жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сабақ жоспар 2сынып
|
|
Мектеп: |
||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні Отызбаева Ж |
||||||||||||
|
Пән: Жаратылыстану |
Қатысқандар: Қатыспағандарсаны: |
|
|||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Жер мен Күн |
|
|||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар:Жер ғаламшары мен Күн туралы жалпы түсінік алады. Оқушылардың басым бөлігі: Табиғат ресурстарын топтарға ажыратып үйренеді. Кейбір оқушылар:Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады. |
||||||||||||
|
Бағалау критерилері |
Тірек сөздерді есте сақтайды. Оқушылар жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын біледі; |
||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
|
||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу. |
||||||||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Мөлдір денелер және материалдар |
||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстарқағаз, желім, фломастер |
|||||||||||
|
Сабақтың басы
|
. Ұйымдастыру Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын! «Ғарышта» ойынын ойнау. Ойын барысында оқушылар айдың, жұлдыздың және күнді бейнелеп көрсетеді. Топқа бөлу: үстел үстіндегі суреттерді алып Ай,Жұлдыз, Күн ,Жер деген топтарға бөлінеді. (Ұ)Сабақтың тақырыбын ашу : Балалар ай , жұлдыз, күн нелер? Аспан денелері. Аспан дегеніміз не? Ғарыш. - Қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта біз не туралы айтамыз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Бүгінгі сабақта біз Жер ғаламшарының көрінісі туралы айтамыз. |
|
|||||||||||
|
Сабақ ортасы
|
Мына суреттерге назар аударайық 1 слайд. Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған. Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.
-Қалай ойлайсыңдар жердің пішіні неге ұқсайды? -Неге олай ойлайсыңдар? Сен түнгі аспанды көрдің бе? Түнгі аспаннан нені байқауға болады? Біздің ғаламшарымызға ең жақын орналасқан қайжұлдыз деп ойлайсың? Фотосуретке қара. Күн туралы не айта аласың? Ол неге ұқсайды? Күн біздің ғаламшарғане береді? Ауа температурасын өлше. Күн батареясының жұмысын зертте.Күн – ғаламшарымызға ең жақын орналасқан сарғыш жұлдыз. Ол – қызған үлкен шар. Күн Жерге жарық пен жылу береді. Жер Күнді айнала қозғалады. «Зерттейік!» Тәжірибе жасау. Бізде екі тұжырым бар: тұжырым - Жер тегіс. тұжырым – Жер шар тәрізді. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жасалған кемені партаның(тегіс жер) үстімен жүргізіп көремін ( Оқушылардың партаның бойымен қарағаны дұрыс). -Кеме қозғалғанда, оны тұтас көруге болады ма?» (Тұтас) -Кеме партаның шетіне жеткенде не болады? (оқушылардың жауабы) Енді сол кемені доптың (жердің) үстімен жүргіземін Оқушылар алдымен кеменің жоғары жағы (төбесі) көрінгенін айтады. Доппен кемені жүргізе берсек шыққан жеріне қайта оралады екен. -Бұл ненің дәлелі деп ойлайсыңдар? Бұл Жердің шар тәрізді екенінің дәлелі. (Ж) Шарға ұқсас заттарды ата. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсынамын. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беремін. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Бағалау. Бірін-бірі бағалайды. Сергіту сәті Ойын «Қарлы кесек». Қыс мезгілінің соңғы айында қар атысып ойнайық. Қарлы кесек атысып болғаннан кейін, қағазды ашып ішіндегі сөздерді оқиды. |
сазды аспаптар; «Су *тіршілік көзі» бейнекөрінісі;
|
|||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
Топтық жұмыс. Зерттеу жұмысы: 1 топ – ермексаз, таяқша, қолшамы, ақ бет Ермексазды дөңгелектеп таяқшаға кигізіп, қолшам мен парақ қағаздың ортасына орналастыруды ұсынамын Дөңгелектердің көлеңкесі неге ұқсайды? 2 топ- кітап немесе төртбұрыш қораптың беті, доп, ұсақ адамдардың фигуралары. Қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген жетелеу сұрағын қоямын. 3 топ- ойыншықтар( доп, кітап, машина), үстел шамы, ақ бет. Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қояды. -Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасайды. Бағалау: әр топ өз қорытындыларын ортаға шығып айтады. Бағдаршам әдісімен бағалайды. Жердің шар тәрізді екенінін дәлелі- ғарыштан түсірілген жер ғаламшарының фотоларын көрсетемін. «Иә», «Жоқ», «Білмеймін» ойыны Сыныптың үш бұрышына осы сөздер жазылған парақтарды орналастырамын. Сұрақ қойғанда, осы сөздер жазылған бұрыштарға барып тұрады. Жер ғаламшары шарға ұқсайды.( Иә) Жер ғаламшары теп- тегіс. (Жоқ) Жердің шеті бар. (Жоқ) Тоқтар Аубакиров ғарышқа ұшты.(Иә) Аспан мен жердің түйіскен жері көкжиек сызығы(Иә) Бағалау: өзін- өзі бағалау. (МК)Жер ғаламшары жайлы видео көрсету( 1.43) Видеоматериалды тамашалап, мазмұнын талқылау.Оқушыларға сұрақтар қою. -Балалар, Жер ғаламшары жайлы не білдіңдер? Қорытынды. -Бүгінгі сабақтан не білдіңдер? -Сендер үшін не маңызды болды? -Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе? - (ҚБ)Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық. Бас бармақ арқылы озімізді бағалайық. Рефлексия Зымыран - Егер сабақта бәрі түсінікті болса, қызыл зымыранмен ғарышқа ұшамын. -Егер сабақ түсініксіз болса, онда жасыл зымыранмен ғарышқа ұшамын. -Егер сізге көмек керек болса, онда сары зымыранмен ғарышқа ұшамын |
|
|||||||||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||||||||||
|
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін. Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады Зертте. Қандай жерлерде бәсең дыбыстар қажет? Қандай жерлерде қатты дыбыстар қажет?cұрақтарына жауап беруге қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Зерттеу барысында оқушылардан сұрақ: «Неге кейбір орындарда тыныштықты сақтау қажет? (Адамдар ұйықтап жатады, демалып жатады, науқастанып тұруы мүмкін, үй жануарлары болуы мүмкін т.б.) Ондай орындарды қалай бақылау керек? (Үндемей, ешкімге кедергі келтірмей.) Осылайша оқушылар айналадағы нысандар, құбылыстар жәнеүдерістерді зерттеуге қажетті жағдайлар мен дағдыларды анықтай алады. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар Сергіту сәттерін ұйымдастыру
|
|||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген