400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабағымда жиі қолданылатын жаңылтпаштар, тақпақтар, мақал-мәтелдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мұғалімдерге қажет материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтарымда жиі қолданатын мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар,тақпақтар, ертегілер.







Мақал – мәтелдер



Ат –адамның қанаты





Аттан айрылсаң да,

Ер – тоқымнан айрылма





Құтты қонақ келсе

Қой егіз табады





Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын





Өнерлі бала -сүйкімді





Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы

Жер таусыз болмайды,

Халық хансыз болмайды



Батыр бір рет өледі

Қорқақ мың рет өледі



Сөз сүйектен өтеді





Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар





Өнер – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы



Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.





Бірлік болмай, тірлік болмас.





Күш - білімде



Оқу – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы





Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.





Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.





Өнерлі өрге жүзеді

Еңбек түбі - береке





Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.



Қыз – қуыршақ,

Бала - құлыншақ





«Сіз» -деген -әдеп,

«біз» -деген – көмек





Әдепті бала

Ата – анасын мақтатар.

Әдепсіз бала

Ата- анасын қақсатар



Сәлем – сөздің анасы.



Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені



Ата балаға сыншы



Ата – бәйтерек,

Бала -жапырақ



Батаменен ер көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер.



Атадан бала туса игі,

Ата жолын қуса игі.





Еріншек екі істер.



Ананың сүті – бал,

Баланың тілі - бал.



Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.



Сиырдың сүті –тілінде.



Малды бақсаң, сиырды бақ

Сүт кетпейді шарадан.

Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.



Дала көркі – мал,

Өзен көркі –тал.





























Жаңылтпаштар



Ақ матадан ақ мақта ақ па?

Ақ матадан ақ мата ақ па?





Малға қорек керек,

Оған жарма, кебек те қорек.

Мұндай асау

Тумас – ау!

Шүу асу да

Құрық түссе,

Мынау– асау

Жуас – ау.



Қырда қырау,

Қызыл ала бұзау.

Тауда тарғақ,

Тарғыл ала торпақ.





Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.

Қойымыз семіз,

Қозымыз егіз.

Өзіңіз келіп,

Көрсеңіз дейміз.





Дән –дәулет.

Дәулет –дән.

Сән – сәулет.

Сәулет –сән.

Қар аппақ,

Дала аппақ-

Бәрі аппақ...

Қарап бақ.



Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс.

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.



Көктемде шөп өсер жер

Мал келер, мал өрер жер.



Шілікті шаптым

Жілікті астым

Шілікті жақтым

Жілікті шақтым



Айта – ата жақ талды

Қайта – қайта жатталды

Қайта – қайта жақ талды

Айта – айта жатталды.



Оқуға салақтар

Тек кітап парақтар

Сабақта алақтар

Далада далақтар.

Маубас,

Сарбас,

Сарбас

Маубас

Жата – жата,

Жауыр,

Жамбас.

















Жұмбақтар



Тау, тау ақ қар,

Ерімейді ыстықта

/мақта/



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
19.03.2019
913
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі