400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабанмен байыған Сәлім

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныпқа дайын ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 24.04.2018 ж Класы: 4 «А» Пәні: әдебиеттік оқу 
Сабақтың тақырыбы: Әнуәрбек Дүйсенбиев «Сабанмен байыған Сәлім» 
Сабақтың мақсаты: Әнуарбек Дүйсенбаевтің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, “Сабанмен байыған Сәлім” әңгімесін түсіндіру, мағынасын ашу білімдерін тереңдету. 
Білімділігі: Оқушылар әңгіме мазмұны арқылы адамгершілік құндылығы туралы түсініктері кеңейеді, еңбек ету қызығушылығы оянады. 
Дамытушылық: Өз ойын жинақтай біледі, сұрақ жауап қою арқылы сөйлеу дағдысы қалыптасады. 
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, адамгершілікке, шыдамдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. 
Сабақ типі: ашық сабақ 
Сабақтың әдіс- тәсілдері: топтық, сахналау, сұрақ-жауап, еркін жазу,шығармашылық тапсырмалар 
Сабақтың жабдығы: Үлестірмелі парақшалар, интербелсенді тақта. 
Сабақтың барысы 
І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру және пысықтау
Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасына жауап беру 

Құдайберген Қазыбекұлының «Бата» өлеңін оқып, мазмұндау


Үй тапсырмасын қорыту сұрақ-жауаптары

1.Бата сөзінің мағынасын түсіндір.

2. Суға, отқа тасталған ақша мен үшінші рет отқа тасталмақыш болған ақшаның айырмашылығын бала қалай бағалады?

3. Әкесінің: «Маңдай термен емдедің көңілімнің жарасын» деген сөзін қалай түсіндің?

4. Егер сен баланың әкесінің орынында болсаң мәселені қалай шешер едің?


«Әрқашан күн сөнбесін!» ойыны

Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. Әр бұлтта тапсырмалар берілген. Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады. 

- Жаны ашыған анасы қандай әрекет жасады?

- Бұл істің арты немен аяқталды?

- Анасы баласына қандай кеңес берді?

- Ал, баласы анасының тілін алды ма?

- Әкесі баласына не деді?


ІІІ. Жаңа сабақ 
Қызығушылықты ояту 
Жақсы 
енді балалар, «еңбек» деген сөзді жиі қолданып жатырмыз манадан бері, енді интербелсенді тақтаға назар аударып, мына бір мақалдардың жалғасын тауып, мағыналарын ашайықшы. 
Мақал-мәтелмен жұмыс

Мақалдардың мазмұнын талдау.


І топ: 1.Еріншектің ертеңі .... (бітпейді) (Жұмысты атқармады, еңбектенбейді, ертеңге қалдыра береді, сол істелмей қалады) 
2. Еңбегін қатты болса, жегенің ... болады (тәтті) (Жұмысты көп атқарып, еңбектеңсен, жемісін көресін) 



ІІ топ: 1.  Еңбек етсең ерінбей, .... .... ... (тояды қарнын тіленбей) (Жаз бойы ерінбей еңбектенсең, дастарханын мол болады) 
2. Еңбек түбі – ..... (зейнет).

- Балалар, «Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындырымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.

- Міне, балалар, және өздерің тапқандай бүгінгі тақырыбымызда еңбекке байланысты.

- Олай болса Бүгін еңбек туралы Әнаурбек Дүйсенбиевтің «Сабанмен байыған Сәлім» әңгімесімен танысамыз.
Автор туралы мәлімет (хат арқылы)
Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.

Шығармашылығы

М.Ю.Лермонтов, Дж.Родари, С.Маршак, С.Михалков, А.Барто, М.Жалил, Я.Колас, Тоқтағүл секілді ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударған. 

Ой қозғау 
Оқушылар , бұл тақырыптың атауынан түсініксіз сөз бар ма сендерге? 
Дұрыс. 
«Сабан» - дегеніміз не? Бір оқушыға оқыту және интербелсенді тақтадан көрсету. Оқушыларға сабанның қандай өсімдіктерден алынатындығын түсіндіру. 
Оқулықпен жұмыс

Оқушылар мәтін бөліктерін интербелсенді тақта арқылы оқып немесе алдарына берілген қағаздардан мәтін бөліктерін оқып топта мәтіннің одан әрі қалай өрбитінімен ой бөліседі, келесі бөліктері де дәл осы бағытта орындалады.

«Еркін жазу» әдісі бойынша мәтіннен не түйгендерін 5 мин уақыт ішінде үздіксіз қағаз бетіне түсіреді. Жазғандарын әуелі жұпта сосын топта. Одан соң әр топтан бір оқушыдан тұрып, түсінгендерін айтады. 
Сергіту сәті

«Әке мен бала» бейнеролигін тамашалау
Оқушылар бұл жерден не түсіндіңдер?

 

Сөздікпен жұмыс Оқушылар жаңа сөздерді табады, мағынасын ашады. 
Тұрмыс тауқыметі – өмір қиыншылығы 
Енші беру – жеке үй болып шыққан балаға мал бөліп беру 
Басыбайлы – малай, құл 
Тебінгі – атқа салатын ердің аяқ тірейтін бөлігі 
Күпі – қыста киетін жылы сырт киім


«Қиындықтар» топтастыру (Сәлімнің басынан кешкен қиындықтары).

Шығармашылық тапсырма







Сабақты бекіту сұрақтары 
Кейіпкеріміз Сәлім қандай өмірді басынан өткерді? 
Кейіпкеріміз ненің арқасында байыды деп ойлайсыңдар? 
Сәлімге байлық бірден келді ме? 
Бас кейіпкер өмір қиыншылығын қалай жеңді? 
Оқиғаның басты ойын білдіретін сөйлем қайсы? 


Үй тапсырмасы

Мәтінді мазмұндау. Мәтінді оқи отырып кейіпкердің қандай қиындықтарды басынан өткергенін сипаттау.

Күнделіктеріне жазады 

Бағалау: Топ басшылары бағалау парақшасы арқылы топ мүшелерін бағалайды 

Кері байланыс: «Сәттілік баспалдағы»

Бүгін не білдіңіздер? Не үйрендіңіздер? Қандай тапсырма қиын болды? Сабақтан алған әсерлеріңіз қандай?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
692
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі