Материалдар / Сабақ: БАҚ-ның түрлері

Сабақ: БАҚ-ның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып бойынша тапсырмалар берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2024
157
1 рет жүктелген
630 ₸ 700 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: БАҚ-ның түрлері



Бөлім

Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис

Педагогтің толық аты-жөні

Мухсинова А.М.

Күні:

04.03.2024

Сынып: 9 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

Сабақ мақсаты

-Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.

-Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі.

Құндылықтар

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті


Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут



Үй тапсырмасына шолу

9 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу рәсімі

Кезекшінің мәліметі тыңдалады


«Тарсия» әдісі бойынша сабақтас құрмалас сөйлем және БАҚ туралы сұрақтар.






Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.


Оқушылар жұппен жұмыс жасайды.



Ауызша мадақтау




Дескриптор:

Берілген сұрақтардың жауабын анықтайды.

Тарсияны дұрыс қиылыстырады

(балл саны: 5)







«Тарсия» қиындылары

Сабақтың ортасы

25 минут


Қызығушылықты ояту сұрағы.

Күнделікті өмірде қай бұқаралық ақпарат құралын көбірек пайдаланасыздар? Неліктен?


Ойлан. Жұптас. Бөліс.

Оқушылар берілген сұрақ төңірегінде өздерінің пікірлерін білдіреді.

Оқушылардың жылдам және функционалды түрде сыни ойлауын дамыту.



Слайд №3

Оқылым мәтінімен танысу (156-бет)

1-тапсырма ЖЖ

Мәтінді оқып, анықталған мәліметтерді кесте, сызба, диаграмма арқылы көрсетіңдер.



Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.

Оқылым мәтініндегі мәліметтерді диаграммаға/кестеге түсіреді, мәтін құрастырады.



Дескриптор:

-Мәтінде берілген мәліметтерді сызба арқылы көрсетеді. (Балл саны: 2)


Оқулық, 9-сынып










Слайд 7-8


2-тапсырма.

Басыңқы сөйлемін ойдан жазып, бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді аяқтаңдар.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды.



Ықтимал жауаптар:

БАҚ-тың қоғамдағы орнының маңыздылығына тоқталды.

өте бір керемет күй кештім

аузым ашылып ұйықтап қалыппын.

әлеуметтік желілерге хабарлама жібере бастадым.


Дескриптор:

-Басыңқы сөйлемді ойдан құрастырады

-Бағыныңқы сөйлемді аяқтайды


Слайд 9-10


МОДО тапсырмалары №1

Ең соңғы шуағын қызықтасын дегендей күн бүгін өрескел ашық болды. Жарықтық жаз қайта шығатындай тау салқынын лезде түре қуып тастады да, елжіреген жылылық жайлап, маужыратады–ай…Айнаның өңі сынық қалпында, әйелдің тиесілі қарекетін зауықсыз болса да, күйбең–күйбең істеп, қабағы ашылмаған қалпы бір кіріп, бір шығып жүр. Бағана, таңертең күреңқабақ ішілген шай үстінде Ерік «бүгін күннің ашығын пайдаланып бал шайқаймыз» деп ескерткен. Бұл – биылғы қырманның соңғы жиын–теріні еді. Әншейінде сөзге араласпай отыра алмайтын Нүрке кемпір де ұлына өкпеледі ме, кім білсін, ләм–мим жақ ашқан жоқ. Осы таңның жалғыз сөзін Еріктің өзі айтты да, типыл болды. Ара ұяларына түтін салып, балы мен балауызы ылжыраған ағаш рамаларды суырып әкеліп Тағанға береді, ол болса бал шайқайтын аппаратқа салып, құлағын бұрап, шүмектен сорғалаған таза балды қотарып алып тұр. Келісім бойынша ол ақырғы рет қолғабыс тигізіп, ертең ерте аттанбақ.

1. Мәтінде суреттелген мезгіл

A) Күздің аяғы B) Жаздың басы C) Жаздың ортасы D) Күздің басы E) Жазғытұрым

2.Биылғы қырманның соңғы жиын- теріні- …

A) Егін B) Бал C) Бидай D) Шөп E) Жеміс

2-мәтін

Теріден жасалған көне футбол добы Англия мен Грецияда археологиялық қазбалар жүргізу кезінде табылған. Көне грек аңызына сенсек, адамдардың басты қызығушылығына айналатын ойынның пайда болуына махаббат құдайы Афродита негіз болған екен. Ол алғашқы теріден жасалған допты Гефестке (темірші, от құдайы) арнайы жасатып, адамдарға сыйға тартады. Әр түрлі салтқа байланысты доп Күннің, Айдың, тіпті Жердің пішіні ретінде қолданылған. Қазіргі футболға ұқсас көне ойындар эскимостар (тунгатгак), үндістер (лакота), Рим, Мысыр, Қытай (цуцзю) және инктер өркениетінде орыналған. Ал ең көне футбол Қытайда дамыған. 79 сөз

1.Афродита қай елдің құдайы?

А)Рим B) Мысыр C) Грек D) Қытай E) Үндістан

2.Афродитаның теріден доп жасап, адамдарға сыйға тартуының себебі

A) Футбол ойнағандықтан B) Футболға қатты қызыққаннан C) Футболшыларға деген құрметтен

D) Адамдарға жағу үшін E) Футбол ойынын тарату үшін

Оқушылар МОДО тапсырмаларына жауап береді


1-мәтін

1А; 2В.


2-мәтін

1С; 2С

Жеке қағаздағы мәтіндер

Бекіту тапсырмасы

3-тапсырма. «Ең мәдениетті журналист» тақырыбына синквейн құрастырыңдар.

Синквейн құрылымы:

Журналистің аты-жөні – зат есім

Журналистің шеберлігін сипаттайтын екі сын есім.

Журналистің әрекетіне қатысты үш етістік.

Журналисті бағалауға қатысты төрт кілт сөз.

Журналистің шеберлігін сипаттайтын синоним сөз немесе фразеологизм


Оқушылар тақырып бойынша өздері білетін журналистің аты-жөнін таңдап, синквейн құрастырады.

Дескриптор:

-оқушылар берілген тақырып бойынша синквейн құрастырады.

Слайд 14

5 минут



Рефлексия: «Бүгінгі күннің сөйлемі»

Үйге тапсырма: 6-тапсырма.

Оқулық 157-бет




Оқушылар кері байланыс білдіреді



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!