогикалық өнерге шақырады. Гуманды педгогикалық ой шексіздікті қамтуға ұмтылады, ал осы ерекшелік оның ауқымында пайда болған білім беру жүйелер мен үдерістерге күш береді».

Ш.Амонашвилидің «Мектепке алты жастан» деген кітабында «Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің тиімді түрде жүзеге асырылуы толықтай мұғалімнің тұлғасына байланысты» деп есептейді Ш.Амонашвили. Ол ең негізгісі деп есептейтін төмендегі тұлғалық қасиеттерге басты назар аударады:

     Біріншіден, баланы сол қалпында жақсы көру. Тентек пен тілалғышты, ұғымтал мен ойлау   қабілеті төмен, ұқыпты мен жалқау оқушыларды бөліп жармай, барлығын да бірдей жақсы көру керек.  Балаларға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік бар жерде қатыгездік болмайды, намысына тиетін сөздер айтылмайды, олардың әрбір жетістіктеріне қуанып отырасың;

     Екіншіден, оларды түсіне білу, яғни солардың көзқарастарымен санасу, оларды ересектерше қабылдау, қамқорлық танытқанына қуану, ақылдасып отыру. Олардың танытқан қамқорлықтары  мен әрбір ісіне кешіріммен емес, үлкен құрметпен қарау керек. Балаларды түсіну дегеніміз – оларды билігіне бағындыру емес, керісінше олардың бүгінгі өміріне сүйене отырып, болашақ өміріне алғашқы дәндерін себу. Бала жүрегінің тебіренісі мен жан дүниесінің қозғалысын түсіне білген педагог оқушысының тәрбиесімен тереңдей айналыса алады.

     Үшіншіден, оптимист болу, тәрбиенің оң әсер беретіндігіне сену қажет. Бұл әңгімеде баланың ішкі жан дүниесіне тереңдей ену, осыған байланысты тәрбие берудің, оқытудың, дамытудың түрлі жолдарын қарастырылған.

     Төртіншіден, мұғалімнің бойынан адамға тән жақсы қасиеттердің барлығы – күлімсіреу, қаталдық, ұстамдылық, салмақтылық, сезімталдық, шынайылық, зияткерлік, тіл табысушылық, өмірге деген махаббат болуы керек.

     Ұстаздың осындай талпынуы аса маңызды. Ол – бұрынғы және қазіргі заманғы ұрпақтардың рухани құндылықтары мен бала арасындағы дәнекерші. Осы құндылықтар, білім, моральды-этикалық нормалар балаларға дейін стерильді түрде жетпейді, керісінше мұғалімнің тұлғалық қасиеттері мен олардың бағасын аңғартады. Адамгершілік қасиеттері бар ұстаз балаларды білімге үйрете отырып, сонымен қоса, оларға өзінің мінез-құлқы арқылы ықпал етіп, балалардың көз алдында адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі болып көрінеді - деп айтылған.

Ш.А. Амоношвилидің еңбегіне пікірімді «Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық» атты әңгімесімен қорытындылаймын. «Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айтқыза алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті. Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетіңнің құны көк тиын» деп бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті. Жаратылыстың барлығы екі қарама — қарсы нәрседен тұрады: ақ — қара, күн — түн, ыстық — суық, жақсы — жаман.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер жаман қасиеттер көрінісі болып табылады.Сұлулық жүректе де, келбетте де болады, бірақ бірінші ішкі жүрегіне мән берген дұрыс, содан соң жан сұлулығына
!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
686
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі