жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
САБАҚ БЕРУ –ЖАҢАДАН ЖАҢАНЫ ТАБАТЫН ӨНЕР
№111 орта мектеп
Алибаева Гулнур Кожантаевна
САБАҚ БЕРУ –ЖАҢАДАН ЖАҢАНЫ ТАБАТЫН ӨНЕР
«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,
ол-жаңадан
жаңаны табатын өнер»
Ж.Аймауытов
ХХІ ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке ұмтылған өрлеу ғасыры. Ол келешек қоғам иесі – жас ұрпақты өсіріп, жетілдіруге тікелей байланысты.
Қашанда адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы, білімді ұрпақ өсіру.
«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз.»,- деген президент Жолдауынан ұлттық бәсекелестікке қабілетті ұрпақтың білім деңгейімен анықталатынын, әлем кеңістігіне көтерілу үшін мектеп табалдырығынан сапалы да саналы білім беру болып табылады.
Үздіксіз іздену- мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштері- әдістеме салаларындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өздерінің күнделікті сабақтарында пайдалану, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен, сабақпен байланысты. Демек сапалы, тиімді нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ –ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі
оқушы:
Дүниетаным қабілеті жоғары;
Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, функционалды сауатты:
Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Бүгінгі таңдағы жаңа талаптар оқушының танымын кеңейтуге, өзін-өзі дамытуға, алған білімінін түпкі нәтижесінде қолдана алу деңгейіне жеткізуді қажет етеді. Осы жағдайда ғана полимәдени қарым-қатынас іске асырылады. Осыған орай сабақ беру барысында үш тілде білім беруді ұйымдастырамын. Ол, әрине, жаңа сөздерді өту барысында, тренинг жүргізуде, аукцион және сайыс сабақта орындалады.
ХХІ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру-үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» -деген ұлағатты сөзі бүгінгі таңда да күшін жоғалтпай келеді. Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог Ахмет Байтұрсынов: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі- бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі- түрлі әдісті білу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,- деп жазған еді.
Сабақ- мазмұны мен құрылымы жағынан, ұйымдастыру жағынан күрделі динамикалық жүйе болып табылады.Сабақ – оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі. Н.М.Верзилиннің бейнелеп айтуы бойынша, «сабақ-ол күн, оның айналасында айналып жүрген планеталар –оқу сабақтарының барлық түрлері». (1)
«Сабақ» түсінігінің екінші аспектісін, М.И.Махмудовтың тұжырымдамасына сай былай құруға болады: «Сабақ дегеніміз- оқыту үрдісіндегі білім беру, дамыту мен тәрбиелеудің міндеттерін шешу мақсатындағы оқытудың мазмұнын, формаларын, әдістерін және құралдарын мұғалім мен оқушылардың белгілі құрамының өзара мақсатты әрекеті үрдісін ұйымдастыруға бағытталған дамитын және жылжымалы формасы». (2)
Оқу үрдісіндегі әртүрлі жеке уақытта алынған нақты міндеттерді шеше отырып, сабақ тақырыптың, оқу пәнінің бөлігі болады және оқу пәні жүйесінде, бағдарлама тақырыптарында,өзіне сай орынға ие болады, нақ осы уақыттағы дидактикалық мақсаттарды шешеді. Бірақ ол үшін сабақтың өзінің дидактикалық мақсаттарымен, құралдарымен, әдістерімен және оқыту тәсілдерімен анықталатын, бір ішкі логикасы болуы керек.
Сабақ – бұл педагогикалық шығарма, сондықтан да ол өзінің біртұтастылығымен, бөліктерінің ішкі өзара байланысымен, оқытушы мен оқушылардың бірыңғай әрекетін өрістету логикасымен ерекшеленеді. Бұл оқушылардың танымдық әрекетін басқаруды қамтамасыз етеді. (3)
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз деген. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Әрбір сабақтың басталуы- мұғалімнің сабақ нәтижесінде не алуды мақсат ететіндігін айқын анықтаудан, оны түсінуден басталады. Сосын мұғалімге мақсатына жетуге көмек беретін құралдардың, одан кейін әдісін анықтау, яғни мұғалім қалай істесе, оның мақсаты орындалатынын нақтылаудын басталады
Оқытудың негізгі түрі – сабақ. Өйткені, сабақ жастары қатарлас топтағы оқушыларға бірыңғай бағдарламамен тиянақты күнтізбе бойынша білім берудің негізі болып табылады. Сабақтың типі жөнінде ғылыми тәжірибелік зерттеулерде, жүйелеулерде жетерлік. Дидактиканың мақсаттағы әр түрлі ойларды сараптай келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды:
Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы.
Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы.
Қайталау, пысықтау сабағы.
Тексеріп алған білім сапасын айқындау.
Аралас сабақ.
Жинақтап қорыту сабағы.
Сабақ – педагогикалық үрдіс. Дидактикалық кезеңдердің өзара ішкі байланысы ғана емес, осы компонентттердің бірізділігі, яғни, оның өзіне тән ішкі байланысы мен құрылымы болатындығы. Сабаққа қойылатын талаптардың орындалуы үшін мұғалімнің теориялық білімі, ізденімпаздығы, еңбекқорлығы, жаңашылдығы негізгі роль атқарады. Ол шығармашылықты, шеберлікті талап етеді. Сондықтан да өз сабақтарымда оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерімен қатар психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік талаптарды да қоса алып жүремін.
Сабаққа қойылатын жалпы талаптар: тәрбиелік, дидақтикалық, психологиялық. Бұлар өзара тығыз байланысты.
Тәрбиелік талаптар. Ұлттық ұстанымдарға, қазақстандық патриотизмге, жоғары азаматтық адамгершілік моральға, қоғам дамуының талабына және сол сабаққа берілетін материалдар мазмұнының тәрбие көзіне негізделеді.
Дидактикалық талаптар. Тақырыптық-күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарын дұрыс құру. Сабақтың мақсатын мен міндетін нақтылау. Сабақ кезеңдерінің, әртүрлі дидактикалық әдіс-тәсілдерінің бірізділігі, уақытты ұтымды пайдалану және мұғалімнің педагогикалық жетекшілігі.Жаңа ақпараттық-инновациялық технологияларды, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны тиімді қолдану.
Психологиялық талап. Оқушының психологиялық ерекшелігін білуі, онымен санасуы.Ойлауы, есте сақтауы, еске түсіруі, жаттауы, игеруі, байқампаздығы, көңіл аударушылығы, шығармашылық елес-қиялы, еркі, эмоциясы. Мұғалімнің көңіл-күйі, жинақылығы, байқампаздығы, ашушаңдығы белгілі біл дәрежеде оқу еңбегінің қортындысына әсер етеді. Мұғалім өзін-өзі ұстай алуы, өзін өзі басқара алуы, өзіне сенімсіздігі немесе артық сенімділігі сияқты психологиялық жағдаймен де ерекшеленеді. Сабақтың нәтижелілігіне салыстырмалы түрде оқушылардың білімге деген ынтасы, білімін кеңейтуге деген ықыласы да әсер етеді. Сонымен қатар мұғалім мен оқушының арасындағы сыйласымдылық, түсіністік, психологиялық ырғақ та өз нәтижесін береді.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерге сүйне отырып, информатика пәнінің мұғалімі ретінде әрбір сабағымды өзгеше өткізуге тырысамын. Сондықтан да үздік сабақтарымды аралас сабақ түрінде өткіземін. Бұл сабақ дидактиканың міндеттері болып табылатын жаңа материалдарды меңгеру, білімді, іскерлікті, дағдыны жетілдіру, қорыту және жүйелеуден тұрады. Сондықтан да ол аралас деп аталады. Көрнекті педагог Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуальды өміріне тек сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт» деп айтқан. Өйткені, жай сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жатпайды.
Информатика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі ерекше. Бұл білім беру үрдісінде ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолданудың мақсаттары:
-білім деңгейін тексеру бағытында қолдану;
-оқытушылық мақсатта қолдану;
-компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану;
-электронды оқулықтарды, интернетті пайдалану.
Ақпараттық құзіреттілік — көпшілік ақпарат құралдары көмегімен қажетті ақпараттарды іздеу, талдау, таңдап алу, ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және тарату. Бұл құзіреттілік оқушылардың тілді үйрену барысында қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс жасай білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Өзімнің тәжірибемде оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау жүйесіне әсер етіп, таным белсенділігін арттырамын. Оқушының танымдық ойын дамыту және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырмалар, мәселелік сұрақтарды беру арқылы тұлға белсенділігін арттыруға болады. Белсенділіктін негізі – сабақ барысында оқушының белсенді ойлауы.
Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыруда менде қандай өзгерістер болды? Ия, өзгерістер болды, жаңаша көзқарас, білім берудегі жаңаша әдіс-тәсілдер өз тәжірибеме жаңаша сипат әкелді. Оқушыларға да жаңалықтың оң әсер бергенін оқушылардың өздері әр сабақ соңындағы рефлексияларындағы «бүгінгі сабақ өзгеше өтті, ұнады, себебі әркім өз ойын ерікті жеткізеді», «бүгінгі сабақ ерекше өтті, әр топтың фантазиялары ұнады», «осындай сабақтар көп болса екен...» деген сияқты жазбаларынан байқадым. Не өзгерді? Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түр-пішіні өзгерді, қарапайым сынып парталарының топтық жұмысқа ыңғайланып қойылуы, оқушылардың өзге сыныптастармен бірлесе, топтаса жұмыстануға мүмкіндік алуы, бағалаудың түрлерін енгізу, сыныптағы енжар оқушылардың ашылып, белсенділік танытуы, т.б. Қалай өзгерді? Жаңа форматтағы тәжірибе алмасу барысында алған білімім бұрыннан білетін және тәжірибемде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерге тереңінен, философиялық тұрғыдан қарауыма себепші болды. Нұсқаулықта аталып айтқандай, диалогтің пайдаларын және диалог оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылганын назарға ұстап мен өз сабақ беретін сыныбыма диалог әдісін қолдандым. Менің қолданған түрлерім: топтық әңгіме, жұптық әңгіме (мұғалім оқушы, оқушы оқушы). Мысалы: оқушылардың сөйлесімдік, тілдесімдік біліктерін дамытып, жетілдіруге бағытталған сабақ жоспарымда оқу үрдісі оқушылардың тілдік серіктестер тобындағы өзара әрекеті негізінде ұйымдастырылды. Сабақтың кіріспе және қорытынды кезендерде оқушылардың тілдік ортадағы өзара әрекетіне негізделген оқу қызметін ұйымдастыруда, негізінен, қатысымдық әдіске сүйендік.Оқушылардың топтағы, ұжымдағы, жұптағы оқу іс-әрекетін қатысымдық негізде ұйымдастыруда оқытушының рөлі ерекше. Мен диалогті әдісті пайдалана отырып, құрған сабақтарымда, келесі жетістіктерге қол жеткіздім деп айта аламын: - оқушыларды тақырып бойынша ынталандырдым - оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін байқадым - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал еткенін көрдім. -оқушылардың бір біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге бағыттадым -әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмектестім Бұрынғы сабақтарымда оқушыларды топта жұмыстандыру барысында топқа не үшін, қандай мақсатпен бөлетіндігіме баса назар аудармаушы едім. Қазір топқа бөлер алдында қандай деңгейдегі оқушыларды топтастыруым керек, оны қалай жүзеге асыруым керек деген мәселелерді алдын-ала ойланамын. Мысалы, алғашқы сабағымда сыныптағы лидер оқушылардың топтық тапсырманы орындау барысында сөз таластырып, сол себепті уақыттан ұтылып қалатынын байқадым. Келесі сабағымда лидер оқушыларды бір топқа жинап, Блум сұрақтарымен жұмыстануға тапсырма бердім. Оқушылар жеңілден күрделі тапсырмаға ауысқан кезде бәсекелестікті ұмытып, жұмыла жұмыс жасай бастады. Нәтиже бар. Демек, топтық жұмыстар мен үшін ғана емес, оқушылар үшін де үлкен өзгерістер әкелді. Менің түсінгенім –топтық жұмысты ұйымдастыруда алдымен оқушылардың талабы мен мүмкіндігі ескерілуі тиіс, одан кейін мұғалімнің шеберлігі қажет. Жалпы сыни ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны ашу үшін саналы түрде стратегияларды қолданады, олар ауызша да, жазбаша да ойларын еркін айтады, мұндай адамдар тың идеялармен келешекке нық кадам басады. Информатика пәнінің басты мақсаты - жаңа технология жиындарын оқытады, яғни ақпаратты сақтайды және өңдейді, оқушылардың ой-қиялын жетілдіру, сыни пікір қалыптастыру болса, әр сабағымда оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыруға тырыстым. Мысалы, алғашқы сабағымда оқушылар өзара «мәртебесі жоғары» сұрақтар дайындап, топтар өзара пікір алмасу керек болды. Байқағаным, «Мәртебесі жоғары»сұрақтың жоғары бағаланатынын білген оқушылар сұрақтар қоюға, қойылған сауалға ойланып жауап беруге тырысты. 5-сыныпқа өткізген алғашқы сабағымда оқушылардың 60℅ ойлануды қажет ететін сұрақтар қойып, ойланып жауап беруге тырысып отырса, тәжірибемнің соңына қарай бұл көрсеткіштер жоғары көтерілді. Соңғы қорытынды сабақтағы оқушыларды ойлауға, өз бетімен саралауға, өз ойларын ашық айтуға, дұрыс сөйлей білуге бағыттаған «Информатика дегеніміз не? Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар? Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесің? Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар? Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?» жұпта, соңында топта талқылап, әрқайсысының пікірі құнды екенін түсінді, әрқайсысы өз пікірін білдіру арқылы бір-бірін тыңдауға үйренді. Жұптасып ойлан бөліс стратегиясын пайдаланды.Флейвел /1976/ метатанудың оқушы мақсаты мен тапсырмаларын білуі, түсінуі мен бағалауын қамтиды деп пайымдағанындай, оқушылар топпен жұмыстана отырып өз-өзін және өзара бағалауды үйренді. Оқушыларыммен бірге өзім де үйреніп, оңы мен терісін саралап, сабақ алып отырдым. Мысалы, алғашқы сабағында өзім дайындаған критерийлер мен дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз- өздерін әділ бағалай білді. Бағалардың әділ болуына алдымен нақты берілген дескрипторлар әсер етсе, екіншіден балалар сыныптастарының алдында өздеріне жоғары баға қоюға қысылады, сол себепті де берілген критерийлерге сай жұмыс жасауға тырысып бағады.Мен үшін бағалаудың бұл түрінің тиімділігі - сабақ соңында сыныптағы оқушыларды толық бағалай алуым болды. Соңғы қайталау сабағында екі оқушыға топтардың және жекелеген оқушылардың сабаққа қатысын арнайы дескрипторлар арқылы бақылап, бағалап отыру үшін беріп бағалаушы рөлін бөліп бердім. Бұл әдістің де өзіндік тиімді-тиімсіз жақтарын байқадым. Тиімділігі –мұғалім сұрақ-жауап барысында барлық оқушыны бірдей назарында ұстай алмайды, ал арнайы бақылап отырған оқушылар бәрін анық байқап отыра алады. Тиімсіздігі - бағалаушы оқушылар сабақтан тыс қалып қояды. Демек, алдағы сабақтарымда бұл әдісті көп қолдана алмайтынымды білдім. Жалпы критериалдық бағалау әділ бағалау үшін тиімді, әрі балалар берілген тапсырмаларды критерийлерге сүйене отырып орындаған уақытта берер нәтиже мол болады. |
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс, келешек ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен қатар орыс, ағылшын тілдерін жақсы білу- өмір талабы екенін айта келіп, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған. (4)
Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Сабақ беру процесі күрделі педагогикалық объект болғандықтан оның типі дидактикалық бағытта, мазмұнына, орнына байланысты өзгере береді. Білім беру әдістерінің тиімділігін арттыру негізі-сабақ болып табылады. Білім беруде оқушының танымдық белсенділігін арттырып, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етіп, ұжымды бірлесе жұмыс жасауға үйрететін уақытпен үндес оқыту технологияларының бірі болып отыр.
Өз сабақтарымда сабақтың әдістемелік құрылымының негізгі элементерін қатаң сақтап отырамын. Олар:
а) оқушыларды сабаққа ұйымдастыру;
ә) бұрынғы өткен материалдарды меңгеруін қадағалау;
б) жаңа материалды мұғалімнің бөліп қарастыруы, енгізуі және оқушылардың матриалды түсінуі үшін олардың жұмысын ұйымдастыруы;
в) жаңа материалды алғашқы бекіту, оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру жұмыстары, білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану;
г) үй тапсырмасын және оның үлгілерін беру;
д) оқушының бүкіл сабаққа қатысуына қарай бағасын немесе баллын қойып, сабақты қорытындылау.
Өз тәжірибемде «Activstudio» бағдарламасымен қамтамасыз етілген Activord интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін барынша қолдандым.
Сонымен бірге бұл сабақтарда электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Электрондық оқулықтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашуға, интерактивті тапсырмаларды орындауға, тест жұмыстарын орындауға көп мүмкіндік береді. Коммуникативтік технологияларды пайдаланудың өзіндік тиімділігі бар.
Атап айтқанда:
Оқушы
дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың
көмегімен мәтінді тыңдайды,
бейнесюжеттерді көре алады;
Аз уақытта
оқушы көп ақпарат алып, уақытты
үнемдейді;
Қашықтықтан білім алу
мүмкіндігін пайдаланады;
Мәтіндерді
оқу арқылы есте сақтау қабілеті
артады;
Қажетті ақпаратты жедел түрде
алады;
Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникативтік технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң нәтиже берді. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамыту, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыру, дербес жұмыстарын ұйымдастыру т.б. сияқты оқушы белсенділігін арттыруда маңызы зор.
Сабақ барысында интернетті қолдану :
-интернет оқушыға материалды асықпай оқып білуге жағдай жасайды,
-интернет алынған ақпаратқа талдау жасауға мүмкіндік береді,
-интернет оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әдетке айналдыру қабілетін оятады, өзіндік пікірін қалыптастырады.
Интерактивті тақта - бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін ресурс.
Интерактивті тақтаның артықшылығы:
-материалды түсінікті , қосымшалар, бейне көріністер,сабақ барысында жасалған жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады;
Түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады;
Ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады, жеке және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді;
-оқытудың түрлі стилдерін қолдануды,сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді;
-өткен материалды қайталау үшін файлдарды сақтауға мүмкіндік береді.
Сабақтың сапасын арттыруда технологиялық модельдік жүйені енгізе отырып, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған инновациялық технологияларды тиімді қолдануға тырысамын.Электронды, мультимедиялық оқулықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдану, қашықтықтан оқытудың ғарыштық каналдары арқылы білім беруді ұйымдастыру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.
Информатиканы оқыту арқылы жеке тұлғаның адами құндылықтары негізінде дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» бағдарламасын қолданамын. Ұстаз балалармен бірге пікір таластырады, ойланады, жаңалықтар ашады, таңданады және күмәнданады, бірлескен шығармашылықта қызығушылықпен өмірдің ақиқатына көз жеткізеді, сыныпта жағымды жағдай туғызады. Осының барлығы тілді үйретуде оқушылардың құзіреттілігін дамытуға, күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. «Шаттық шеңбері», «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы білім берумен қатар жеке тұлғаның өзіндік танымын жетілдіру, адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыру, әдептілік, имандылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіре білетін тұлғаны тәрбиелеуге болады.
Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет.
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде – “ЭЕМ жадында сақталады. Соның салдарынан 21 ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...”, - деген болатын.
Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында – информатика пәнінің қоғамда алатын орны ерекше. Информатика пәні орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді.Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі».
Сөзімнің соңын қорытындылай келгенде, егер жұмыстарымды осы бағытта жалғастыра беретін болсам, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, сыни ойлай алатын, алған білімін өмірде пайдалана алатын шығармашыл, кұзіретті тұлға қалыптастыра алатыныма менің сенімім мол.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім /Стронг, 2011/ болса, мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат –осы алған білімімді саралап, тәжірибеде толықтырып, нәтижелі білім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіремін.
«Жақсы сабақ дегеніміз — ол іскер шығармашылық ахуал қайнап тұрған сабақ. Оқушылардың мұғаліммен белсенді түрде диалогқа түсуі мүмкін болатын сабақ». (5)
Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру-үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» — деген ұлағатты сөзін негізгі басшылыққа ала отырып , шеберлігімді шыңдау, үздіксіз іздену арқылы ғылыми жаңалықтарды назардан тыс жібермей, озық тәжірибелерді меңгеру арқылы ақпараттық құзіреттілігі қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу – ұстаздық парызым деп санаймын.
Менің ұсынысым:
Қазіргі оқу бағдарламасының күрделенуіне байланысты көптеген оқушылар өздерінің күштеріне сенімсіз, сондықтан өзіндік сенімін арттыру мұғалім үшін үлкен еңбекті қажет етеді. Мұнда оқушы қатеден қорықпай оны түзету жолын іздеп табуға, өзін-өзі тексеруге дағдылану керек. Сондықтан да цифрландыру, ақпараттандыру заманы болғандықтан тапсырманы орындай отырып, оқушы жұмысына өзі талдау жасап, өзіне-өзі баға береді және өзіне деген сенімі артады. Ол үшін компьютерде орындалған тапсырмаларды, тест жұмыстарын дұрыс орындаған жағдайда «жарайсың», «тамаша», «орташа жауап бердің» деген сөздерді немесе «басбармақпен» және «смайликтермен» бағалауды және де орындаған тапсырмаларының пайызын шығатындай етіп енгізіп қойсақ бала өз деңгейін біліп отырған болар еді.
Кез-келген аймақта ақыл-ойы дамыған, шығармашылық әрекетке бейім, өзіне-өзі сенімді ұрпақ тәрбиелеу үшін сабақта иновациялық технология элементтерін пайдалануды тиімді және сабақта пайдалануды ұсынар едім.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген