Материалдар / Сабақ жоспар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Устаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
297
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________ «____»______________________Пән: Өзін – өзі тану Мектебі: ____________________Күні: _______________ №: 1Мұғалімі: Сыныбы: 3Оқушылардың саны: Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.Құндылығы: АқиқатҚасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.
Мақсаты: Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашуМіндеттері:
  • Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айту үйрету.
  • Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.
  • Ресурстар:(материалдар, дереккөздер)1.bilim-all.kz2.https://infourok.ru
    Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Т – ережесі:
  • Тәртіп.
  • Талап.
  • Тыныштық.
  • Тазалық.
  • Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
  • Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


  • Сабақтың дәйексөзі.
  • Жалпыадамзаттық құндылықтар – өзін – өзі танудың негізі.Сара АлпысқызыСұрақтар: 1. Өзін - өзі тану сабақтарында не үйрендіңіздер?2. Өзіңізге, өзгеге құрмет дегенді қалай түсінесіздер?3. Өзіңіз бойыңызда қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?«Өзін – өзі тану» пәні адамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы білімдер арқылы жаманнан жирендіреді, жақсыдан үйренуге бағыт береді. Адамға айналасындағы адамдармен тыныштықта, ынтымақта, татулықта, қоршаған табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруіне және өз елінің бақытты азаматы болып өсуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан да Қ.Р.- ның Бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін– өзі тануды – адамгершілік құндылықтардың негізі» тұрғысынан негіздеуі, балалардың осы адамгершілік құндылықтарды үйреніп, өмірде қолдану арқылы бақытты өмір сүруін армандауынан туған.


  • Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
  • Ш. ҚұдайбердиевАдам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?... Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек.Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді.Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ.Сұрақтар:1. Адамның бойындағы қандай қасиеттер оның өмірін жақсартуға көмектеседі? 2. Неліктен жақсылық жүректен шығады деп айтады? 3. Айналаңдағы адамдармен тату болу үшін қандай игі істер жасар едіңдер? 4. Өзіңнің жақсы қасиеттерің мен құндылықтарыңды қалай көрсетесіңдер?


    4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.Тапсырма: «Ақиқат» сөзінің әр бір әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазыңдар. А - ................Қ - ...............И - ..............Қ - ..............А - ..............Т - ...............

    5. Топпен ән айту.«Дос болайық бәріміз»Сөзін жазған:Х.Талғаров Әнін жазған:И.НүсіпбаевӘрқашан дос, біргеміз,Ажырамас іргеміз,Ілгері жүріңдер,Достық жырын біліңдер,Ту ғып ұстап бірліктіЕңбекті сүйіңдер!Қайырмасы: Дос болайық бәріміз,Жарасып тұр әніміз.Тыныштықты сақтаймызАтсын күліп таңымыз!

    6. Үй тапсырмасы.1. №1 – сабақ.оқулықтағы 2 – тапсырманы орындау.2. Келесі сабақ. №2, «Ұш бұлақ» мәтінін оқып келу.

    7. Сабақтың қорытынды сәті.Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.







    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!