Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспар Жемістер 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары жемістер 1 сыныпқа арналған. Жемістердің түрлері мен пішіндері туралы балаларға түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Баланың аты-жөні:


Тақырыбы: Жемістер туралы білімін пысықтау

Мақсаты: Тапсырмалар арқылы өткен сандарды қайталау

Тәрбиелік мақсаты: Жемістерді дұрыстап жуып, күнделікті тұрмыста пайдалануға тәрбиелеу

Түзеу мақсаты: Көріп, есте сақату қабілетін дамыту, танымдық процестерін қалыптастыру, ірі-ұсақ моторикасын ермексазбен жұмыс жасау арқылы дамыту

Көрнекілігі: жемістер, суреттер, дидактикалық тапсырмалар, сиқырлы қап, ермексаз


Барысы

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу тренингі

Қарым- қатынас амандасудан басталады. Ойын интерактивті тақта арқылы жүргізіледі. Қатысушымен қарама-қарсы тұрамыз. Исатай тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір- бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе- қолымызды қысып амандасамыз, күн бейналансе- жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.

І. Танымдық әрекетін дамыту

- Қане, Исатай алдымыздағы ыдысқа қарайықшы, ыдыста нелер салынған?


- Алма, алмұрт, банан, жүзім, өрік т.б

- Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

- Жеміс

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жемістер». Сабақта жемістермен нақты танысу үшін жемістер бағына барып жемістер теріп, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.

  • Сен менімен бірге барасың ба?

  • Иә, барамын

  • Бақта қандай жемістер өседі?

ІІ. Сөйлеу тілін дамыту

Жемістерді атымен атап сипаттама беру


-Жарайсың, ендеше баққа барып қандай жемістер өсетінін көрейік.

- Мына ағашта қандай жеміс өсіп тұр?

- Алма

- Тәтті ме, ащы ма?

- Түсі қандай?

- Алма жемісі бізге пайдалы ма?

- Жарайсың.

ІІІ.Ірі-ұсақ моторикасын дамыту

Ермексазбен алманы бейнелеу.

  • Жарайсың. Тапсырманы жақсы орындағаның үшін саған жұлдызша берем.

ІҮ. Қарапайым математикалық қабілетін дамыту

  • Исатай алманы ермексазбен бейнелегенде қандай түстерді пайдаландың?

  • Қызыл, жасыл, қоңыр

  • Неше түс пайдаландың?

  • 2 немесе 3

  • Алманың пішіні қандай?

Жарайсың. Тапсырманы жақсы орындағаның үшін саған тағы жұлдызша берем

Исатай алмаларды тергенде бір алманың артында сан болады, сол сандарды атап сұрақтарға жауап беруің керек. Ендеше терейік, қандай сан бар екенін айтуға ұмытпа.

  • 2 - сан

1-тапсырма:

-Суретте неше кірпі суреттелген?

-1

- Жарайсың кірпі не істеп жатыр?

- Азығын тасып жатыр.

- Кірпінің азығы не екен?

- Алма

- Неше алма алып бара жатыр?

- Жарайсың. Тапсырманы жақсы орындағаның үшін саған тағы бір жұлдызша берем.

2- тапсырма.

  1. Өткен сандарды атау және таңбасын жазу (1,2,3 ...)

  2. Жемістерді түспен сәйкестір


- Жарайсың. Тапсырманы жақсы орындағаның үшін саған тағы жұлдызша беремін. Сен шаршаған боларсың біз қызықты ойын ойнаймыз.

Ү. Ойын әрекетін дамыту

«Сиқырлы қап» ойыны


Ойын шарты: Қаптың ішінен бір жемісті сипап сезу арқылы қолымен алып оның атын, дәмін, түсін, пішінін айту керек.

  • Жарайсың ойын ұнады ма?

Жақсы баққа барғың келе ме?

  • Иә

  • Ендеше тағы қандай жеміс бар екенін көрейік.

  • Мына ағашта не өсіп тұр?

  • Банан

  • Түсі қандай?

  • Пішіні қандай?

  • Жарайсың , Исатай. Ендеше терейік, қандай сан бар екенін айтуды ұмытпа?

  • 3 саны

3 – тапсырма.

  1. Бір жеміс тауралы өлең айту керек (Алма)

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін тәттісін.

Анамызға сыйлайық.

  1. Жемістерді ағаштарға орналастыр. Жемістер бір түсте, бір пішінді, сандары да бірдей болу керек.


  • Жарайсың, Исатай сен бұл тапсырманы да жақсы орындағаның үшін саған жұлдызша.

ҮІ. Қорытынды.

  • Исатай, саған баққа барып жемістер терген ұнады ма?

  • Қандай жемістер тердің?

  • Біз бүгін бақтан алма, банан, алмұрт тердік, ал сен тағы қандай жемістерді білсің, аташы?

ҮІІ. Бағалау.

Сен бүгін сабаққа өте жақсы қатысып көп жұлдызша жинадың. Жарайсың. Сабақ аяқталды. Сау бол!

Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:

  • Ертегі туралы білімін күшейту

  • Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойын дұрыс жеткізу

  • Сөздік қорын дамыту

  • Еңбекке, татулыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру, сергіту сәті, ән айту.

Психологиялық дайындық

Сәлеметсің бе, Күн Ана

Сәлеметсің бе, Жер Ана

Сәлеметсің бе, Көгілдір аспан

Сәлеметсің бе, сен

Сәлеметсің бе, мен

Бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болады. «Ертегілер еліне» саяхатқа барамыз.

Сергіту сәті:

Мұрны пұшық

Көзі қысық

Өзі пысық

Бұл не?

  • Бұл мысық

  • Аяжан, ертегі саған ұнады ма?

  • Ұнады

  • Несімен ұнады?

  • Мақта қыз бен мысық достасып ертегі соңы жақсы болды.

  • Аяжан, осы ертегідегі кейіпкерлерді аташы?

  • Мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан.

  • Кәне, есімізге түсірейікші бірінші мысық кімге барды. Ретімен ертегі кейіпкерлерін орнына қоямыз.

  • Ертегі соңында Аяжанның орындауында «Ертегілер әлемі» әнімен аяқтаймыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2021
1867
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11