400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Сабақ жоспар.Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ұйымшылдыққа,береке бірлік татулыққа ынтымақты болуға тəрбиелеу.Үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге қамқор болуға тəрбиелеу.Мейірімді сыпайылықты үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп: «Шұғыла»ЖОМ. Мерзiм:9.12.2017ж. №14.

Тақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: мейірімділік.

Мұғалiм: Арипова У. Сынып: 8 Оқушылар саны:


Сабақтың мақсаты:«сүйіспеншілік» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Өз махаббаттарынкүллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;

  • Жаныңда жүрген адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

  • Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.


Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Константин Паустовкийдің «Жеделхат» әңгімесін оқып, мазмұнын талқылау.

  • Ана жүрегі нені аңсады?

  • Настя сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

  • Ана махаббаты шексіз бе?

  • Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

Әңгiмелеу (сұхбат).

Ш.Айтматовтың «Жәмила» повесінен үзіндіні талдау.

Данияр өз махаббатын қалай білдірді?

Даниярдың жан дүниесі қалай сипатталды?

Махаббат адамға ерекше көңіл күй сыйлайды дегенге келісуге бола ма?


  1. Дәйек сөз.

Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.

Абай

  • Адамдарды жақсы, жаман деп ажыратуға бола ма?

  • Адам бойына жақсы қасиеттерді сіңіру үшін не істеу керек?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Махаббатсыз дүние бос» тақырыбына ой толғау айту.



  1. Топпен ән айту.

Айналайын
Сөзі: М.Шаханов
Әні: Е.Хасанғалиев


  1. Үй тапсырмасы.

«Аман болсын адамдар» тақырыбында эссе жазу.


  1. Бағалау

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі