400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Сабақ жосапар Өмірің өз қолыңда

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өмір,оның мəні туралы түсінік беріп,адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.Еліне,халқына абыроймен қызмет етуге тəрбиелеу.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп «Шұғыла»ЖОМ Тақырып: «Өмірің өз қолында» Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: Адамгершілік Мұғалім: Арипова У. Сынып 6

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.

Міндеттері.

Білімділігі: - оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: - оқушалрдың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелілігі: - еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Ресурстар: ( оқулық, дәптер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Автор қайрат,ақыл,жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?

  • Ғылымның «жүрекке билет» дегенінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Абай қандай адамды «қасиетті адам»дейді?Неліктен?

  • Тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге»болады деп ойлайсыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

3.Әңгімелеу (сұхбат)

  1. Адам баласы не үшін өмір сүреді?

  2. Өмір адамға несімен қымбат?

  3. Сенің өмірдегі мақсатын қандай?

  4. Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?



4. Дәйексөз

«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»

Ш. Құдайбердіұлы


5. Шығармашылық жұмыс

Мәтінді оқыңдар. Адамға жүктелген міндеттерге лайықты болу үшін құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сипаттап жазып дәлелдеңдер.



6. Топпен ән айту.

Өмір-Өмір

С.Бәйтереков


7.Үйге тапсырма беру

Оқулықтағы Қ.Қайсеновтың «Елдің иесі сендерсіңдер,қарақтарым!» шығармасын оқып келу


8.Бағалау

Сабаққа белсене қатысқандарың үшін үлкен рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі