400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспар "Мен және қоғам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанұядағы басқа мүшелерге қатысты туысқандық байланыс жүйесіндегі өзінің орнын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: МАД

Бөлімі: Мен және қоғам

Тақырыбы: Мен бала (ұл бала, қыз бала)

Мақсаттары:

0.1.1.1 өзінің тегін, есімін, әкесінің атын, туылған датасын атау

0.1.1.2 жанұядағы басқа мүшелерге қатысты туысқандық байланыс жүйесіндегі өзінің орнын анықтау.

Түзету білімдік: өзі туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.

Түзету – дамытушылық: Тақырып бойынша, оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетіне жол ашу

Түзету тәрбиелік: жетістікке жету сенімділігін,бастаған істі соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Әдісі: Миға шабуыл, сұрақтар, ойын

Көрнекілік:  сөзжұмбақтар,слайдтар, дәптер,бояқ қарындаштар.

Іс-әрекет кезеңдері

Дефектологтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп,

Бір отырып, бір тұрып.

Орнымызды табайық



Шаттық шеңберде қимыл -қозғалыстар жасайды


Ұйымдастыру - іздестіру


Айна» ертегісін тыңдайық

Бір күні кірпі, қоян,керіе(жираф)орманда келе жатып,ағаштың артынана бір нәрсенің жылтырағанын байқайды.Олар сол затқа қарай жақындап келіп,мұқият қарайды.Өзінің үсті басы тікенек,кішкентай ғана көздері бар Бұл кім?- деп сұрайды.Қане, көрейінш,- дейді қоян.- Жоқ, оның мүлде тікенегі жоқ,құлағы ұзын, көзі қызыл, мойыны қысқа ғой.Менде көрейінші, - деп керік килікті.- Жоқ, оның мойыны қысқа емес ұзын,құлағы тікірейген бойы биік,- деп таңғалысты.

2. Жаңа сабақ

Тыңдаған ертегілерің ұнады ма?

Жақсы ертегі ұнаса сабағымызды жалғастырайық.

Біз осы сыныпта бәріміз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?

Иа, дұрыс айтасың ұқсамаймыз

Сыныпта біз ұлдар және қыздар болып бөлінеміз

Кәне орнымыздан тұрып қыздар ұлдар болып жеке-жеке тұра қалайықшы

Қай жағына ұқсамайды екенбіз?

Көрдіңдер ме ұлдар мен қыздар бойларына қарай,шаштарыңнын түстеріне қарай т.б бөлінеді екен.

Балалар отырамыз, көзімізді жумамыз,сендер әрбіреуің ерекше жаратылған жансыңдар. Бәріңде әдемі, бақытты, өнерлі, мейірімдісіңдер. Енді әрқайсымыз қандай болатындарыңды армандаңдар?

Балалар армандайды

Балалар көздерін ашады

Армандарын айтады

Рахмет балалар армандарың ерекше екен!

4. Ширату.

Сендер өздерің жайлы айтып беріңдерші

Атың кім?

Жасың нешеде??

- Бір үйде қанша адамдар тұрады?

- Оларды ата.

Отбасыңдағы сен үшін ерекше жан кім?

Ол жан үшін сенің орның?

Сені отбасыңда кім қалай еркелетеді


Сергіту сәті

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау - басым ақылды

Бәрін осы басқарған.

Мынау - менің оң қолым

Мынау - менің сол қолым

Барлық істі атқарған.


3. Түзету – дамытушылық ойын: Кім жүйрік? ойыны

« Допты ұста» допты жерден алып , қарсыласқа лақтыра отырып адам аттарын атау ұл-қыз есімдерін кезекпен айтып.


«Саусақ санау» жаттығуы. Жұдырығымызды жұмып біртіндеп саусақтарымызды санап отырып ар саусақтың басына массаж жасаймыз.

Зейінін шоғырландыруға, есте сақтау қабілетіне арналған «Тыңдай біл» жаттығуы. Түрлі заттардың суреттерін көрсете отырып, аттарын атап, оқушыдан қай заттың қалай аталатынын сұрау.


5. Сергіту сәті:  Атам жылқы бағады. (Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).

Ағам пішен шабады. (Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).

Жеңгем сиыр сауады. (Отырып, сиыр сауғандай қимыл жасау).

Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).




































Рефлексивті - түзетушілік



Бас бармағым – әкем

(Бас бармағын көрсетеді)

Балаң үйрек – шешем

Ортан терек – ағам

Шылдыр шүмек – мен

Кішкентай бөбек – сен

Біз үйде нешеуміз ?

Біз үйде бесеуміз.

-Олай болса, мен сіздердің дендеріңізге саулық тілеймін! Он екі мүшелерің сау болсын!



- Сау болыңыз апай!.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: өзі туралы түсінік қалыптасады.

Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздерді қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктері артты.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі