400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ: "Біз Отанды сүйеміз "

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,Отан туралы мағлұматтар беру, сөздік қорларын молайту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Біз Отанды сүйеміз!

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, рәміздерін үйрету.

Дамытушылық: Отан туралы мағлұматтар беру, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Өз Отаның сүюге, Отанымыздың адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Рәміздердің, қаланың суреттері.

Сабақтың әдіс: Сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:

1. Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң.

Қайырлы күн!

2. Жаңа сабақ:

- Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «БізОтанды сүйеміз!»

Отан дегеніміз не?

Қалай түсінесіңдер?

Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

  • Қазақстан.

  • Еліміздің астанасы қалай аталады?

  • Астана

  • Еліміздің рәміздерін ата?

  • Елтаңба, ту, әнұран.

  • Еліміздің маңызды қалаларын ата?

  • Алматы, Астана.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қолымызды созамыз

Бір отырып, бір тұрып.

Орнымызды табамыз.

  • Балалар бүгін Конституция күні. Мен сендерге Конституция туралы азғантай мағлұмат бергім келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстан мемлекетінің Ата (негізгі) заңы. 1995ж.30 тамызда Респ.референдум өткізу(бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл.биліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады.

Біз Ата Заңымызды құрметтеу керекпіз.

  • Балалар бұл мерекемен қатар 1 қыркүйек білім күні келе жатыр. Бұл күні балалар мектеп табалдырығын аттайды, алғашқы қоңырау соғылады. Жаңа оқу жылы басталады.

  • Балалар сендер мектепке барғыларын келе ме?

  • Мектепке бару үшін ең алдымен балабақшадан тәрбие аласыңдар.

  • Балалар мектепте не істейсіңдер?

Балалардың жауабы (кітап оқиды, жазу жазады, ән айтады т.б)

Отан туралы өлең оқиық:

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан- қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым.

Отанды- ел гүлденеді.

Дидактикалық ойын:

Ту, Елтаңба суреттерін құрастыр.


Қорытынды:

Бүгін біз қандай тақырып өттік?

  • Менің Отаным

  • Еліміздің қандай рәміздері бар?

  • Елтаңба, ту, әнұран.

  • Еліміздің қандай маңызды қалалары бар?

  • Астана, Алматы.

  • 1 қыркүйек қандай күн?

  • Білім күні.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі