400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабак жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасуға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



Күні : 30.06.2017ж Мұғалімнің аты жөні: Сакупова А


Сынып:5 Қатысқандар 20 Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына


сурет салған?

Оқу мақсаты

5.2.2.1-ежелгі адамдардың тұрмыс-салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану.

5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ежелгі діни наным-сенімдерді анықтайды



Оқушылардың басым бөлігі: алғашқы қауымдық өнердің ерекшеліктерін сипаттайды.


Кейбір оқушылар: ежелгі діни наным-сенімдерді ажырата алады және оларды бүгінгі күнмен байланыстырады.

Бағалау критерийі

- Тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді анықтайды

- Алғашқы қауымдық өнердің ерекшеліктерін сипаттайды

- Суреттер арқылы ежелгі діни наным-сенімдерді өмірмен байланыстырады.


Тілдік мақсаттар

Диалогқа арналған тармақ:

  • Ласко үңгіріндегі суреттердегі бейнелердің шеберлікпен салынғанын сипаттай алады.

  • Суреттер мен сөздерді пайдалана отырып өз көзқарастарын қорғап пікір таласқа қатыса алады.

Жазылымға арналған тіркестер:

- діни наным-сенімдердің түрлерін анықтап кестеге жазады

- үш сөйлемнен тұратын эссе жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  • тотемизм, анимизм, фетишизм, магия

Құндылықтарға баулу

Осы мақсаттарды жүзеге асыра отырып оқушыларды адамдардың діни- наным сенімдерін құрметтеуге, тарихи ескерткіштерді қорғауға, сақтауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы- 5 сынып §7. Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері

Бейнелеу өнері –6 сынып. §1-2.Өнердің пайда болуы.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Алғашқы адамдардың пайда болу теориялары, адам эволюциясының даму сатысы туралы біледі.


Сабақ барысы


Сабақ кезең-

дері

Уақы

ты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

Ресурс

тар

Сабақ-

тың басы










7мин

















Сабақтың тақырыбын ашу үшін «Қағаз қиындылары» ширату өткізу:


  • Оқушыларға жан-жануарлардың суреттерінің қиындылары беріледі.

  • Оқушылар қиықтардан бүтін сурет құрастырып, сол аңның суреті бойынша топ құрайды.

  • Сұрақ: Қолдарыңыздағы суреттердің бүгінгі сабағымызға қандай байланысы бар деп ойлайсыз?

  • Тақырыпты анықтағаннан кейін оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру

Бүкіл сыныптық талқылауға арналған тапсырма:

Оқушыларға бейнебаян көрсетіледі.

1-қадам бейнебаянмен танысады.

2-қадам оқушылар мына сұрақтарға жауап береді:

  • Ласко үңгірінен қандай аңдардың суреттерін көрдіңдер?

  • Бұл суреттерді ежелгі адамдар салды деп ойлауға бола ма?

  • Алғашқы адамдар бұл суреттерді үңгір қабырғасына неге салған?

3-қадам Бір сөйлеммен қорытындылаңыз.






















Ласко үңгірі бейнебаян

https://www.youtu

be.com/watch?v=J

0l3xeGe6tQ




Дүние жүзінің саяси картасы



Сабақ-

тың ортасы


10

Мин

































10 мин





























10

мин


1–тапсырма: Мәтінді оқып танысып, ежелгі адамдардың наным сенімін анықтап сипаттау кестесіне анықтамасын жазады.

Әдісі: Сипаттау кестесі

Ұғымдар

Анықтамасы










ҚБ: Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында «элективті тест» жүргізіледі. Оқушылардың қолында А, В, С, Д карточкалары болады. Тақтадан берілген сұрақтардың нұсқаларын көтереді.

  1. «Әр бір ру өздерін белгілі бір қасиетті жануар немесе өсімдіктен тараған деп ойлаған» - бұл қандай наным-сенім?

А) Анемизм; В) Фетешизм; С) Тотемизм; Д) Магия.

2.Табиғаттағы құбылыстардың жаны бар деп, табиғат құбылыстарын дәріптеу

А)Петроглиф; В) Магия; С)Анимизм; Д) Культ

3. Жас балаларға көз тимесін деп үкі, моншақ тағу

А)палеолит; В) саналы адам; С) петроглиф ; Д)фетиш

4.Құдайлардың адамдарға мейірімін түсіру үшін құрбандық шалу, олардың тас пен ағаштан жасалған мүсіндерінің қасына сыйлықтар апару

А)Эволюция; В) Магия; С)Культ; Д) Петроглиф

Бағалау критерийі

Дескриптор

- Тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді анықтайды


  • Ежелгі адамдардың наным-сенімдерін анықтайды;

  • Наным-сенімдердің анықтамаларын сипаттайды.


2–тапсырма. Мына суретке атау беріңіз және не бейнеленге- нін әңгімеле.

Әдісі: Жазу немесе нобайлау



Барынша қолдау көрсету: Тізбектен не түсіп қалған?

Алғашқы суретшілердің суреттерінде басты бейне ... болды.

Адамдар егер ... жараланған жануар суретін салса, олар осы мекеннен ешқайда кетпейді деп сенген.Адамдардың тіршілігі ... сәтті болуына байланысты еді.

Орташа қолдау: түрткі сұрақтар беру арқылы қолдау жасалады :

  • Адамдар не жасап жатыр?

  • Осы суретте не көрсетілмей қалды?

  • Алғашқы қауымдық адамдардың ең басты кәсібі қандай іс болды?

Қолдау көрсету аз: Суретке қарай отыра әңгіме құрастырады.

ҚБ: «Бұрыштар тәсілі» Мұғалім оқушыларға бұл суреттегі көрініс қандай діни наным-сенімге жатады деп сұрақ қояды және оның мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Алғашқы қауымдық өнердің ерекшеліктерін сипаттайды

Діни наным- сенімдердің пайда болу себептерін түсінеді

Суреттерді пайдаланып қысқаша әңгіме құрастырады.

Қандай діни наным-сенім екенін анықтайды




3 - тапсырма. Осы діни сенімдердің қайсылары күні бүгінге дейін кездеседі?

Әдісі: Үш сөйлемнен тұратын эссе жазу.


ҚБ: «Автор орындығы». Автор жазған эссесін орындыққа отырып оқиды. Оқушылар бағалайды.


Бағалау критериі

Дискрептор

- Суреттер арқылы ежелгі діни наным-сенімдерді өмірмен байланыстыру.

- Тіл шеберлігі, мәнерлеп оқуы.


1.Суреттерге қарап 3 сөйлем эссе жазады.

2.Бүгінгі өмірмен байланысты- рады.




Сабақ-

тың соңы

8

мин

Сабақ «Бес саусақ» кері байланысымен қорытындыланды


Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу.Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестістім? Кімге риза болдым?

Ортан терек – ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?





Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетесіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз?





Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Бұл сабақта оқушылардың жеке қажеттеріне сәйкес 2-тапсырманы орындауда жеңілден күрделіге қарай ауысып тұрған тапсырма- лар дайындалды.

Барынша қолдау көрсету: сөз тіркестерін пайдалану арқылы

Орташа қолдау: түрткі сұрақтар беру арқылы

Қолдау көрсету аз: суретке қарай отыра әңгіме құрастырады және суретке атау береді.


-Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға шығармашылық бағыттағы тапсырма жоспарланды.




Оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін мына белсенді әдіс-тәсілдер пайдаланылады:

-Білу түсіну деңгейін анықтау үшін

«Сипаттау кестесін», сурет бойынша әңгіме құрастыру тапсырмасына «Жазу және нобайлау» және эссе, ал қалыптастырушы бағалау үшін «Элективті тест», «Бұрыштар тәсілі», «Автор орындығы» әдіс тәсілдері қолданылады

Бұл әдістерді таңдау себептерім оқушыларды оқуға тартуға, тапсырманы орындауға мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді

-Тапсырманы сәтті орындаған оқушыларға жұлдызша беру арқылы қолдау көрсетіледі.

-Сабақ «Бес саусақ» кері байланысымен қорытындыланады.

Сабақта «Қағаз қиындылары» ширату жаттығуларын, АКТ қолдану барысында қауіпсіздік ережесі сақталады.

Құндылықтарға баулуда оқушыларды адамдардың діни- наным сенімдерін құрметтеуге, тарихи ескерткіштерді қорғауға, сақтауға баулу, бейнебаян көрсету және үш сөйлемнен тұратын эссе жазу арқылы жүзеге асырылады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі