Сабақ барысында оқушыға бақылау жасау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ барысында оқушыға бақылау жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед, дефектологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 а -форма

Сабақ барысында оқушыға бақылау жасау



Оқушының аты-жөні________________________

мұғаліммен мамандар (логопед, психолог, арнайы педагог) хаттамада көрсетілген критерийлерді пайдалана отырып, мінез-құлықтың немесе қызметтің бірде-бір белгісін жібермей оқушының сабақ барысындағы әрекеттерімен мінез-құлқын жеке қадағалайды.

егер көрсетілген белгі әлсіз көрінсе, онда тиісті бағанда "1" қойылады,

егер белгі елеулі дәрежеде көрінсе, онда "2" қойылады. егер кестеде сипатталған мінез-құлық сипаттамасы байқалмаса, онда баған бос қалдырылады.

егер баланың мінез-құлқының қандай да бір сипаттамасын қалай атап өтуге болады деген күдік туындаса, баланың таяуда өзін қалай ұстағанын еске алу керек. бақылау бірнеше күн бойы жүргізіледі, бақылау түрлі сабақтарда жүргізіледі.
















2 б-форма

Сабақта оқушының әрекеті мен мінез-құлқын психологиялық-педагогикалық бағалау

(бірнеше күнгі бақылау қорытындылары енгізіледі)

Баланың аты-жөні ___________________________________ жасы: ______ мұғалім/психолог, педагог, Логопед ______________________________ сыныбы _______

Бақылау күні ________________________

2 б -форма сабақ барысында оқушыны бақылау нәтижесі бойынша толтырылады. бақылау хаттамасында жиі қолданылған балдар әр графикке қойылады

Бағалау сипаты

Балдық жүйеде бағалау


I.Сыныпта өзін-өзі ұстау (мінез-құлқы)


1.

сабақтарда тынымсыз, зейіні тұрақсыз, істі аяғына дейін жеткізбейді.


2

тапсырмаларды бірнеше рет қайталауды және ересектің тұрақты бақылауына мұқтаж.


3.

мұғалімнің нұсқаулықтарын, талаптарын бірден емес, баяу қабылдайды. артта қалушылық. жұмысқа бірден қосылмайды, ұзақ «ойланады».


4.

сабақта мұғалімге немесе балаға кедергі келтіреді.


5

мұғалімнің талабын, сыныптың күнделікті күн тәртібін орындамайды.


6.

мұғалімнің фронтальды нұсқаулықтарын қабылдамайды, сынып жұмысына өз бетінше кірмейді (өзін жоқ деп санайды) және сынып тапсырмаларын ересек адамның көмегінсіз орындамайды.



II. Қызмет қарқыны


1.

баяу, жайбасар, басқа балаларға ілесе алмайды, үлгермейді.


2.

жұмыс қарқыны тұрақсыз. тез шаршап, әлсірейді: енжар немесе керсінше, ширақ болу.


3.

ынтамен жұмыс істемейды, көп қателіктер жібереді, сабақ барысын қадағаламайды, көп алаңдайды.


4.

жұмыс қарқыны жылдам, бірақ ретсіз және "орынсыз" жұмыс істейді.




III. танымдық дамуы


1.

жеткілікті деңгейде зерек емес: қарапайым тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беруге қиналады.


2.

жиі қосымша көмек пен түсіндіруге мұқтаж.


3.

Оқу үшін білік пен дағды, қоршаған орта туралы білім көлемі жеткіліксіз.


4.

көру арқылы ақпаратты қабылдаудағы қиындықтар: суреттен қажетті белгілерді бірден көрмейді, дәптердің, жазулардың, оқулықтың кеңістігінде нашар бағдарланады.



IV. Сөйлеу тілінің дамуы


1.

сөйлеу тілі анық емес. Дыбыс айтудың қиындықтары бар.


2.

басқа балалармен салыстырғанда сөздік қоры аз. сөйлеудің грамматикалық құрылымында бұзылыстары бар.


3.

айқын пікір білдіру мен әңгімелеп беруде қиындықтар бар. бір буынды сөздермен сөйлеуге тырысады.


4.

есту арқылы ақпаратты қабылдауы баяу, ауызша өтініштер мен түсініктемелерді түсінудің қиындықтары.



V. Құрдастары және ересек адамдармен қарым-қатынасы


1.

балалардан қашады, қарым-қатынас аз жасайды, өзі жалғыз ойнауды қалайды.


2.

балалармен көп төбелеседі, ашуланады.


3.

Ойнай алмайды және әңгіме жүргізе алмайды.


4.

балалармен, мұғаліммен, басқа да ересектермен қарым-қатынас жасау дистанциясын сезінуі төмен, шектен тыс қарым-қатынас жасай береді



VI. Эмоционалдық ерекшеліктер


1.

көңіл-күй аясы жоғары, көп сөйлейді, "бүкіл жерде жүреді", ескертулер мен сындарға әлсіз жауап береді.


2.

Эмоционалдық «көңіл түсуі»: жеңіл долдана қалады, қозу мен ашудан бірден жылау мен ренішке көшеді.

Эмоционалды тұрақты емес болуы мүмкін: ретсіз күлу, айқайлау, өзімен өзі сөйлеу (қажетісін сызу қажет)


3

бала және ересек адаммен қатынас жасау кезінде агрессия танытады.


4.

көңіл-күйі төмен, қорқады және алаңдайды, жылап, өз күшіне сенімсіз болады.


5.

төмен бағаға, ескертулерге, сәтсіздіктерге адекватты емес реакция танытады: мазасыздану, айқайлау, жылау, мұғаліммен дауласу, қызметтен бас тарту (қажеттінің астын сызу)



VII. Моторлық дамуы


1.

графикалық әрекеті нашар дамыған, жазуы, жазуы қисық, түсініксіз.


2.

жалпы координцациясы бұзылған. епсіз, икемсіз


3.

еңбек және сурет салу пәнінен айтарлықтай жетістікке жетпейді.


4.

жиі сол қолымен жұмыс жасауға құмар



VIII. әлеуметтік-тұрмыстық дағды


1.

Өзбетінше түйме, бауды тағуда, қиімді шешу мен киюде қиындықтар


2.

Өзбетінше сабаққа дайындала алмайды: сабақ үшін қажетті дәптер, оқулық, оқу құралдарын алу.


3.

Ұқыпты тамақтанбайды, ұқыпсыз киінеді, "лас", барлық уақытта өз заттарын жоғалтады немесе ұмытып кетеді (керегінің астын сызу керек).


толтырған күні « _____» _______ ______ ж.______________ педагог/маманның қолы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2021
1581
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі