|
Қысқа мерзімді жоспары |
||||
|
Бөлім |
Python тілінде программалау |
|||
|
Машықкердың аты-жөні |
Надиров Ильзат |
|||
|
Күні |
16.01.23 |
|||
|
Сынып 6 «а» |
Қатысушылар саны |
|
Қатыспағандар саны |
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Тіл алфавиті. Синтаксис. |
|||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу |
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: |
|||
|
Python тілінің алфавитін біледі. |
||||
|
Көптеген оқушылар: |
||||
|
Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады. |
||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||
|
Жазған программаның нәтижесін табады. |
||||
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Өткен сабақты пысықтау. «ЧИПСЫ» әдісі 1.Программалау дегеніміз не? 2.Программалаушы –кім? 3. «Программалау тілі» ұғымы туралы не білесің? 4.Траслятор дегеніміз не? 5.Компилятор дегеніміз не? 6.Интерпретатор дегеніміз не? 7.Программа құрудың интеграцияланған ортасы туралы не айта аласың? 8.Қалай ойлайсың, программалауды үйрену не үшін қажет? |
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.«Чипсы» Сұраққа жауап береді |
|
|
|
Сабақтың ортасы |
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Кез келген тілді үйрену оның алфавитін үйренуден басталады. Әріптерден сөз, сөздерден сөйлем құралатыны сияқты программалау тілінің де өз алфавиті бар. Программалау тілін үйренуді бастаған кезде оның командаларын жазу үшін қандай таңбалар қолдану керектігін анықтау керек. Python тілінің алфавиті. Идентификаторлар(айнымалылар) атауы – әріппен басталатын цифрлар мен әріптер тізбегі. Идентификатор латын әріптерінен, төменгі сызу таңбасы _k1 және 0 мен 9 арасындағы цифрлардан құралады. Мысалы, A, s25, a1b88, tri_plus_dv,zzz. Python-ның әріптер регистрі үлкен және кіші әріптерге ажыратылып берілген. Мысалы, komp1 және KOMP1-екеу екі түрлі айнамалыға жатады. Айнымалы-мәні мен типі бар шама. Программамен жұмыс барысында айнымалылардың мәнін өзгертіп отыруға болады. Кейбір атауларды программалау барысында айнымалы ретінде қолдануға болмайды. Мұндай сөздер қызметтік сөздер деп аталады.(for,if,class,def ..) Python тілінің синтаксисі:
Python-да толыққанды программа жасау үшін программа терезесінде File→New File командаларын орындап, жаңа программа жазу алаңын дайындап аламыз. Бұл бетке жазылған программа кодын орындау үшін Run →Run Module командаларын басамыз. Программа әрекеттердің тізбектеліп ретімен орындалуы сызықтық орындау деп аталады. Сызықтық алгоритм (программа) дегеніміз-тармақталу, қайталану әрекеті жоқ, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм. Амалдар мен өрнектер. input () функиясы программаға жолдық деректерді енгізеді. Ал сандық дерек енгізу үшін бұл функция int(input()) түрінде жазылады. 1-тапсырма. Жеке жұмыс. Оқулық § 3.2, 80-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы Сынып бөлмесінің ауданын есептеу. Дескриптор: - Python программаны іске қосады; - Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады; -сынып бөлмесінің ауданын есептейді. 3 балл 2-тапсырма.Цифрларды қосу. Дескриптор: -Python программаны іске қосады; - Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады; -цифрларды қосады. 3 балл 3-тапсырма. а,b,c бүтін сандары берілген. Осы сандардың қосындысы мен көбейтіндісінің соңғы цифрларының қосындысын экранға шығар. Дескриптор: -Python программаны іске қосады; - Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады; -цифрлардың қосындысын экранға шығарады. 3 балл Ж: a = int(input()) b = int(input()) c = int(input()) d = (a + b + c) % 10 e = (a * b * c) % 10 f = d + e print(‘f =’, f) |
Мұғалімді тыңдайды Алфавитін дәптерге жазады Анықтамасын дәптерге жазады 1-тапсырманы орындайды 2-тапсырманы орындайды 3-тапсырманы орындайды |
3 балл 3 балл 3 балл |
Презентация Презентация |
|
Сабақтың соңы |
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Робот» әдісі
«Түсіндім» - яғни, мен бүгін бәрін жақсы меңгердім. «Сұрағым бар» -Сабақтан сұрағым бар «Түсінбедім» - Сабақтан ештеңе түсінбедім |
Өзін-өзі бағалау. |
|
Плакат /слайд/ |
|
Үй тапсырмасы |
§ 3.2, 81-бет, 3-тапсырма Айдын, Санжар және Асқар үшеуі балық аулау- ға барды. Балалар сәйкесінше саны k, l және m болатын балықтар аулады. Достар аулаған балықтарын тең бөліп алса, оларға неше балықтан тиеді? Неше балық қалады? Программа құр. |
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сабақ 6 сынып информатика

шағым қалдыра аласыз