Материалдар / сабақ жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
враноегл ролнлнш еполнлдюж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
548
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Елбасы  жолдауында кез – келген орта  санатты  мектептің  балаларының  ең жоғарғы  деңгейдегі  шет тілін  оқып  үйренуіне жағдай  жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз  керек  делінген. Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде қазіргі  таңда  шет тілін  меңгертуге аса мән беріліп  отыр. Қазақстан Республикасындағы ең  бірінші  кезекте тұрған тіл саясаты туралы  басты  мәселе мемлекеттік  тілді  еркін меңгерту,шет тілін  меңгертудегі  басты  мақсат – білім алушылардың  сапасын  халықаралық  стандартқа сай  көтеру. Бұл үшін жетілдірілген  әдіс  шетел  ғалымдарының іс-тәжірибелерімен  танысу қажет екендігі   ешбір  дау туғызбайтыны белгілі.

Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  әлемдік білім кеңістігіне  біртіндеп  өтуі  жағдайында  шетел  тілдерін  оқытудың ролі  артады.Әрине 12  жылдық  білім  беру  жағдайында ағылшын тілін  оқыту  әдістемесінің  бірі  ойын  элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын  элементтері оқытудың  бір түрі  болып  табылады.Бұл әдістің  тиімділігі  оқушылардың  белсенділігін  пәнге  деген қызығушылығын ,ынтасын арттыруында  болып  табылады.

Оқудың  алғашқы  кезінде оқушының  тілдік  материалдарды жеңіл  меңгеріп кетуіне  көмектеседі.Ойын  түрлерін дұрыс   өткізілген   сабақта  оқушылардың  тілді  үйренуіне  ынтасы  артып, сол  тілді  білуге  қызығады.

сабақтарда ойындарды пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін көтереді, оқытудың барлық сатыларында зерттелетін пәнге оқушылардың қызығушылығын сақтауға көмектеседі. Ойындар оқытудың әртүрлі сатысында шетел тілін зерттеуге ғана көмектеспейді, сонымен бірге оқушының жоғары психикалық даму сатысына көшуінде де рөл атқарады. Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы  білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым-қатынасымыз күннен-күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды,  оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз — оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Оқушылардың тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін оның сол тілге деген қызығушылығын арттыруымыз қажет.  Сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда үйретуші ойындарды түрлерін жүйелі, тиімді пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойындар арқылы біз балалардың есте сақтау және ойлау қабілетін дамыта аламыз.

Ағылшын тілі пәні сабағында ойын түрлері арқылы оқушылардың тілді дұрыс меңгеруі олардың ой-өрісін кеңейтіп,  өзіндік пікірін қорғауға,  сөйлеу тілінің дамуына ықпал етеді.  Шетел тілінде сөйлеуді,  қарым-қатынас жасауды үйретуді мақсат еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында ойын түрлерін шамадан асырмай ретімен, қажеттігіне қарай отырып  қолданғаны жөн. Бүгінгі заман талабы қажет етіп отырған үштұғырлы тілді жетік білуге жетелеуде, ағылшын тілі пәнінің де өзіндік орны бар. Жалпы бұл пәнді оқуға оқушылар тарапынан да, ата-ана тарапынан да қызығушылық танытылып отыр, сондықтан  оқу үдерісінде оқушылар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Ал, ойындарды, солардың ішінде рөлдік ойындарды қолдану – шетел тілін меңгертудегі ең жақсы амалдардың бірі.

Ойынның мақсаты бағдарламада  анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау  және  пысықтау немесе  тексеру сипатында болып  келеді. Ойынның міндеті  баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін  арттыру  мақсатында  іріктеліп  алынған нақты  мазмұнымен  анықталады.

Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі  басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу  әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде  ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі  пайдаланып  отыру  керек.

Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады.   Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге  адамның өмір сүруінің маңызды  бір түрі.

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін  берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.

Нәтиже:

  1. Әр оқушының шығармашылығы  артады.

  2. Жылдам жұмыс істеуге  дағдыланады

  3. Оқушының жеке қабілеті  анықталады

  4. Оқушы топ жаруға  ұмтылады.

  5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды

  6. Әр оқушы өз деңгейінмен бағаланады


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!