400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабак жоспары тақырыбы: Зат есім 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға арналған Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамытадыу. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге дағдыланады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақ тілі


Мектеп: 180 ЖББ КММ

2 «Ғ» сынып

Мұғалімнің аты-жөні : Протаева Б.

Сабақтың жабдығы

Көрнекі- құралдар: Компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, дидактикалық материалдар, тест, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың тақырыбы

Зат есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.3.1 Баяндау арқылы оқиғаны өз бетінше мазмұндай алады

2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.

Бағалау критерийлері

Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамытадыу.
Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге дағдыланады

Сөздік қор


Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Сурет сендерге ұнады ма? Неліктен?

Балалар қандай ойын ойнап жатыр?

Басқа да қандай жайттарды аңғардыңдар?

Құндылықтарды дарыту


Бейтаныс жағдаятқа қатысты өз идеялары мен сезімдерін түсіндіру және сахналау үшін сөздерді орынды қолдана алулары бағаланады

Пәнаралық байланыстар

Ойын түрлерінің ойналу тәртібін әңгімелеу және ойынды сахналап көрсету арқылы дене шынықтыру пәнімен байланыс орнайды.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында ұлттық ойындар тақырыбында таныстырылым қолдану және бейнефильм көрсету.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) Ұшқандай боп кекiлiк,

Биiк-биiк секiрiп,

Ойнап-ойнап, тез өсiп,

Кетемiз бiз жетiлiп.

Оқушылар бүгінгі күнгі сабақтарына сәттілік тілейді.

Ой қозғау.

Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

Зат есімнің сұрақтары қандай?

Ендеше, сол зат есімнің сұрақтары бойынша топқа бөлінеміз. (Кім? Кімдер? Не?) оқушылар қима қағаздарды алып, топқа бөлініп отырады.


Сабақ ортасы


Оқушыларға бейнежазба көрсетемін. Бейнежазбада зат есім туралы толық мағлұмат берілген. Оқушылар жаңа тақырыппен танысады.

«Дұрыс, бұрыс» ойынын ойнатамын. Интерактивті тақтадан сұрақтар шығады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді.

(Т) «Сөз сызба» ойыны.
Домбыра тартады ------------- жұлдыздар
Аспанда көрінеді ------------- құстар
Жем жейді --------------------- күйші
Көйлек тігеді ----------------- оқушылар
Орманда өседі ---------------- тігінші
Серуенге шықты ------------- ағаштар

Дәптермен жұмыс.

Күн ретін, көркем жазу жаздыру. «Сөз сызба» ойыны бойынша сөйлемдерді көшіріп жазады. Кім? Не?сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызады.

Дескриптор Білім алушы

  • Топтық жұмысқа белсене қатысады.

  • Жазу каллиграфиясын сақтайды.

  • Кім? Не?сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызады.

(Ж) Ендеше сабағымызды қорытындылай келе тест жұмысын орындаймыз.
1. Зат есім нені білдіреді?
а) заттың санын
ә) заттың қимылын
б) заттың атын
2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) Жандос
ә) дәрі
б) күлді
3. Аспан деген сөзді қайталайтын сұрақты тап
а) не істеді?
ә) не?
б) кім?
4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
а) Дәрігерлер, дәрілер
ә) күшік, әнші
б) қыс, торғай
5. Кім? Не? Қай сөз табының сұрағы?
а) етістік
ә) зат есім
б) сан есім.

imektep.kz








Сабақтың соңы

Үйге тапсырма. Дәптермен жұмыс.

Бағалау. Бағдаршам арқылы өздерінің сабақтағы іс-әрекеттерін бағалайды.

Кері байланыс.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі