400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сабақ: "Адам организміндегі химиялық элементтер" қмж 7- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 74А. Адам организміндегі химиялық элементтер мен қосылыстар

Мектеп: БҚО, Ақжайық ауданы,Чапаев ауылы, Чапаев №1 орта жалпы білім беретін мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сундетбаева Индира Сериковна

СЫНЫП: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§18.Адам организміндегі химиялық элементтер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.1.1.-тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:


-тағам өнімдері химиялық заттардың жиынтығы екендігін түсінеді;

-адам организміне кіретін химиялық элементтерді біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

-химиялық элементтердің адам организміне әсерін біледі

Кейбір оқушылар:

-химиялық қоректік заттарды ажырата алады;

-тағамның құнарлығын анықтайды

Оқу дағдысы

Білу, түсіну

Бағалау критерийі

-тағам өнімдері химиялық заттардың жиынтығы екендігін түсінеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:


адам ағзасына кіретін элементтерді айтады,

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Нәруыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералдар, макроэлемент, микроэлемент, аминқышқылдары

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Адам ағзасының басым бөлігі .... – дан жасалған.

Адам ағзасы n пайызға көміртегінен / күкірттен және т.б. тұрады.

Химиялық қоректік заттар – минералдар, ... , ... мен ... жатады.

Нәруыздар – құрамына ... аминқышқылы кіретін күрделі органикалық қосылыстар.

Майлардың құрамында ............ элементтері кіреді.

Фотосинтез процесі .......

Минералдар ..... , ..... тұздары организм тіршілігінде маңызды орын алады.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу, қоғамымыздағы ұлттық бірлік, зайырлы қоғам және жоғары руханият

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, биология

Алдыңғы оқу

Жаратылыстану курсынан алынған білім

  • Дәрумендер (Дүниетану)

  • макро және микроэлементтер (Адам.Жер.Ғалам. 5.1В Жер және өмір)

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ширату жаттығулар.

«Білім әлемінде» әдісімен оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін суретттер арқылы тексеру. Берілген суреттер бойынша оқушылар таңдап алып, берілген тапсырманы орындайды.


Көмірсулар нәруыздар дәрумендер майлар

Суреттін артында берілген химиялық формулалардың салыстырмалы молекулалық массасын тауып, есепті шығарады.

Нәруыздар Майлар Көмірсулар Дәрумендер

Al2O3 NaCl 102 58,5

56 28 CaO N2

H2O MgS 56 18

48 95 MgCl2 O3

Топқа бөлу оқушылар сурет арқылы 4 топқа бөлінеді.

Оқушылардың дұрыс жауаптарын қолпаштау арқылы кері байланыс беру

Сабақтың тақырыбы: Адам организміндегі химиялық элементтер

Оқу мақсаты: тағам өнімдері химиялық заттардың жиынтығы екенін түсіндіреді

Суреттер, үлестірмелі материалдар






















Сабақтың ортасы

33-35 мин









































М. «Джигсо» әдісі бойынша мәтін төрт бөлікке бөлінеді. Оқушылар да 4 адамдық шағын топтарға бөлініп, 1-ден 4- ке дейін нөмірленеді.Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды: мәтіннің бірінші бөлігі №1 оқушы, екінші бөлігін №2 оқушы т.с.с.Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар құрылады. Топтарында оқушылар нөмірленіп жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар бір топқа, №2 бөлігін оқыған оқушылар екінші топқа т.с.с. Бұл жерде олар тақырыптың мазмұнын бірлесіп игереді, қиын жерлерін талқылайды, бір – біріне түсіндіреді. Осыдан кейін оқушылар бастапқы топтарына қайта оралып, алған мәліметті түсіндіреді.

І топ: «Нәруыздар»

ІІ топ: «Майлар»

ІІІ топ: «Көмірсулар»

IV топ: «Дәрумендер»

Нәруыздар.

Нәруыздар — құрамына 20 аминқышқылы кіретін күрделі органикалық қосылыстар. Аминқышқылдары — көміртек С, сутек H, азот N,

Оттек O, күкірт S сияқты элементтер кіретін күрделі органикалық заттар. Нәруыздар ұлпалар, жасушалар, мүшелердің түзілуіне қатысып, адам организмінде әртүрлі қызметтер атқарады. Адам массасының15— 20%-ы нәруыздың үлесіне тиесілі.






39-сурет. Құрамында нәруыз бар тағамдар

Майлар. Майлар —майқышқылдарынан және глицериннен түзілетін күрделі органикалық қосылыстар. Олардың құрамына көміртек С, сутек H,оттек O элементтері кіреді. Майлар организмнің негізгі энергия көзі болып табылады.Май адам организміне қажет болғанмен, оның мөлшері адам қабылдайтын тәуліктік калорияның 30%-нан аспауы тиіс. Майдың артық мөлшері асқазан қызметін бұзады, артық салмақ пайда болады.

Майлар адам массасының 19%-ын құрап, жасушалардың құрамына кіреді (40-сурет).

Күнделікті тамақ рационындамайдан гөрі нәруыздарды молырақ пайдаланған абзал.





40-сурет. Құрамында кальций және май бар тағамдар

Көмірсулар. Көмірсулар — құрамына көміртек C,

сутек H, оттекO кіретін күрделі органикалық қосылыстар, оларада массасының 0,6%- ын құрайды.

Көмірсулар өсімдіктерде күн сәулесінің әсерінен көмірқышқыл газымен судан түзіледі (фотосинтезпроцесі). Адам организміне тағаммен бірге құрамы күрделі(полисахарид—

крахмал) әрі қарапайым(фруктоза,глюкоза т.б.) көмірсулар түседі. Көмірсулар адаморганизміндегі майлар мен нәруыздардың алмасу реакцияларына қатысады. Көмірсуларда майлар сияқты энергия көзі.

Мысалы, глюкоза— адам миы үшін қажет ең басты энергия көзі. Адам организміне көмірсулар жетіспесе, нәруыздар мен майлардың алмасуы бұзылады.






41-сурет. Құрамында көмірсулар бар тағамдар

Дәрумендер мен минералдар. Адам организмінде нәруыз,май және көмірсулардан басқа дәрумендер,

микроэлементтер және минералдар сияқты қоректік заттар болады. Бұл заттардың барлығы адам организмінің қалыпты тіршілігі үшін өте қажет.

Тағамның тиімділігі(құнарлылығы) құрамындағы дәрумендерге байланысты анықталады.Дәрумендер (

В1,В2) азықтарда аз мөлшерде кездеседі, аз мөлшерде болсада, организмге өте қажет.

Дәрумендер организмге басқа тағамдық заттардың сіңуіне көмектеседі. Минералдар (кальций, натрий тұздары және т.б.) организм тіршілігінде маңызды орыналады.

Минералдар бұлшықет қызметінде, оттекті тасымалдауда,

жүректің жиырылуын реттеуде, жүйке импульстерін таратуда негізгі рөл атқарады. Сонымен қатар минералдар кальций, фосформен бірге адам қаңқасы сүйектерінің құрамына кіреді.

Дәрумендер.


КБ: 2 жұлдыз, 1 тілек (топтар бір-біріне бағалаайды)


1-тапсырма (Т)

Адам ағзасына қажет тағамдық өнімдерді химиялық заттардың жиынтығына байланысты жіктеңіз: грек жаңғағы, шемішке майы, сиыр еті, жұмыртқа, картоп, айран, нан, күріш, қияр, апельсин, зәйтүн майы, алма, сары май, печенье.

Тағам аты

Құрамындағы


Акуыз

көмірсу

майлар

дәрумендер











Дескриптор

Білім алушы

- адам ағзасына қажет тағамдық өнімдерді химиялық заттардың жиынтығына байланысты жіктейді;

- кестеге ақуызды жіктейді;

- кестеге көмірсуды жіктейді;

- кестеге майды жіктейді;

- кестеге дәруменді жіктейді

«Бұрыштар» тәсілі арқылы берілген суреттерді таңдап, оқушылар өзіне дұрыс деген жауапты сәйкестендіреді.

Бағалау.


Тапсырма 2. (Ж)

Суреттегі тағамдық өнімдер және олардың химиялық құрамы туралы әңгіме құрастырыңыз.

Көмірсулар нәруыздар дәрумендер майлар

Углеводы Белок витамины жиры

Carbohydrates protein vitamins fats


Дескриптор


Білім алушы

- суреттерге қарап, тағамдық өнімдер және олардың химиялық құрамы туралы әңгіме құрастырады;

- жаңа тақырыптағы терминдерді ағылшын тілінде меңгереді

Кері байланыс: Дәптерді жинап алып, кері байланыс беремін.

Тапсырма 3. (Ж) Кейбір оқушылар.

Суреттегі берілген заттар бойынша тағамның құнарлығын анықтаңыз.




Чипсы


кириешки


скумбрия

Дескриптор

Білім алушы

  • Құрамындағы құнарлы заттарды анықтайды;

  • Коллориясын салыстырады

Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы бағалау.

Керемет! жартылай түсінікті

түсінген жоқпын

Оқулық, стикер.




















































































































Жеке тапсырма, үлестірмелі материалдар






Сабақтың соңы

5 мин

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ: Бүгінгі сабақта сізге не ұнадыма?

Балан уйрек: Сабақтың қай сатысында өзіңізді жақсы көрсете алдыңыз?

Ортан терек: Сабақ барысындағы әдістер тиімді ме?

Шылдыр шүмек: Тапсырманы орындауда неден қиналдаңыз?

Кішкене бөбек: Бір ұсыныс, тілек






Рефлексия парақшасы

Қосымша ақпараттар

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Топтық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2. Барлық оқушыларға адам ағзасына қажет тағамдық өнімдерді химиялық заттардың жиынтығына байланысты білу тапсырмалары беріледі.

Сынып оқушылардың басым бөлігіне «Суреттер сойлейді» тапсырма берілсе, қабілеті жоғары оқушыларға суреттегі берілген заттар бойынша тағамның құнарлығын этикетка арқылы анықтайды.


  1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында химиялық формулалардың салыстырмалы молекулалық массасын анықтауда есептер беріледі.

  2. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара 2 жұлдыз 1 ұсыныс беру бойынша жетістіктерін анықтау.

  3. Кері байланыс (ауызша)

  4. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану


Жеке жұмыстарда оқушылардың нені үйренгендігін және әліде не нәрселерді қарау керектігін әр тапсырмаға берілген арнайы дескриптор арқылы тексеріледі. Және оқушылардың жұмыс дәптеріне мұғалімнің каментарийі жазылады.

Басбармағын көрсету, қол соғу арқылы қимыл-қозғалыс жасайды.

Оқушыларға білім беру бағдарламасының аясында құндылықтарға баулу топтық, жеке жұмыс кезінде жауапкершілік, ашықтыққа бағыттау арқылы жүзеге асырылады













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
63 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі