жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми — техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан — жақты жетілген, ақыл — парасатты, ой — өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Осы тұрғыда сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы сапалы білім беріп, саналы ұрпақ қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта — ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл — ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл — амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз. Баланың өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Оқушылардың интелектуалдық деңгейін, жас және психологиялық ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылған сабақ негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл — ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, жасампаздық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесі педагогтардың мойнына жүктелген.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.
Олай болса, қызықты сабақтар негізінде - мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі жатыр. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған сабақ білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге мүмкіндік жасайды.
Осы тұрғыда жаңа технологиялардың мынадай әдіс – тәсілдерін біздің мектеп ұстаздары тиімді қолдануда, «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы», «Серіктестік оқыту технологиясы», «СТО стратегиялары», «Ойын технологиясы» және оқытудағы Кембридж тәсілдерінің негіздерін пайдаланып, оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала дамуының деңгейі төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс -әрекет емес, оған уақыт керек.
Ұлы Абай “Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады” деген. Осы пікірден өткен ғасырда Абай атамыз оқушының белсенділігін дамытуда биологиялық және педагогикалық аспектілерді аңғарғаны байқалады.
Биологиялық аспект – адамның ортаға бейімделуіне және оның белсенділігіне тұқымқуалау қасиеті әсер ететінін көрсетеді.
Ал педагогикалық аспект – адамға өте маңызды құрылым ретінде білім беру тәжірибесіне сүйенеді.
Осыдан біз оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, оны тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескеріп ата – аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау да тұлғаның ашылуына, танымдық белсенділіктің артуына жол салатынынын анық байқаймыз.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық — сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі — оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы — оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болады. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамытуды, толықтыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылуы керек. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік - зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада және басқа да жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Көптеген ғалымдар оқыту әдістерін мазмұнына, қолданылуы мен іс-әрекет түрлеріне, мақсатына, мәніне қарай түрліше топтайды. Біз жалпы оқыту әдістерін талдап, жүйелей отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы әдістер тобын мынадай негіз бойынша топтадық:
Ақпараттың берілуі мен қабылдау сипаты бойынша – дәстүрлі әдістер жүйесі (әңгіме, әңгімелесу, көрнекілік дәріс сарамандық жұмыс, шығарма т.б.)
Оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеті бойынша –топтаған әдістер жүйесі: баяндау, проблемалық баяндау, ішінара іздену, зерттеушілік әдісі.
Мұғалім іс- әрекеті компоненті бойынша – оқу танымдық әрекеттегі мотивация және реттеу әдістері (сөздік, көрнекілік, практиаклық, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, танымдық-рөлдік ойындар, өмірдегі жағдайларды талдау)
Сөйтіп, оқудағы белсенділік — оқушының іс — қимыл жағдайы ғана емес, осы іс -қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің рухани-ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың маңыздылығын зерттей келе мынадый ұсыныстар туындады:
-
Мектептегі жоғары сынып оқушыларына конференциялар, дебаттар, дөңгелек үстелдер, іс-шаралар жыл сайын жүргізу.
-
Өзіндік жұмысқа бейімдеудің дидактикалық жүйесін тиімді жүзеге асыратын оқытудың жаңа технологияларын қолдану.
-
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында кешенді мақсатты бағдарлама жасау.
-
Оқушының қабілеті мен білімін көтеру мақсатында оқу жоспарларын жасау.
-
Оқу үрдісінде ауқымды түрде педтехнологияларды қолдану, компьютер арқылы ақпараттандыру. Қосымша танымдық сабақтарды көбейту.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы\\ Қазақстан мектебі, №2, 2004, 8-б.
-
А.Әбілқасымова, Р.Омарова. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. Алматы., 2010ж.
2

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген