400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспар Өмір шексіз керуен

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәнінен сбақ беруші әріптестеріме қажет болар деген үміттемін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісінің орынбасары:

------------------ М. Турумов

«------» ---------------- 2018ж

Өзін –өзі тану пәнінің жоспары

Мектеп : Үстірт орта мектебі Мерзiмі : 04.09. 2018ж

Сабақ : № 1 Тақырып: Өмір – шексіз керуен

Құндылық : ақиқат Қасиеттер: адалдық, батылдық, жауапкершілік

Сынып : 11 «а», «ә», «б» Мұғалiм: Н. Уразниязова

Оқушылар саны:

 

Сабақ мақсаты: Өмірдің ақ – қарасын түсіну арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға өмірде әділ болуды адалдық қасиетімен үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың өмірден өзіндік орнын, өмірлік бағдарын айқындай алуға, батылдық қасиетіне баулу;

Тәрбиелік: оқушыларды адалдық, батылдық, жауапкершілікке тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

маркер, ватман, топшамалар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

 а) Оқушылардың құрал жабдықтарын  тексеру

  б) 5Т ұстанымын тексеру: (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

  2.Тыныштық сәтi.(баяу әуен)    «Нұрға  бөлену»

 Үй тапсырмасын тексеру.

М.Мақатаев «Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?» оқып мазмұндау

 Сұрақтары:

  1. Уақыттың адам өміріне ықпалы қандай?

  2. «Өмірден өтпеңдер» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Бұл өлеңнен ақиқатты көріп тұрмыз ба?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

 Ақиқат  жол  жөнекей  жұлып  ала  салатын  гүл  емес, Ол  ұзақ  жолдың  түпкі  мақсаты

Гераклит

* Ұлдарға хормен оқыту.

* Қыздарға хормен оқыту.

* Дәптерлеріне жаздыру, мағынасын аштыру.

* Оқушылардың жауабына сүйене отырып, қорытынды жасау

 

 

  1. Әңгiмелеу (сұхбат). Аңыз әңгіме:

Ник Вуйчич аяқ-қолсыз дүниеге келген жарымжан екендігіне қарамастан өн бойынан өмірге деген құштарлық таба білген адам.  Ни́к (Ни́колас) Вуйчич(ағылш. Nicholas James Vujicic) – кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром тетра-амелия деп аталатын ауру түрімен туылған.

Ол 1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Брисбене қаласында Борис Вуйчич пен Душка Вуйчич отбасында дүниеге келген. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан дені сау бала болып өмір есігін ашқан.Сондықтан да ата-анасының талабы бойынша ол мүгедектерге арналған емес, қарапайым мектепте білім алған. 10 жасқа толған кезінде сыныптастары тарапынан көрген қорлыққа шыдамай суға батып өлмек те болыпты. Алайда оны жақындарының қандай азап тартатыны туралы ой тоқтатқан екен. Ол физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар болады. Гольф ойнағанды ұнатады. Ол есепші(бухгалтер) және қаржыгер мамандықтары бойынша екі жоғарғы оқу орнын 21 жасында тәмамдаған. 19 жасынан бастап студенттер, баларлар алдында өз өмірі туралы айтып, жастарды өмірді сүюге тәрбиелей бастаған.

Ал 2005 жылы ол «Ең жас автралиялық азамат» атағын иеленді. Бұл Австралияда өте мәртебелі атақ болып саналады. 1999 жылы «Жизнь без конечностей»(ағылш. Life without Limbs) деп аталатын ұйым құрған. «Attitude Is Altitude» деген қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеретін компанияның президенті. Сонымен қатар бүгінгі таңда әлемнің 5 құрлығы мен  70-тен астам  мемлекетін аралап, жарымжан жандар үшін қандай жағдайда да өмір сүру керек екендігі жайында баяндамалар оқыған.

Әлемнің  елдерін аралап мектептер мен университеттерде өнер көрсетіп, көптеген адамдардың жүрегіне үміт отын ұялата білген  Ник Вуйчич  жастардың өмір мәнін түсінулеріне түрткі болған атақты тұлға. Аяқ жағындағы кішкене саусақтары көмегімен компьютерде 1 минутта 43 сөз теру арқылы өзінің өмірі және мүгедек жандардың жағдайы туралы «Жизнь без ограничений» (Life Without Limits: Inspiration for a Ridiculously Good Life) деген сияқты бірнеше кітап жазып шығарған.Сонымен қатар көптеген телешоуларға қатысқан,2009 жылы «Цирк бабочек» («The Butterfly Circus») деген мүгедек жанның тағдыры туралы фильмге де түскен. Қолы жоқ бола тұра 1 сағатта 1749 адамды құшақтап рекорд орнатқан болатын.

 

Сұрақтары:

  1. Бұл адамның өмірі қандай құндылыққа негізделген?

  2. Бұл адамның тағдыры қандай өнеге береді?

  3. Ник Вуйчичтің өміріне қандай баға берер едіңіз?

  4. Кез келген істің байыбына жету  үшін қандай әрекет жасау керек?

 

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    1. 1-Топ: Болған оқиғадан түйін шығару

    2. 2-Топ: «Ақиқат» құндылығына жоба қорғау

    3. 3-Топ : «Шындық деген» тақырыпта  өлең құрастыру

 

  • Топпен ән айту.

 Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік,
Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік.
Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға,
Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.
Қайырмасы:
Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен.
Сенсің көңілі ашық,
Менің ғашық ғасырым.
Ертеде де кеште,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.
Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда,
Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да.
Өмір мынау, бақ пен қайғы күнде жарысқан
Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан.

 

  1. Үй тапсырмасы. 2 сабақ. «Бүгінгі істі ертеңге қалдырма» Е.Сағымбаевтың еңбегін басшылыққа ала отырып, «Менің бір күнім» тақырыбына эссе жазу.

 

Сабақтың қорытынды сәті

  1. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді жүректеріңізге түйі алыңыздар. Сау болыңыздар


 














































«Бекітемін»


-----------------------------

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырып : 1-2 сабақ Мен өзімді танимын

Құндылық: Ақиқат 

Қасиеттер:  қарапайымдылық. әділдік, адалдық

Мұғалiм: Н. Уразниязова

Сыныбы: 5 «а», «ә», «б»

 

 

Сабақ мақсаты: оқушыларға өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығын ұғындыру, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: қарапайым болуға үйрету

Тәрбиелік: Жаман әрекеттен жақсы әрекетті айыра білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: адалдық қасиетін дамыту

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Проектор, prezi технологиясы видеоролик, маркер, ватман, топшамалар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

 а) Оқушылардың құрал жабдықтарын  тексеру

  б) 5Т ұстанымын тексеру: (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

  2.Тыныштық сәтi.(баяу әуен)    «Нұрға  бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет



 Үй тапсырмасын тексеру.

1 сабақ «Жақсы болу-парызым» тақырыбында эссе жааазып келу

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

 «Өзіңді өзің танысаң – істің басы»

Ш. Құдайбердіұлы


1.Дәйексөздің  мағынасын  қалай  түсінесіздер ?

2.Ақиқат шыңына  қалай  қол жеткіземіз?

3.Біздің өмір жолымыздағы түпкі мақсатымыз не?

 

 

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме:

Отын оқиғасы


Сұрақтары:

  1. Бұл атамыздың өмірі қандай құндылыққа негізделген?

  2. Бұл атамыздың тағдыры қандай өнеге береді?

  3. Кез келген істің байыбына жету  үшін қандай әрекет жасау керек?

 

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 топ «Мен кіммін?»

2 топ «Менің мақсатым қандай?»

3 топ «Менің арманым»

 

  • Топпен ән айту.

Біз өмірдің гүліміз

 

  1. Үй тапсырмасы.

Абай аталарымыздың он сегізінші қарасөзін оқып мазмұндау

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Көзімізді  жұмып, тыныштықта  бүгінгі  сабағымызды есімізге  түсірейік. Бүгінгі  сабағымыздан  алған  әсерімізді  жүрегімізге  түйейік. Әр  уақытта  шындықты  айтып,  ақиқатқа  көз  жеткізейік. Енді  тыныштық күйде отыра  тұрыңыздар.Көздеріңізді  ашуға  болады. Келесі  кездескенше  сау  болыңыздар.

 















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
793
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі