400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ. "Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. " 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 7 сыныптың биология пәні бойынша мұғалімге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.3.1. бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: бактериялардың әр түрлі формада болатынын білу;

Көпшілігі: бактерияларды пішіндеріне байланысты формаларын атау;

Кейбіреуі:

  • пішен таяқшасы бактериясының құрылысын талдап, маңызын талқылау;

  • түйнек бактерияларының маңызы туралы қорытынды жасау;

Бағалау критерийі

  • бактериялардың әр түрлі формада болатынын біледі;

  • бактерияларды пішіндеріне байланысты формаларын атайды;

  • пішен таяқшасы бактериясының құрылысын сипаттап, маңызын айтады;

Тілдік мақсаттар


Пән бойынша оқыту мақсаты:

Оқушылар орындай алады: бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау;

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар орындай алады:

  • Бактерияларды формаларына байланысты бір-бірінен ажырату;

  • Микропрепараттарды, суреттерді пайдалана отырып, айырмашылықтарын анықтау;

Пәнге қатысты лексика мен терминология: бактерия, коккалар, бацилла, вибрион, спирилла, прокариот, эукариот, пішен таяқшасы, түйнек бактериялары.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Бактериялардың неше форма типтері бар?

Сіз неліктен бұл бактерияны ... жатқызасыз?

Сіз не себепті ... жатқыздыңыз?

Құндылықтарға баулу




Топтық тапсырмалар орындату арқылы жұмылып еңбек етуге баулу, бір шешімге келу.






Пәнаралықбайланыс

Химия -

Физика -

Геометрия -


Алдыңғы білім


Пішіндері, қоректенуі, тыныс алуы бойынша бактериялардың әртүрлілігі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

- Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, психалогиялық ахуал тудыру.

- Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.

Видео көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашып алу.

ДЖИГСО тәсілі арқылы топқа бөлу.

http://www.greatpacificmedia.com/

Сабақтың ортасы

20 мин

«Суреттер сөйлейді» әдісі. Әр топқа суреттер таратылады.

Тапсырма-1 Суретке мұқият қарап, бактериялардың әртүрлі формаларын ажыратыңыз және атауларын атаңыз.

1 – …………….

2 – …………….

3 – …………….

4 – …………….

5 – …………….

6 – …………….

7 – …………….

Тапсырма-2

Бактериялық клеткаларды негізгі төрт формаға бөледі: коккалар,

бацилла, вибрион, спирилла.

Бактерияларды атаулары, пішіндері және суреттері бойынша сәйкестендіріңіз:

Бактериялардың атауы

Бактериялардың пішіні

Бактериялардың суреті

1. Микрококктар

2. Диплококктар

3. Стафилококктар

4. Стрептококктар

5. Бациллалар

6. Спирохеттер

7. Спириллалар

A. Кішкентай шар тәріздес

B. Спираль тәрізді

C. Спиральді кірпікше тәріздес

D. Таяқшалар

E. Кішкентай шар тәріздес

F. Қос шарлар

G. Тізбектеліп тұрған шар

H. Шарлардың топтамасы














Дескриптор:

Бактерия формаларын суретке қарап ажыратады.

Бактерия формаларының атауларын атайды.

Бактерияларды атаулары, пішіндері және суреттері бойынша сәйкестендіреді.





Сабақтың соңы

20 мин

4-зертханалық жұмыс. Пішен таяқшасы бактериясының сыртқы

түрін қарау.

Жұмыс мақсаты: Пішен таяқшасы бактериясының құрылысының

ерекше екеніне көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: 1) пішен таяқшасы; 2) кол-

ба, пішен, мақта тығын; 3) микроскоп, көк сия, лупа, шыны таяқша,

заттық шыны, жабын шыны, тамшуыр.

Орындауға арналған тапсырма.

Пішен таяқшасы себіндісін дайындап қою керек. Суы бар колбаға

пішен таяқшасын алу үшін азғантай пішен салыңдар. Басқа бак-

терияларды жою үшін колбаны мақта тығынмен жауып, 30 минут

қайнатыңдар. Қайнатқан кезде пішен таяқшасы тіршілігін жоймайды.

2. Алынған тұнбаны сүзіп, ерітіндіні бөлме температурасында

(20–25°С) бірнеше күнге қалдырыңдар. Біраз уақыттан кейін пішен

таяқшасының бактериялары көбейе бастады. Сөйтіп судың бетін тұтас

бактерия қабаты жауып қалады.

3. Пішен таяқшасын көру үшін сынауыққа аздаған су құйыңдар.

Оған пішен таяқшасы бар ерітіндіден шыны таяқшамен алған сына-

мамен араластырыңдар. Пішен таяқшасы бар сынауыққа 2-3 тамшы

көк сия тамызыңдар. Сосын бактериясы бар боялған ерітіндіні заттық

шыныға тамызыңдар. Оны жабын шынымен жабыңдар. Микроскоппен

қарағанда түссіз пішен таяқшалары, айналасында көк ерітінді көрінеді.

4. Пішен таяқшасының суретін салып, сипаттаңдар.

5-зертханалық жұмыс. Бұршақ тұқымдас өсімдік тамырындағы

түйіндерді қарау.

Жұмыс мақсаты: түйнек бактерияларының болатынына көз жеткізу,

олардың рөлі мен ерекшеліктері туралы білімді бекіту.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: түйнектері бар бұршақ

тұқымдас өсімдік тамырлары (жоңышқа және т.б.), сызғыш,

препараттық ине, лупа.

Орындауға арналған тапсырма.

1. Бұршақ тұқымдас өсімдік тамырындағы түйіндердің сыртқы

құрылысын қарау. Көргендеріңді оқулықтағы суретпен салыстыру.

2. Түйіндерді өлшеңдер. Олардың өлшемдерін дәптерге жазыңдар.

Бір өсімдік тамырындағы түйіндерді санаңдар.

243

3. Препараттық ине арқылы бүршік түйінін кесіңдер.

4. Түйіннің ішкі құрылысын қараңдар.

5. Түйіннің ішкі және сыртқы құрылысының суретін салыңдар.

6. Өсімдік тіршілігіндегі түйнек бактерияларының рөлін сипаттаңдар.



























Саралау – Сізқандайтәсілменкөбірекқолдаукөрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандайтапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сізоқушылардыңматериалдыигерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлапотырсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасынсақтау

















Сабақбойыншарефлексия


Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау




Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:




2:





Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:





2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі