жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сабантой" күз мерекесі
Музыка залы мерекеге сай безендірілген. Ортаға 4 бала шығады.
1бала:- Құрметті ата-аналар,
қонақтар бүгінгі «Сабантой» ертеңгілігіне қош
келдіңіздер.
2бала:
- Қош келдіңіз, көрермен
«Сабантой» ертеңгілігіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
3бала:- Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық уа, халайық!
Алтын күз мерекесі бақшамызда.
4бала:- Көргенде қуанасыз таза әуелі,
Құлаққа естілгендей күз әуені.
Жыл сайын тойланатын төл мерекең,
Құтты болсын «Сабантой» қазақ елі!- Олай болса, ортаға сонау байтақ қазақ еліміздің жер-жерлерінен Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан, Шығыстан Қазақстаннан келген қонақтарды қарсы алайық. (Музыка әуені орындалады 4 бала шығып кетеді) Жүргізуші:- Енді ортаға Солтүстік Қазақстаннан келген қырманшы жігіттерді, қыздарды шақырамыз. (музыка әуені орындалады. Балалардың қолдарында бидай сабақтары, күлше нан үстап шығады. Ортаға келіп тұрады.) Қырманшылар:-
Көктемде егін егетін, Ел егінді жинайды, Астық-дала сәулеті,
Күзде жиын беретін. Қырманға дән симайды. Астық-Отан дәулеті.
Біздің дала-бай дала, Біздің дала- бай дала, Біздің дала- бай дала,
Алтын астық айнала. Алтын астық айнала. Алтын астық айнала!
(қолдарындағы өнімдерін ортаға столдың үстіне қояды)
Жүргізуші:- Ортаға Оңтүстік Қазақстаннан келген Мақтарал ауданынан келген қонақтарды қарсы алыңыздар!
(Музыка әуені орындалады. Балалардың қолдарында күзгі өнімдері мақталарды алып келеді.)
Мақташылар:-
Біздің ауыл Мақтарал,
Мақтаралда мақта бар.
Бәрі көріп тамсанар,
Біздің аппақ мақтаға.
(қолдарындағы өнімдерін ортаға столдың үстіне қояды)
Жүргізуші:- Ал, енді ортаға Жамбыл облсының диқаншыларын шақырамыз, қарсы алыңыздар!
Диқаншылар:-
Өнім биыл тамаша! Алма, өрік, шие, алмұрт, Мәуе пісіп балбырап,
Көз тоймайды қараса. Жидек, жүзім піседі. Маужыраған қоңыр күз.
Шалқан, сәбіз, картоп, қияр, Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз, Алма пісіп албырап,
Қызанақ, пиязға қарашы! Дүкендерге түседі. Көзді тартқан көркіңіз.
(Музыка әуені орындалады. Балалар көкөністерін, күзгі өнімдерін ортаға стол үстіне апарып қояды.)
1бала- Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке
Балалар---САБАН ТОЙДЫ
ТОЙЛАЙМЫЗ! (Балалар
отырады)
Жүргізуші:-Міне, қырмандағы жиын-терін
де аяқталды. Халық қоймаларын астыққа толтырып, енді демалып,
сабантой жасайды. Сабантой-еңбек қуанышы, ол молшылық мерекесі.
Халық бұл мерекеде ән айтады, би-билеп, ойындар-ойнап көңіл
көтереді. Ал, бүгінгі біздің мерекедегі сабантойымызды «Күзгі
вальс» биімен бастаймыз.
Би: «Күзгі вальс»
Жүргізуші:- Толқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Бүгінгі «Сабантой» мерекесін,
«Күзгі әуен» әнін шырқайық - Балалардың орындауында
«Күзгі әуен» әні шырқалады. (қолдарына жапырақтар ұстайды)
Ән:«Күзгі әуен»
1.Күзгі, күзгі әуен,
Күзгі әуен не деген.
Оның әнін тыңдаңыздар,
Қосылып бірге жырлаңыздар
У-у-у –о-о-о-а-а-а Күзгі әуен тамаша. 2рет.
2. Күзгі, күзгі әуен,
Күзгі әуен не деген.
Жапырақтармен билеңдер,
Тамашалап көріңдер.
У-у-у –о-о-о-а-а-а Күздің биі тамаша. 2рет.
3. Күзгі, күзгі әуен,
Күзгі әуен не деген.
Оның әнін тыңдаңыздар,
Күзге сәлем айтыңыздар.
У-у-у –о-о-о-а-а-а Күз өте тамаша. 2рет.
Жүргізуші:- Балалар бүгінгі сабантой мерекемізді қызықты әрі көңілді өткізу үшін, келген қонақтарымызға «Күз бен көкөністер» деген сахналанған ертегіні көрсетейік. Сахналық ертегіні балалар ойнайды. (асқабақ, сәбіз, қызылша, қырыққабат, баялды). Көкөністер залдың ортасында әр жерге отырады. Музыка әуені ойналады. Көкөністер көздерін жұмып алған. Осы кезде ортаға асқабақ жүгіріп келеді. Асқабақ:- Қарауыл! Қарауыл! Не болып кетті өзі! Бізге не болайын деп тұрғанын тіпті ойларыңа кіріп-шығатын емес қой! Қызылша:- (орнынан тұрады) Не болды, асқабақ? Тезірек айтшы, қатты толқығаннан күйіп-жанып барамын. Тіпті қызарып кеттім-ау деймін! (алақанымен бетін ұстайды)
Барлық көкөністер: - (орындарынан тұрады) Тезірек айтшы, Асқабақжан!
Асқабақ:- Жақында күз келеді! Нөсерлеп жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа ұшады. Күн қатты суытады. Сосын ішің пысады.
Барлық көкөністер:- ОЙ, ОЙ, ОЙ,- Неболғаны сонда?
Сәбіз: - (көзіндегі көзілдірігін түртіп әрі-бері жүреді) С-о-л-а-й! Де. Әуелі күз дегеннің кім екенін, бізге не үшін келетінін біліп аламыз. Біз ешкімді де қонаққа шақырған жоқпыз ғой!
Барлық көкөністер:- Шақырған жоқпыз! Шақырған жоқпыз!
Қырыққабат:- (ерекше интеллигент, залдың ортасына келіп тұрады) Мен мүлдем қарсымын! Келетін қонақты дұрыстап қарсы алу керек. Танысып достасуымыз керек! Ия, біз бір-бірімізбен қалай дос болсақ Күзбен де солай достасуымыз керек!
Баялды:- Ал, егерде Күз жауыз, жаман болып шықса ше? Біз ол жайында түк білмейміз ғой!
Асқабақ:- Күз келеді жыл сайын,
Жұрттың бәрі біледі.
Тойғызған соң құрсағын,
Жұрт ырза болып жүреді.
Қане, балалар, көмекке келіңдер.
Жүргізуші:- Олай болса балалар, көкөністерге көмектесіп Күздің кім екенін, бізге қалай келетінін жұмбақ айтып шешіп берейік.
|
1бала:- Ашық сары, шымқай қызыл, қызылсары бояулар Мұндай кезде әр жерге кеп қоналар. Жапырақтар қызыл-сары өрнегіндей кілемнің, Бояған кім? Қандай мезгіл? Айта қойшы біреуің. (Күз мезгілі) |
2бала:- Күн жауады сұстанып, Келтіреді ызаңды. Ұзақ күндер қысқарып, Қысқа күндер ұзарды. Кейде шайдай ашылып, Күн еш әлек салмайды. Жұрт мұндайда асығып, Қысқа азық қамдайды. Қане, кімнің ісі бұл? Шамаң келсе, түсіндір! (Күздің ісі) |
|
3бала:- Қозғалуға ерінер, Қарны оның шарадай. Бәлкім қызық көрініер, Өтпейді жұрт қарамай. Оның басты арманы, Қозғалғысы-ақ келеді. Әр күн сайын салмағы, Тіпті ауырлай береді. Қозғалмайтын мүлде, Кім айтады, бұл не? (Асқабақ) |
4бала: - Өзі доптай домалақ, Ыстық күнде тоңғандай. Жапырақтарымен он орап, Киіндіріп қойғандай. Кім айтады бұл не өзі? (Қырыққабат) |
|
5бала:- Әр қабықтан оншақты, Түсіріп мен моншақты. Ас дайындап жедім. «Қандай дәмді!» дедім, Кейде өзі қатты, Пісіргенде жұмсақ. Бұл не өзі тәтті? (Бұршақ) |
6бала:- Жүз қабат тон кигені, «Тондыратын кім мені!» Деп отырған атайдың Әдеті осы күндегі. Әркім алыс жүреді, Қорқу деген сол болар. Шешіндірсе біреуі, Көзінен жас сорғалар. Кім айтады, бұл не өзі? (Пияз) |
|
7бала:- Бізде олар қыстамайды, Ешкімге де ұқсамайды. Күлгін түсті киімдері, Ізеті ғой иілгені. Білеміз оны біз. (Баялдыны) |
8бала:- Ірілігі дәл алмадай, Жей бересің таңдап алмай. Сәл қышқылтым сөлі қандай, Жей бересің шөлің қанбай. Жазда жасыл, күзде қызыл, Ойнау үшін үзбеңіз құр! (Қызанақ) |
|
9бала:- Егістікте үй жатыр, Күрең жасыл бояуы. Санаса өзін кім батыр, Келіп көрсе болады. Қызығы оның желіге Құйрығынан маталған. Тартсада ол тегіне, Бізде не деп аталған? (Қияр) |
10бала:- Жасыл үкі басында, Қызғылт ару мақтаулы. Өзі жердің астында, Көрінбестей сақтаулы. Кісіге өзін іздеген Таппас амал ойламақ. Ал бізбенен, бізбенен, Жасырынбақ ойнамақ. Кім айтады, бұл не екен? (Сәбіз ғой) |
|
11бала:- Ұсағындай ағаштың, Жиекте өсіп тұрады. Қазып қалсаң сәл астын, Жер нандары шығады. Көзге ілмей жүрмегін, Оны жеген жан тоқ қой. Айта қойшы білгенің, Оның аты? (Картоп қой) |
12бала:- Жап-жасыл да бұрымы, Бояу да ол қолайлы, Күрең қызыл түбірі. Нені болсын бояйды. Түбірі ғой домалақ, Көрсетпейді түбірін. Балдан тәтті шырыны. Көкөністің аты не, Айтсын, білсе мұны кім? (Қызылша) |
Қызылша:- Жоқ. Әзірше Күз мені ешқандай іс-тірлігімен қорқыта қойған жоқ.
Асқабақ:- Мені де қорқыта қойған жоқ. Балалар Күз туралы жақсы біледі екен. Балалар айтыңдаршы сендер тағыда Күз туралы не білесіңдер.
Жүргізуші:- Біз Күз мезгілінде пісетін көңілді көкөністер туралы әнді жақсы шырқаймыз.
Полька әні: «Көңілді көкөністер»
1.Алтын күнді күз келіп,
Ақша бұлтқа орады.
Қызанақ пен қызылша,
Билеп сауық құрады.
2.Тізіледі моншақтар,
Шеңбер құрса бұршақтар.
Сәбіздер жүр дөңгелеп,
Қиярменен би-билеп.
3.Домаланып қырыққабат,
Асқабақтар барады.
Бақшамызда қызып тұр.
Көкөністер парады.
Жүргізуші:-Жапқандай жапырағымен іздерді,
Қуантып байлығымен ізгі елді,
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы, сары алтын күз келеді.- Ал, балалар және қонақтар Алтын Күзді қарсы алайық!!!
Музыка әуенімен Алтын Күз келеді. Балалардан айналып би-билейді.
А.Күз:- Құрметті ата-аналар!
Айналайын балалар!
Көкөністер қадірлі,
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын бәріңді!
Көңілдерің шаттыққа толы екен,
Қуаныштарың мол екен!
Қарайтындай тамсанып
Қызықты екен күндерің!
Сендерменен ән салып,
Билегім де кеп тұр менің!
Асқабақ:- Ойнап-күлмес бізбенен Қызылша:-Ай, Күзім-ай! Күзім-ай
Мезгілме осы Күз деген? Жарқылдаған жүзің-ай!
Өзі қандай сымбатты! Мейіріміңмол екен,
Әнімізді тыңдапты. Ынтымағың зор екен!
Өзі қандай көрікті! Сәбіз:- Достасамыз сенімен,
Биімізді көріпті. Күн кешеміз сеніммен!
Өзі қандай мейірбан!
Сияқты нақ көңілді ән!
Барлық көкөністер:- Ия, бәріде рас! Ойнап-күлеміз! Келіңдер Алтын Күзбен көңіл көтеріп «сабантойды» тойлайық. Осы кезде ортаға қыздар шығып Алтын Күзді қоршап алады қолдарында жапырақтары бар, би-билейді.
Жүргізуші:- Қысылып еш саспаңдар
Қызықты би бастаңдар
Қонақтардың көңілін,
Бір көтеріп тастаңдар.- Олай болса, қыздардың орындауында «Күзгі жапырақтар» биін тамашалаңыздар.
Би: «Күзгі жапырақтар»
Алтын Күз-Жарайсыңдар қыздар өте әдемі би екен. Енді жан-жағыма қарасам, бүгінгі мерекеге алыстан көптеген қонақтар келген сияқты ғой.
Жүргізуші:- Ия, Алтын Күз бүгінгі «Сабантой» мерекемізге еліміздің Солтүстік, Оңтүстік өңірлерінен қырманшылар, диқаншылар келіп отыр.
Алтын Күз:- Олай болса, сол қонақтарымыздан бүгінгі тойымыздың қонақ кәдесін сұрайық.
Жүргізуші:-Мың бұралып билеген
Қыздарды кім сүймеген
Күміс-көмей қыздарға
Кімдер басын имеген. – демекші ендігі кезекті қыздарымыздың орындауында «_____________» биін тамашалаңыздар.
Би: «_____________»
Жүргізуші: - Ал, балалар мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.
Өзі қандай көрікті.
Ән салады әдемі
Ортамызға келіпті
Өнерімен көрікті.
Ал балалар, қараңдар,
Әнші Жансұлу қызымыз келіпті.- Жансұлудың орындауында «Мен алманы жақсы көрем» әнін қабыл алыңыздар.
Жеке ән: «Мен алманы жақсы көрем»
Алтын Күз-Жарайсың Жансұлу өте әдемі ән екен. Ал, балалар осы күз мезгілінде күн салқындап аспанды жиі бұлт торлағанда мені өте көңілсіз деп ойламаңдар, сендердің мерекелеріңе көрік беретін меніңде қасиеттерім бар. Сол үшін көңіл көтеріп ойынғада кезек берейік. Ойнымыздың аты «Көңілді қарбыз» деп аталады.
Ойын. «Көңілді қарбыз».
Жүр:-Ал, балалар тұрмайық
Сабантойды тойды тойлайық
Күзгі тойда әдемілеп
Көңілді оркестрде ойнайық.
Оркестр: «Көңілді полька»
Алтын Күз :- Жарайсыңдар балалар өнерлерің өрге жүзсін. Ал, енді балалар мерекелеріңе арнаған тосын сыйлығым бар. Алдымен сендер еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып беріңдерші?
1бала:Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей.
2бала: Еңбек ширатады
Өмір үйретеді.
3бала: Еңбек ырыстың бұлағы
Бақыттың шырағы.
Алтын Күз:- Ал, енді менімен бірге Жомарт күздің сиқырлы сөзін айтсаңдар, сол сыйлығым ортада пайда болады.
Балалар- «Күз жомарт»-дейміз біз,
Жемісін жейміз біз! Қол соғады.
Ортада Алтын Күздің сыйлығы пайдаболады. Алтын Күз балаларға сыйлығын таратады.
Балалар- РАХМЕТ!
Жүргізуші:- Ай жапырақ, сары алтын,
Айналамның бәрі алтын,
Қуандырып біздерді
Сары алтын күз келді! – деп балалардың орындауында «Күз келді» әні шырқалады.
Ән: «Күз келді»
1.Қызыл, сары жапырақтар.
Алтындай жарқырайды.
Ағыл-тегіл жаңбырдай,
Жерге төгіледі тамаша-ай.
Қ-сы:
Қандай тамаша-ай,
Алақай-ау, алақай.
Өлкеме күз келді,
Әнімен көңіл көтерді.
2.Күзгі дәмді жемістер,
Жұпар жидек балдай.
Тіл үйірер шырындай,
Үзіліп жатыр алақай.
Алтын Күз: -Рахмет сендерге балалар, өнерлеріңді көріп сондай риза болдым. Енді мен қайтайын, келесі күз мезгілінде кездескенше, сау болыңдар! (балалар рахмет айтады)
Мен енді тынышпын,
Көңілім жайланды.
Күтіп тұр мені де
Көп бала ойдағы.
Келемін тағы да бұйырса
Келесі жылы кеездескенше
Күтіп тұр сендерді
Ақ қырау мамық қар тамаша! (шығып кетеді)
Жүргізуші:- Күзгі бақтағы қонақтар
Айналайын балалар.
Мерекеміз бүгінгі,
Естен кетпес күн болар- деп бүгінгі мерекемізді аяқтап, келген қонақтарға рахмет айтайық. Сау болыңыздар!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген