400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ. "Жасуша, ұлпа, мүше,мүшелер жүйесі түсініктері.Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру." 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 7 сыныптың биология пәні бойынша мұғалімге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4.Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

7.4.2 Жасуша, ұлпа, мүше,мүшелер жүйесі түсініктері.Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер,вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.2.1 – «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» туралы түсініктер;

7.4.2.2 – Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» туралы түсінік беру;

Көпшілігі: Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын ажырату;

Кейбіреулері: Дайын микропрепараттан өсімдік және жануар жасушасының құрылымдарын салыстыру;

Жетістік критерийлері

Дағдылар:

Білу,түсіну,қолдану.

  • «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» туралы біледі;

  • Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын ажыратады;

  • Дайын микропрепараттан өсімдік және жануар жасушасының құрылымдарын салыстырады;

Тілдік мақсаттар






















Пән бойынша оқыту мақсаты:

Оқушылар орындай алады:

  • «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» туралы түсінік беру;

  • Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын ажырату;

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар орындай алады: Өсімдік пен жануар жасушасының органоидтарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау;

  • «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымына түсінік беру;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

жасуша – клетка – cell, өсімдік жасушасы - растительная клетка- Plant cell жануар жасушасы- животная клетка - animal cell, ұлпа – ткань – tissue, мүше – орган – organ, мүшелер жүйесі – система органов – organ system, ядро – ядро – сore, пластид – пластид –plastid, вакуоль –вакуоль – vacuole микроскоп –микроскоп –microscope

Диалог құруға/жазылымға қатысты қажетті сөздер топтамасы:

  • Бұл жасуша ма, әлде ұлпа ма?

  • Сіз қалай ойлайсыз, бұлардың қайсысы мүше/мүшелер жүйесі?

  • Мүше немесе мүшелер жүйесі екенін қалай ажыратасыз?

  • Сіз неге бұл жасуша/ұлпа/мүше/мүшелер жүйесі деп ойлайсыз?

  • Бұл жануар жасушасы ма немес өсімдік жасушасы ма?

  • Бұл суретте жануар жасушасы берілгеніне сенімдісіз бе?

  • Не себепті өсімдік жасушасы емес?/ Себебі, өсімдік жасушасында...болады.Жануар жасушасында ... болмайды.

  • Сіз бұл жануар жасушасы екендігін қалай білдіңіз?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» құндылықтары:

2)Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;

3)Зайырлы қоғам және жоғары руханият

6)Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

( Оқушыларға жасушадан ұлпа, ұлпадан мүше, мүшеден мүшелер жүйесі, мүшелер жүйесінен толық ағза құралатынын мысалға келтіре отырып, ҚР азаматтары білім алып, өз мемлекетінің тілін, тарихын, салт-дәстүрін біліп және өзара бірлік, келісім, ынтымақтастық болып, ҚР дамыған 30 елдің қатарына қосылуына өз үлесімізді қосуымыз қажет екенін түсіндіру)


Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану: 5.4.2.6 - өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттеу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, видеокөрсетілім

Бастапқы білім


7.1.1.1. Жүйелеудің маңызын түсіндіру (біржасушалы және көпжасушалы аізалар)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


2+5 минут








Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Суреттер арқылы топқа бөлу.

1-топ: «Жасуша»

2-топ: «Ұлпа»

3-топ: «Мүше». Бір суреттің бұрышына жұлдызша бейнеленген.Сол жұлдызша кімге түссе,сол топ басшысы болады.

«Көк диван» әдісі

Ортаға , «көк диванға» А оқушы шығып, В оқушыны шақырады. А оқушы В оқушыға өткен тақырып бойынша сұрақ қояды.Сұрағына В оқушы дұрыс жауап берсе, А орнынан тұрып кетеді де, В оқушы сұрақ қою үшін С оқушыны шақырады.Егер А оқушының қойған сұрағына В оқушы жауап бере алмаса, В оқушы «көк диванда» отыра береді. А оқушы С оқушыны шақырады.Оқушылар «Көк диванда» қалып қоймас үшін,сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.

Суреттер

Сабақтың ортасы

(30 минут)







































































Миға шабуыл: Оқушыларға лего ойыншығы беріледі. Легомен үй құрастырады.

Не себепті сіздерге легомен үй құрастыруларыңызды талап еттім?

Бүгінгі тақырыбымызбен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?

(Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесімен байланысты)

«Ойлан, жұптас, топтас» әдісі

№1 тапсырма. Жеке жұмыс

Бағалау критерийі:Суретке мұқият назар аударыңыз.Берілген суреттердің қатарына сәйкес келетін атауларын жазыңыз және берілген анықтамалармен сәйкестендіріңіз.

Shape1

Құрылысы ұқсас, шығу тегі мен белгілі бір қызметтерді атқаратын мүшелер тобы

І.



ІShape2

Өзіне тән пішіні мен құрылысы және қызметі бірдей ұлпалардан құралған организмнің бір бөлігі

І.

ІShape3

Белгілі бір ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделгегн,тірі және қалыптасқан біртұтас жүйе

ІІ.

ІShape4

Тірі организм құрылысының ең кіші өлшем бірлігі

Ү.

ҮShape5

Шығу тегі, құрылысы мен қызметі бірдей жасушалар тобы

.

Дискриптор:

1.Берілген суреттердің қатарына сәйкес келетін атауларын жазады.

2. Суретте берілген тірі организмнің құрылыстарының анықтамаларын сәйкестендіреді.

3. Тірі организмнің құрылыстарын бір-бірінен ажыратады.

ҚБ: Оқушыларға жұлдызша тарату арқылы бағалау.

Оқушыларға жасушадан ұлпа, ұлпадан мүше, мүшеден мүшелер жүйесі, мүшелер жүйесінен толық ағза құралатынын мысалға келтіре отырып, ҚР азаматтары білім алып, өз мемлекетінің тілін, тарихын, салт-дәстүрін біліп және өзара бірлік, келісім, ынтымақтастық болып, ҚР дамыған 30 елдің қатарына қосылуына өз үлесімізді қосуымыз қажет екенін түсіндіру

№2 тапсырма. Жұптық жұмыс

Бағалау критерийі: Суретте өсімдік және жануар жасушасы берілген. Берілген суреттен жануар жасушасы мен өсімдік жасушасын жұпта салыстыра отырып, олардың жасуша құрылымдарының атауларын жазыңыз.

Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы

Дискриптор:

1.Өсімдік жасушасының құрылымдарын жаза алады.

2. Жануар жасушасының құрылымдарын жаза алады.

3. Жасушаның құрылымдарын бір-бірінен ажырата алады.

ҚБ: Жұптағы оқушылар бір-бірін кәмпит беру арқылы бағалайды.

Жасыл кәмпит: Тамаша

Қызыл кәмпит: Жақсы

Көк кәмпит: Жақсы, бірақ сізге көмектесемін


bShape6 ) «Венн диаграммасы» әдісі.

Бағалау критерийі: Өсімдік және жануар жасушасының құрам бөліктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайлы топта талқылаңыздар және диаграмманы толтырыңыздар, топпен жұмыстарыңызды қорғаңыздар.

Shape8 Shape9 Shape7

Жануар жасушасы

Өсімдік жасушасы



Shape11 Shape10

Ұқсастығы










Дискриптор

ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек» топ бір-бірін бағалайды.

3-тапсырма.

Бағалау критерийі: Дайын микропрепараттан жасуша құрылымдарын қараңыз.Жасуша пішініне және құрылымдарына көңіл аударыңыз.Микропрепараттан байқағаныңызды негізге ала отырып, төменде берілген сұраққа жауап жазыңыз.

1.Не себепті жануар терісінен немесе жүнінен жасалған киімдерге қарағанда, өсімдік талшығынан жасалған киімдер қиын үтіктеледі? Сіз қалай ойлайсыз?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дискриптор:

1.Микропрепараттан жасуша құрылымдарын көре алады

2. Өз ойын еркін жеткізе алады.

3.Сұрақтың жауабын бүгінгі тақырыпқа байланыстыра алады.

ҚБ: Сұраққа дұрыс,толық жауап берген оқушыға тәж беру арқылы бағалау.

Карточка, суреттер, оқулық, лего

http://www.bilimland.kz/kk/home

#lesson=12647






















































Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «Бес бармақ»

Бас бармақ: Бүгін мен білдім.

Балаң үйрек: Не үйрендім?

Ортан терек: Не оңай болды?

Шылдыр шүмек: Не қиын болды?

Кішкентай бөбек: Мен жасай алдым...


Микроскоп, микропрепарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Қауіпсіздік техникасы ережесі:

микропрепарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
4843
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі