жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жэоспары 1 сынып менің отбасым
Сабақ жоспары:
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Сәлем саған мектебім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Анық сөйлеуін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жаттығулар, әңгімелесу, үлестірмелі материал
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Көзді жыпылықтату».Ауаны мұрныңа тартқанда көзіңді жұм,шығарғанда- аш.
2. «Мұрынмен хат жазу» . Көзіңді жұм.Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
3. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға-оңға, төмен-жоғары жылжытасың (6 реттен)
4 «Мұрынмен хат жазу». Көзіңді жұм. Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
5. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға оңға, төмен жоғары жылжытасың (6реттен).
III.Жаңа тақырып. Суретпен жұмыс.
Шағын әңгіме құрау. Суреттен не көріп тұрғаныңды айт. Бұл қай күн? Бұл күн сенің өміріңе қандай өзгерістер әкелді деп ойлайсың?
Өлеңді мұқият тыңда.
Алақай- ау, алақай!
Алақай- ау, алақай!
Бұдан былай мен енді
Емеспін жай балақай.
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді.
Бардым бүгін мектепке
Оқушымын мен енді!
Логикалық тапсырма
IV.Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды жаяйық.
Құс боп қанат қағайық,
Иілейік оңға бір.
Иілейік солға бір.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық
V. Сабақты қорытындылау:
Көңіл-күйін қалай?
Сабақ ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Мектебім тақырыбына ауызша әңгімені толықтыру
Түзете-дамыту сабағынан күтілетін нәтиже: Бала тапсырмаларды қызыға орындауын, жақсы көңіл - күйде болуын және сабақ барысында өтілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.
Сабақ жоспары:
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Сәлем саған мектебім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Анық сөйлеуін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жаттығулар, суретпен жұмыс
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Көзді жыпылықтату».Ауаны мұрныңа тартқанда көзіңді жұм,шығарғанда- аш.
2. «Мұрынмен хат жазу» . Көзіңді жұм.Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
3. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға-оңға, төмен-жоғары жылжытасың (6 реттен)
4 «Мұрынмен хат жазу». Көзіңді жұм. Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
5. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға оңға, төмен жоғары жылжытасың (6реттен).
III.Жаңа тақырып
Өлеңді мұқият тыңда.
Сауатыңды ашатын
Кітап -білім бұлағы.
Нұрын бізге шашатын
Ол -өмірдің шырағы.
Суретте қарап заттарды ата.
Айналамыздағылардың бәрінің атауы бар. Оны бір-бірімізге сөз арқылы жеткіземіз.
Өлеңді мұқият тыңда
Биыл
ғана мектептің
Табалдырығын
аттадым.
Әліппені қолға
алып,
Әріптерді жаттадым.
Партаға
алғаш отырдым,
Бұдан асқан бақыт
жоқ.
Оқушы болдым, мінекей,
Ойнауға
енді уақыт жоқ.
Байтұрсынов
атаның
Мектебінде оқимын.
Ұстазымның
әр сөзін
Көңіліме тоқимын.
Жақсы
оқып келемін,
Сабақтан да
қалмаймын.
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын
IV.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды жаяйық.
Құс боп қанат қағайық,
Иілейік оңға бір.
Иілейік солға бір.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық
V. Сабақты қорытындылау:
Сабақ ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Сурет салу
Түзете-дамыту сабағынан күтілетін нәтиже: Бала тапсырмаларды қызыға орындауын, жақсы көңіл - күйде болуын және сабақ барысында өтілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.
Сабақ жоспары:
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Кел, танысайық. Осы менің туған елім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөйлеу тілін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жаттығулар, үлестірмелі материал
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Көзді жыпылықтату».Ауаны мұрныңа тартқанда көзіңді жұм,шығарғанда- аш.
2. «Мұрынмен хат жазу» . Көзіңді жұм.Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
3. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға-оңға, төмен-жоғары жылжытасың (6 реттен)
4 «Мұрынмен хат жазу». Көзіңді жұм. Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
5. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға оңға, төмен жоғары жылжытасың (6реттен).
III.Жаңа тақырып
Қызығушылықты ояту
Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты,
Табиғат пен адамзат егіз жүрер.
Табиғат асыраушы адамзатты- дегендей ата-бабамыз жер-қазына, су-алтын, мал-байлық деп тегін айтпаған.
Бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз – «Туған ел» деп аталады.
Сұрақ –жауап
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Астанамыз қай қала?
Қандай көрікті жерлерді білесің?
Біздің еліміз - Қазақстан. Оның жері кең - байтақ. Нұрсұлтан қаласы -Қазақстанның астанасы. Ол - әдемі байтақ қала.
Тапсырма. Нүктелерді қосу
IV.Сергіту сәті:
Орманға кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте
Тоқылған салса себетке?
V. Сабақты қорытындылау:
Көңіл-күйін қалай?
Саған ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Түзете-дамыту сабағынан күтілетін нәтиже: Бала тапсырмаларды қызыға орындауын, жақсы көңіл - күйде болуын және сабақ барысында өтілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.
Сабақ жоспары:
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Кел, танысайық. Осы менің туған елім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөйлеу тілін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жаттығулар, үлестірмелі материал
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Миға арналған жаттығулар»
Басымызды шайқау: терең демаласың, денеңді босаңсытып, басыңды алдыға түсіресің. Бойыңдағы қысылу кеткенше, басыңды жан -жаққа шайқалтасың. 30 секунд орындалады.
2. «Зерек көздер» жаттығуы. Көзімізбен ауада сағаттың бағытымен 6 шеңбер сызамыз, содан кейін кері қарай.
3. «Жалқау сегіздіктер». Ауада әр қолмен 8 санын сызамыз, содан кейін екі қолымен бірге сызамыз. Тапсырма үш рет қайталанады.
III.Жаңа тақырып.
Жұмбақтарды шешу
1.Қанша бала?
Бір топ бала тоғаннан,
Бес балық ұстадық.
Бөліскенде олардан,
Тиді әркімге бір балық.
Айтыңдаршы, ал енді
Бала саны қанша еді? (бес бала)
2.Неше қаз?
Көлден ұшты үш қаз,
Қайта қонды біреуі.
Шешіп көрші, қанеки,
Ұшып кетті нешеуі? (екі қаз)
Тапсырма. Оқушыға асықпай екі рет мынандай сөздер оқылады
Сурет, балық, есік, терезе, еден, көйлек, бала.
Сұрақтарға жауап бер
Неше сөз оқылды?
Екінші сөзді қайтала.
Суретке қарайық, әр қатардағы артық заттарды карандашпен қоршайық.
IV.Сергіту сәті:
Орманға кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте
Тоқылған салса себетке?
V. Сабақты қорытындылау:
Саған ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Беске дейін санау
Түзете-дамыту сабағынан күтілетін нәтиже: Бала тапсырмаларды қызыға орындауын, жақсы көңіл - күйде болуын және сабақ барысында өтілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.
Аты-жөні________________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдарымен таныс болайық
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөйлеу тілін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығулар, үлестірмелі материал
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Миға арналған жаттығулар»
Басымызды шайқау: терең демаласың, денеңді босаңсытып, басыңды алдыға түсіресің. Бойыңдағы қысылу кеткенше, басыңды жан -жаққа шайқалтасың. 30 секунд орындалады.
2. «Зерек көздер» жаттығуы. Көзімізбен ауада сағаттың бағытымен 6 шеңбер сызамыз, содан кейін кері қарай.
3. «Жалқау сегіздіктер». Ауада әр қолмен 8 санын сызамыз, содан кейін екі қолымен бірге сызамыз. Тапсырма үш рет қайталанады.
III.Жаңа тақырып.
Өлеңді мұқият тыңда
Сауатыңды ашатын
Кітап білім - бұлағы.
Нұрын бізге шашатын
Ол - өмірдің шырығы
Жұмбақ шешу
Бір үйде көп бала
Біреуі-көк бала
Біреуі-қызыл бала
Біреуі -қара бала
Біреуі-сары бала
(Түрлі түсті карандаштар)
Қабат қабат хаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)
Ойнақтаса қолында
Із қалмайды соңында
(Өшіргіш)
Оқу құралдары:
IV.Сергіту сәті:
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (оқушы қолын соғады)
V. Сабақты қорытындылау:
Саған ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Менің оқу құралдарым
Түзете-дамыту сабағынан күтілетін нәтиже: Бала тапсырмаларды қызыға орындауын, жақсы көңіл - күйде болуын және сабақ барысында өтілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдарымен таныс болайық
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөйлеу тілін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығулар, үлестірмелі материал
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Миға арналған жаттығулар»
Басымызды шайқау: терең демаласың, денеңді босаңсытып, басыңды алдыға түсіресің. Бойыңдағы қысылу кеткенше, басыңды жан -жаққа шайқалтасың. 30 секунд орындалады.
2. «Зерек көздер» жаттығуы. Көзімізбен ауада сағаттың бағытымен 6 шеңбер сызамыз, содан кейін кері қарай.
III. Жаңа тақырып.
Суретпен жұмыс. Бұл не?
Суретпен жұмыс
Арман мектепке не апару керек?
Оған көмектес
IV.Сергіту сәті: «Ұшты, ұшты» ойыны
Ұшты , ұшты, алма ұшты.
Ұшты, ұшты, қалам ұшты.
Ұшты , ұшты, құс ұшты.
Ұшты, ұшты, дәптер ұшты.
Ұшты , ұшты, кітап ұшты.
Ұшты, ұшты, ұшақ ұшты.
Ұшты, ұшты, сөмке ұшты.
V. Сабақты қорытындылау:
Саған ұнады ма?
Бүгінгі сабақта не үйрендің?
VI. Үй жұмысы
Жеке карточка «не артық»
Сабақ жоспары:
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Әдептілікке үйренейік
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөйлеу тілін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға үйрету
Көрнекіліктер: тақырып бойынша сюжеттік суреттер, жеке карталар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Миға арналған жаттығулар»
Басымызды шайқау: терең демаласың, денеңді босаңсытып, басыңды алдыға түсіресің. Бойыңдағы қысылу кеткенше, басыңды жан -жаққа шайқалтасың. 30 секунд орындалады.
2. «Зерек көздер» жаттығуы. Көзімізбен ауада сағаттың бағытымен 6 шеңбер сызамыз, содан кейін кері қарай.
3. «Жалқау сегіздіктер». Ауада әр қолмен 8 санын сызамыз, содан кейін екі қолымен бірге сызамыз. Тапсырма үш рет қайталанады.
III.Жаңа тақырып.
Өлеңді мұқият тыңда.
Бөбектерім, оқы, ойна
Оқу, білім саған пайда
Кітабыңның шетін жыртпа
Сиямен бояп қойма.
Қолынды жу,тырнағынды ал,
Мұрынынды сүрт орамалмен.
Кешігіп қалмай мектепке бар,
Алысып жүрмей балалармен.
Ата-ана , мұғалімге
Қарсы келмей әдепті бол.
Өтрік айтпа,үйрен шынға,
Тілейтін сенен сол.
Сен осы ережелерді орындап жүрсің бе?
Берілген өлең не туралы?
Саған өлең ұнады ма? Неліктен ұнады?
Бұл өлең нені еске түсірді?
Әр қатардан артық затты тауып, қорша
IV.Сергіту сәті:
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (оқушы қолын соғады)
V. Сабақты қорытындылау:
Саған ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Түзете-дамыту сабағынан күтілетін нәтиже: Бала тапсырмаларды қызыға орындауын, жақсы көңіл - күйде болуын және сабақ барысында өтілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.
Сабақ жоспары:
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Әдептілікке үйренейік
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөйлеу тілін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға үйрету
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жаттығулар, мақал-мәтелдер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Миға арналған жаттығулар»
Басымызды шайқау: терең демаласың, денеңді босаңсытып, басыңды алдыға түсіресің. Бойыңдағы қысылу кеткенше, басыңды жан -жаққа шайқалтасың. 30 секунд орындалады.
2. «Зерек көздер» жаттығуы. Көзімізбен ауада сағаттың бағытымен 6 шеңбер сызамыз, содан кейін кері қарай.
3. «Жалқау сегіздіктер». Ауада әр қолмен 8 санын сызамыз, содан кейін екі қолымен бірге сызамыз. Тапсырма үш рет қайталанады.
III.Жаңа тақырып.
Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер оқу:
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген- әдеп,
Біз деген- көмек.
Ұлық болсаң- кішік бол.
Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
Әдепті бала ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.
Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Тапсырма. Не артық?
IV.Сергіту сәті:
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (оқушы қолын соғады)
V. Сабақты қорытындылау:
Саған ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Мен қандай баламын? Ауызша әңгіме құрастыру
Түзете-дамыту сабағынан күтілетін нәтиже: Бала тапсырмаларды қызыға орындауын, жақсы көңіл - күйде болуын және сабақ барысында өтілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Мен жақсы көретін жан-жануарлар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөйлеу тілін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға үйрету
Көрнекіліктер: тақырып бойынша сюжеттік суреттер, жеке карталар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
Қуанамын
мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық
достарым
Арайлап атқан күнге.
III.Жаңа тақырып.
Үй жануарлары
Жабайы жануарлар
Суретпен жұмыс:
«Сен білесің бе?» ойыны:
Педагог үстел үстіне ойыншықтарды немесе суретті көрсете отырып, үй жануардарының дене мүшелерін сұрайды.
Мысалы: сиырдың тұяқтары, аяқтары, құйрығы, дене мүшесі бар. Басында мүйізі, көздері, аузы, тұмсығы бар.
Ойын «Көп-аз»:
Қой- қойлар, сиыр- сиырлар, жылқы- жылқылар, түйе- түйелер.
Ел аузынан:
Қой сүйеді баласын: «Қоңырым! » - деп,
«Ештеңені білмейтін момыным », - деп.
Сиыр сүйеді баласын: «Торпағым! » - деп,
«Қараңғыға баспаған қорқағым », - деп.
Түйе сүйеді баласын: «Тайлағым! » - деп,
«Жабу жапса, жарасқан жайнағым », - деп.
Ешкі сүйеді баласын: «Лағым!» - деп,
«Тастан – тасқа секірген шұнағым», - деп.
Жылқы сүйеді баласын: «Шұбарым!» - деп,
«Жүгіруден тарасын құмарың», - деп.
Тапсырма: Берілген суреттегі жануарлардың аттарын атап, буынға бөл.
IV. Ұсақ моторика «Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
V. Сабақты қорытындылау:
Саған ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Жабайы жануарларды жаттап келу.
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Мен жақсы көретін жан-жануарлар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөйлеу тілін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Оқушының ойлауын, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға үйрету
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Миға арналған жаттығулар»
Басымызды шайқау: терең демаласың, денеңді босаңсытып, басыңды алдыға түсіресің. Бойыңдағы қысылу кеткенше, басыңды жан -жаққа шайқалтасың. 30 секунд орындалады.
2. «Зерек көздер» жаттығуы. Көзімізбен ауада сағаттың бағытымен 6 шеңбер сызамыз, содан кейін кері қарай.
3. «Жалқау сегіздіктер». Ауада әр қолмен 8 санын сызамыз, содан кейін екі қолымен бірге сызамыз. Тапсырма үш рет қайталанады.
III.Жаңа тақырып.
Үй жануарлары туралы әңгімелесу.
- Үй жануарлары қайда өмір сүреді?
- Олар несімен пайдалы?
- Оларға қандай қамқорлық жасауымыз керек.
- Оларды қалай атаймыз?
- Олардың төлдерін қалай атаймыз?
- Үй жануарларының аталарын білесің бе?
1.
Көптік жалғауын жалға.
Құлын+дар
Ешкі
+лер
Лақ+тар
Қой+лар
2. Үй жануарлардың суреттерімен бір бірлеп таныстыру
- Енді не қалай дауыстайды, соған тоқталып өтейік
Әтеш - шақырады, есек - бақырады.
Күзен – шақылдайды, бақа – бақылдайды.
Шыбын – ызыңдайды. шіркей – ызылдайды.
Торғай – шырылдайды, бөдене – бытпылдайды.
Қаз – қаңқылдайды, бүркіт – шаңқылдайды.
Қарға – қарқылдайды, сұңқар – саңқылдайды,
Қой – маңырайды, қозы – жамырайды.
Қасқыр – ырылдайды, борсық – қырылдайды.
Жылқы – кісінейді, сиыр – мөңірейді.
Тырна – тыраулайды, мысық – мияулайды.
Жылан – ысылдайды, кейбір аң пысылдайды.
Ит – арсылдайды, торай – қорсылдайды.
Аққу – сұңқылдайды, тышқан – шиқылдайды
Түйе – боздайды, сандуғаш – сайрайды.
IV. Ұсақ моторика «Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
V. Сабақты қорытындылау:
Саған ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Үй жануарлары қалай дауыстайды? «Жеке карта»
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі____________
Сабақтың тақырыбы: Мен ұнататын жыл мезгілі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Жыл мезгілдері» көріністерін сипаттау арқылы оқушыны байланыстырып сөйлеуге үйрету;
2.Түзете – дамытушылық: түрлі тапсырмаларды орындай отырып, оқушының ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Әдептілікке, кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға үйрету
Көрнекіліктер: тақырыптық сюжеттік суреттер, жеке тапсырмалар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Миға арналған жаттығулар»
Басымызды шайқау: терең демаласың, денеңді босаңсытып, басыңды алдыға түсіресің. Бойыңдағы қысылу кеткенше, басыңды жан -жаққа шайқалтасың. 30 секунд орындалады.
2. «Зерек көздер» жаттығуы. Көзімізбен ауада сағаттың бағытымен 6 шеңбер сызамыз, содан кейін кері қарай.
3. «Жалқау сегіздіктер». Ауада әр қолмен 8 санын сызамыз, содан кейін екі қолымен бірге сызамыз. Тапсырма үш рет қайталанады.
III.Жаңа тақырып.
Бір жылда төрт мезгіл бар. Әр мезгілде үш ай бар. Жылдың басы қаңтар айынан басталады. Қыста қар көп жауады. Өзен-көлдердің бетін мұз басады. Адамдар жылы киініп жүреді. Қыс айлары: желтоқсан,қаңтар, ақпан.
Қыстан кейін қарлар еріп, көктем келеді. Көктемде күн жылынады, жер көгереді, гүлдер гүлденеді. Күн күркіреп ,жаңбыр жауады. Адамдар егістікті қолға алады. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
Жаз мезгілінде күн өте ыстық болады.Оқушылар демалысқа шығады.Жеміс –көкөністер пісе бастайды. Жаз айлары: мамыр,шілде, тамыз.
Жаздан соң күз келеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,жерге түседі. Аспан бұлттанып, жиі жаңбыр жауады. Күн суытады. Күз айлары : кыркүйек, казан , караша.
Жұмбақ шешу.
Әрі қызыл , әрі тәтті ,
Татқан жанды таңырқатты. ( Алма)
Уылжыған албырт ,
Дәмі ғажап ............... (Алмұрт )
Суретпен жұмыс
IV.Сергіту сәті:
Жаттығу. Қолдың ұсақ моторикасы. «Қол жуайық»
Қол жуған сияқты алақандарды ысу.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
«қолымыздан суды сілку»-Саусақтар жұдырыққа жұмылған,қолымыздан суды сілкіген сияқты,саусақтарымызды жазамыз.
Суды шаштың оң жаққа.
Суды шаштың сол жаққа.
«Қолымызды сүртеміз»қолымызды орамалмен сүрткен сияқты қозғалыстар жасау.
Малмандай су болды үстің.
Орамалға тез сүртін.
V. Сабақты қорытындылау:
Көңіл-күйін қалай?
Сабақ ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Жыл мезгілдерін жаттау
Аты-жөні___________________ сыныбы_______мерзімі___________
Сабақтың тақырыбы: Мен ұнататын жыл мезгілі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Жыл мезгілдері» көріністерін сипаттау арқылы оқушыны байланыстырып сөйлеуге үйрету;
2.Түзете – дамытушылық: түрлі тапсырмаларды орындай отырып, оқушының ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға үйрету
Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, жеке тапсырмалар, сюжеттік суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Миға арналған жаттығулар»
Басымызды шайқау: терең демаласың, денеңді босаңсытып, басыңды алдыға түсіресің. Бойыңдағы қысылу кеткенше, басыңды жан -жаққа шайқалтасың. 30 секунд орындалады.
2. «Зерек көздер» жаттығуы. Көзімізбен ауада сағаттың бағытымен 6 шеңбер сызамыз, содан кейін кері қарай.
3. «Жалқау сегіздіктер». Ауада әр қолмен 8 санын сызамыз, содан кейін екі қолымен бірге сызамыз. Тапсырма үш рет қайталанады.
III.Жаңа тақырып.
Қызығушылықты ояту.
1.Бір жылда неше мезгіл бар?
2.4 мезгілді ата.
3.Қазір қандай мезгіл?
4.Күз айлары қандай?
5.Күзден кейін қандай мезгіл?
«Суреттер сөйлейді»
-
Балалар аққала жасап, шанамен сырғанау
үстінде. Бұл - қыс.
-
Балалар құстарға ұя жасап жатыр, ағаш
отырғызуда. Бұл – көктем.
-
Күн шығып тұр. Айнала жап - жасыл. Балалар
суға шомылуда. Бұл - жаз.
-
Жаңбыр жауып тұр. Дала сары түске боялған.
Бұл - күз.
Сұрақ - жауап:
-
Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
-
Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
-
Көктем мезгілінде қандай мерекелерді
тойлаймыз?
-
Жаз мезгілінде адамдар қалай еңбек
етеді?
Жұмбақтар шешу:
Суда
мұз бар,
Жерде
қар бар
Боран
боп соғады
Бұл
қай кезде болады?
(Қыс)
Күн
ұзарып қар еріп,
Су
сайларға толады,
Бұл
қай кезде болады?
(Көктем)
IV.Сергіту сәті: «Ұшты, ұшты» ойыны
Ұшты , ұшты, алма ұшты.
Ұшты, ұшты, қалам ұшты.
Ұшты , ұшты, құс ұшты.
Ұшты, ұшты, дәптер ұшты.
Ұшты , ұшты, кітап ұшты.
Ұшты, ұшты, ұшақ ұшты.
Ұшты, ұшты, сөмке ұшты.
V. Сабақты қорытындылау:
Саған ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
«Артығын тап» жеке карта
Сабақ жоспары:
Сыныбы: 1 «а» сыныбы
Пәні: Түзете-дамыту
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сызықтар мен пішіндер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жалпы пішіндер туралы білімін білу
2. Түзете – дамытушылық: Қол моторикасын дамыту
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жаттығулар, әңгімелесу, үлестірмелі материал
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Көзді жыпылықтату».Ауаны мұрныңа тартқанда көзіңді жұм,шығарғанда- аш.
2. «Мұрынмен хат жазу» . Көзіңді жұм.Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
3. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға-оңға, төмен-жоғары жылжытасың (6 реттен)
4 «Мұрынмен хат жазу». Көзіңді жұм. Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
5. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға оңға, төмен жоғары жылжытасың (6реттен).
III.Жаңа тақырып
Тапсырма: Пішіндер әр түрлі болады. Пішіндерді атау
Суретте бейнеленген мысық пен қоян қандай фигуралардан тұрады. Соны тауып бояу керек.
IV.Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды жаяйық.
Құс боп қанат қағайық,
Иілейік оңға бір.
Иілейік солға бір.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық
V. Сабақты қорытындылау:
Көңіл-күйін қалай?
Сабақ ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Пішіндерді қайталау
Түзете-дамыту сабағынан күтілетін нәтиже: Бала тапсырмаларды қызыға орындауын, жақсы көңіл - күйде болуын және сабақ барысында өтілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.
Сабақ жоспары:
Сыныбы: 1 «а» сыныбы
Пәні: Түзете-дамыту
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сызықтар мен пішіндер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жалпы пішіндер туралы білімін дамыту
2. Түзете – дамытушылық: Қол моторикасын дамыту
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: жаттығулар, әңгімелесу, үлестірмелі материал
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап, оқушының зейінін сабаққа аудару.
II. Қабылдауға дайындау.
1.«Көзді жыпылықтату».Ауаны мұрныңа тартқанда көзіңді жұм,шығарғанда- аш.
2. «Мұрынмен хат жазу» . Көзіңді жұм.Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
3. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға-оңға, төмен-жоғары жылжытасың (6 реттен)
4 «Мұрынмен хат жазу». Көзіңді жұм. Қаламның орнына мұрныңмен ауада сөздер жазасың.
5. «Көзбен ату» атты жаттығу. Көзіңді солға оңға, төмен жоғары жылжытасың (6реттен).
III.Жаңа тақырып
Үзік сызықтарды бастыру
IV.Сергіту сәті:
Жаттығу. Қолдың ұсақ моторикасы. «Қол жуайық»
Қол жуған сияқты алақандарды ысу.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
«қолымыздан суды сілку»-Саусақтар жұдырыққа жұмылған,қолымыздан суды сілкіген сияқты,саусақтарымызды жазамыз.
Суды шаштың оң жаққа.
Суды шаштың сол жаққа.
«Қолымызды сүртеміз»қолымызды орамалмен сүрткен сияқты қозғалыстар жасау.
Малмандай су болды үстің.
Орамалға тез сүртін.
V. Сабақты қорытындылау:
Көңіл-күйін қалай?
Сабақ ұнады ма?
VI. Үй жұмысы
Пішіндерді қайталау
Түзете-дамыту сабағынан күтілетін нәтиже: Бала тапсырмаларды қызыға орындауын, жақсы көңіл - күйде болуын және сабақ барысында өтілген тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген