жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ - оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
Авторы: Жакипова А
Пәні Педагогика
Оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы туралы теориялық мәселелерді
практикалық тұрғыда ашып көрсету және түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: Сабақ - оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
Сабақ типі: Іскерлік - дағдыларды қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: Тәжірибелік – зерттеу сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы туралы теориялық
және практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру.
Дамытушылық. Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру;
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, елжандылыққа, ұқыптылыққа, мамандыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
ОТҚ және көрнекі-дидактикалық құралдар: суреттер, кестелер, суреттер
Оқыту тәсілі: Түсіндірмелі - хабарлау әдісі, сұрақ-жауап, жеке, топтық, жұптық ізденіс жұмыстары, талдау, жинақтау, салыстыру, әнгімелеу, баяндау әдістері.
Пәнаралық байланыс: Жалпы психология, философия, әлеуметтану, мәдениеттану
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі: 1.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
2.Құрманалина Ш.Х. . Педагогика. - Алматы,1999.
Қосымша: Әбенбаев, Педагогика, -Алматы, 2002ж
Сабақтың барысы мен мазмұны
1. Ұйымдастыру кезеңі. 3-5 мин.(сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің зейінін сабаққа аудару)
2. Сабақтың мақсатын хабарлау: Оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы туралы теориялық және практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру
3. Практикалық тапсырманы орындау нұсқаулары.
Жұмыстың мақсаты: – Қазіргі сабақтың құрылымы айқындау
Бақылау тапсырмалары:
Сұрақтарға жауап беру
Кестелермен жұмыс
Практикалық жұмысты қорғау
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
2.Құрманалина Ш.Х. . Педагогика. - Алматы,1999
Әдістері: талқылау, талдау, есеп беру
5.Практикалық жұмысты орындау.50-55 мин.
Тапсырма:
Практикалық жұмыстың негізгі теориялық қағидаларымен танысу және жұмысты орындау.
1. Бақылау сұрақтары: (Ақпараттық жоба)
Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз не?
Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі.
Оқыту формаларын классификациялаудың негізі неде?
Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:
- оқушылардың санына қарай:
- оқу орнына қарай:
- мектептік оқыту формалары:
- оқыту уақытының ұзақтығына қарай;
Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасының ерекшелігі неде? Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; әрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және формаларды қолданады /іс-әрекеттің вариативтілігі/.
Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі компоненті сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту процесінің кесіндісі /кезеңі, буыны, элементі/.
Оқытуды ұйымдастыру формалары қандай өлшемдер бойынша анықталады?
Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:
- оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;
- оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;
- мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;
- оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
5. Мектептердің даму тарихында оқыту ұйымдастырудың қандай формалары қалыптасты?
6. Дәстүрлі емес сабақтарға қандай сабақтар жатады?ъ
7. Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы
8. Аралас сабақтардың мәніне және құрылымына анықтама бер.
Аралас
сабақ - мектеп тәжірибесінде көптеп
қолданылатын сабақ түрі. Мұндай
сабақ
барысында
сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері
немесе буындары алма кезек өзара
ұштасып
жатады. Сабақ үстінде өткенді қайталау,
жаңа материалды мең-геру, пысықтау және
тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың
логикалық ойлау қабілеттерін арттырады,
назарын тұрақты етеді.
Аралас
сабақтың құрылымы:
Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.
Жаңа оқу материалын ендіру.
Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
2. Оқытуды ұйымдастыру формаларын салыстырыңыз:
-
№
Оқыту түрі
Оқыту формасы
Артықшылықтары
Кемшіліктері
1
Баланы жеке-леп оқыту
2
Баланы жеке-леп - топтап оқыту
3
Сынып –сабақ-тық жүйе
4
Белл – Ланкас-тер: Өзара оқыту жүйесі
5
Дальтон жоспары:АҚШ ХХ ғасыр
3. Кестедегі оқыту формаларын салыстырңыз:
А).
-
№
Өзара оқыту
Сабақ
Ә).
-
№
Бригадалық оқыту
Сабақ
Б)
-
№
Трамп жоспары
Сабақ
4.Кестедегі сабақтың мақсатына сай келетін сабақтың түрін жазыңыз:
-
№
Сабақтың мақсаты
Сабақтың түрі
1
Бастысы - жаңа білім беру
Жаңа білім беру сабағы
2
Оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету, дағдыландыру
3
Оқушылардың оқу материалдарын қандай деңгейде түсінгендерін бақылау
4
Бұрынғы оқу материалын оқушының есіне салу, қайталау
5
Бір сабақта оқушыларға жаңа білім беру, оны өмірде пайдалана жолдарын көрсету, өткен материалдарды қайталап қорыту, оқушылардың білімін бағалау
ІІ. Зерттеушілік жоба:
Кестеде берілген сабақ классификациясын салыстырыңыз
-
Сабақ классификациясы (жіктелуі)
№
И. Н. Казанцев
бойынша:
С. В. Иванов бойынша:
Б. П. Есипов бойынша:
1
2
3
4
Ю.А.Конаржевский бойынша сабақ типологиясы мен оның құрылымы төмендегідей қарастырылады. Қазіргі сабақтармен салыстырыңыз:
І Аралас (комбинацияланған) сабақ:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3.Білімді тексеру кезеңі
4. Мақсат қою кезеңі
5. Материалды түсіндіру кезеңі
6. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі
7. Бекіту кезеңі
8.Үйге тапсырма беру кезеңі
ІІ.Кіріспе сабақ:
1. Мотивация (ұйымдастыру) кезеңі.
2. Игерілетін тақырыпты бейнелі елестету.
3. Практикалық және әлеуметтік маңыздылығын пайымдау.
4. Рефлексия кезеңі.
Өткізу формалары: “Ашық ойлар” сабағы, “Эврика” сабағы, “Пайымдау” сабағы.
ІІІ Жаңа білімді меңгеру сабағы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
4. Мақсат қою кезеңі
5. Материалды түсіндіру кезеңі
6. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі
7. Бекіту кезеңі
8.Үйге тапсырма беру кезеңі
ІV.Жаңа білім игеру және оны алғашқы бекіту сабағы:
1. Мотивация кезеңі.
2. Оқушылардың субъктивті тәжірибесін өзектендіру.
3. Қабылдауды ұйымдастыру.
4. Пайымдауды ұйымдастыру.
5. Түсінуді алғашқы тексеру.
6. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру.
7. Талдау.
8. Рефлексия.
Өткізу формалары: Лекция, семинар, экскурсия, конференция, “Эврика” сабағы, практикалық жұмыс, “Дидактикалық ертегі” сабағы.
V. Қайталау сабағы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
4. Мақсат қою кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3.Білімді тексеру кезеңі
7. Бекіту кезеңі
8.Үйге тапсырма беру кезеңі
VІ. Білімді және әрекет тәсілдерін бекіту сабағы:
- Мотивация кезеңі.
- Қажетті білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру.
- Білімді дағдылы және өзгерген жағдайда қолдану үлгісін құрастыру.
- Білімді өздігінен қолдану.
- Бақылау және өзін-өзі бақылау.
- Түзету.
- Рефлексия.
Өткізу формалары: Семинар, экскурсия, консультация, практикум, “саяхат” сабағы.
ҮІІ. Білімді бекіту сабағы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мақсат қою кезеңі
3. Бекіту кезеңі
4.Үйге тапсырма беру кезеңі
VІІІ. Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
- Мотивация кезеңі.
- Кешенді білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру.
- Білімді ұқсас және жаңа жағдайда өздігінен қолдану.
- Бақылау және өзін-өзі бақылау.
- Түзету.
- Рефлексия.
Өткізу формалары: Семинар, практикум, “шығармашылық” сабақ, “әдеби қонақжай” сабағы, “Не? Қайда? Қашан?” сабағы, “саяхат” сабақ, “концерт” сабақ.
ІХ. Білімді тексеру және қорытындылау сабағы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мақсат қою кезеңі
3.Білімді тексеру кезеңі
4.Үйге тапсырма беру кезеңі
Х. .Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы:
- Мотивация кезеңі.
- Оқу материалы мазмұнын талдау.
- Оқу материалындағы бастыны бөліп көрсету.
- Жалпылау мен жүйелеу.
- Пәнішілік және пәнаралық байланыстарды тағайындау.
- Рефлексия.
Өткізу формалары: Лекция, семинар, “ашық ойлар” сабағы, экскурсия.
ХІ. Жалпылау және қорытындылау сабағы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мақсат қою кезеңі
3.Білімді тексеру кезеңі
4. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі
5.Үйге тапсырма беру кезеңі
ХІІ. Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау, түзету сабағы:
1. Мотивация кезеңі.
2. Тапсырмаларды өздігінен орындау.
3. Бақылау және өзін-өзі бақылау.
4. Талдау.
5. Түзету.
6. Рефлексия.
ІV. Практикалық жұмысты қорғау
Оқушылардың білімдерін бағалау.5 мин. Қорытынды жасау.
7. Үйге тапсырма беру
1. Өз мамандығыңыз бойынша мектепте өткен сабақта қолданылған оқытуды ұйымдастыру формасына сипаттама бер.
2. Өз мамандығыңыз бойынша лабороториялық - практикалық сабақтың жоспарын құрыңыз және өткізіңіз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А, 1998ж.
3. Құрманалина Ш.Х. . Педагогика. - Алматы,1999.
4. Конаржевский Ю. А. Анализ урока , Издательство: "Педагогический поиск" (2013) ISBN: 978-5-91569-032-4
5. Сластенин В.А. и др. Педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, Е. Н. Шиянов; Под ред. В.А. Сластенина. - М.: Издательский центр "Академия", 2002. - 576 с.
Оқытушы: ___________________ Жакипова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген