400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспарлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 1а

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы

«Менің отбасым және достарым»

Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі. 55- 56 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстайды.

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсінеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Д дыбысының дауысты не дауыссыз дыбыс екендігін анықтайды

Кейбірі: Алған білімді сөздер мен сөйлем ішінен ажырата алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Д дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Мұғалім сөзі: - Балалар дос дегеніміз кім? Сендердің достарың бар ма?

Оқушыларға өздерінің күнделікті қасында жүрген балалардың дос болатынын түсінуге мүмкіндік беремін.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері

Сабақтың ортасы

8 минут



№1 Тыңдалым.

Достары көп Мараттың,

Ойнайды олар аулада.

Ағасымен Болаттың

Барады олар тауға да.

-Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?

-Бұны балалардан сұрап көрелік.

Оқушылар оның өлең не әңгіме екенін ажыратады.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут


Аяқталуы


16 минут

№2 Оқылым.

Дала аула Дана Дулат

Далада аулада Данада Дулатта

Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа.

-Сенің досың бар ма?

Shape3 Shape2 Shape1


Оқушылар берілген сызбаларға сәйкес сұраққа жауап береді.





Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта меңгерген білімдерін бас бармақ әдісі арқылы бағалауды ұсынамын.


Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Сыныпта қойылатын сұрақтардың жауабын алу кезінде қабілеті жоғары оқушылардың дұрыс жауаптарын қалған оқушыларға түсінікті болу үшін тақтаға шығарамын, дұрыс екенін көрсететін қолдау, мадақтау сөздерін айтамын. Оқушыларға оқулықтан, жазу дәптерінен дұрыс жауаппен салыстыруды ұсынамын.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Бүгінгі сабақта меңгерген білімдерін бас бармақ әдісі арқылы бағалауды ұсынамын. Бармақпен бағалау барысында әр оқушыдан өз білімдерін неге олай бағалап отырғаны жөнінде кері байланыс аламын. Кері байланыс айту оқушының сабақ бойына меңгерген білімдерін қорытындылауға мүмкіндік береді.


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Сабақ бойынша рефлексиялық жазбалар.

Бүгінгі сабақта Д дыбысы мен әрпі тақырыбы бойынша материалдармен таныстық. Сабақты ой қозғау, бүгінгі сабаққа икемдеу мақсатында «Балалар дос дегеніміз кім? Сендердің достарың бар ма?» деген сұрақтармен бастадым. Оқушылар өздерінің бір көшеде, бір балабақшада, бір мектепте, сыныпта оқитын жолдастарын «досым» деп атап, дос деген кім екенін өз сөздерімен айтты. Бұл жерде мен оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастырып, сабаққа ену үшін жақсы бастама жасай алдым деп ойлаймын. Мұнда байқағанымдай қабілеті жоғары М. есімді, А. есімді, Д.есімді оқушылар басқа оқушылардан бұрын сөйледі. Тыңдалымға оқулықтағы өлеңді оқытып, оның өлең немесе әңгіме екендігін ажырату сұрағын қойдым. Бұл жолы да қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарға жауап беріп отырды. Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін, мәтіннің түрін ажырату үшін бұрынғы білімдерін еске түсірді. Оқылым дағдысы бойыншы Д дыбысы бойынша оқулықта берілген сөздерді барлық оқушыға алдымен жеке, кейін жұптасып оқыттым. Оқылымға көп уақыт кетсе де оқушылар дыбыстың, сөздің дұрыс оқылуын меңгерді. Оқылымға байланысты практикалық тапсырмаларды орындау кезінде барлық оқышы сызбаларға сәйкес сөздермен сөйлемдер құрап айта алды, сұрақтарға толық жауап беруге тырысты. Бұл сабақ бойынша жетілдіруге тиіс тұстар: оқушыларға сұрақ беру кезінде тек қабілеті жоғар емес, барлық оқушының бірдей белсенділігін көтеру.

Менің сабағымда ең ұтымды болған:

  1. Ой қозғау сәті. «Балалар дос дегеніміз кім? Сендердің достарың бар ма?» Сабақ оқушылардың күнделікті жасайтын іс-әрекеттеріне байланысты болса қызығушылық артады.

  2. Оқылымға байланысты сұрақтардың жауабын сызбаға қарап жауап беру сәті. Оқушылар сызбаларға сәйкестендіру үшін сөйлемдер құрады, сөйлемдерін дәл келтіруге тырысты.

Келесі сабағымда сабақ сапасын арттыратын тұстар:

  1. Сынып ішінде хормен жауап берілетін сұрақтарды азайту, тиісінше сұраққа жауап беретін кезек ұйымдастыру.

  2. Жеке жұмыстар және баланың пікір білдіретін тапсырмалар ұйымдастыру.





































Сынып: 1

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі. 57-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Д дыбысы бойынша алдыңғы білімдерін қайталайды.

Көбі: Д дыбысы бар сөздерді таба алады, оларға дыбыстық талдау жасайды.

Кейбірі: Д дыбысы бар сөздермен сөйлемдер құрайды.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, тақырыпты түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Д дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушылар смайликтер арқылы үш топқа бөлінеді.


Шаттық шебері





Сабақтың ортасы

8 минут


Мұғалім сөзі:

  1. Оқушылар алдыңғы сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

  2. Д дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?

  3. Д дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Оқушылар жауап хормен жауап береді.

Оқулықпен жұмыс

Топтық жұмыс. Әр топ бір сөзден шарты бойынша тапсырма орындайды сыныпқа ұсынады.

№1 Суреттердегі Д әрпі бар сөздерді тап. Оларға дыбыстық талдау жаса.

Оқылым

№2 Әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыр.

а

н

л

р

о

т

у

ш

с

д

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жазылым топтық жұмыс.

№3 Мұғалімнің көмегімен берілген суреттердегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Қандай сөз шықты? Оны жаз және онымен сөйлем құра.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут


Аяқталуы


16 минут


Оқушылар хормен айтып үйренеді.

Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Пойыз келеді.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Бәрі жол береді.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Жүгіріп өтпе,
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Тұра тұршы шетте.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Пойызды өткіз.
Қол бұлғап қалайық
«Жолболсын!» - деп біз.





Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта айтылған мәліметті меңгеру деңгейлерін бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау арқылы айтады.

Түсінбеді Сұрағым бар Түсіндім





Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бүгінгі сабақта айтылған мәліметті меңгеру деңгейлерін бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау арқылы айтады. Әр оқушы өз бағалауынан кейін кері байланыс береді. Кері байланыс үшін төмендегідей сұрақтар беремін.

  • Бүгін сабаққа қалай қатыстым деп ойлайсың?

  • Неге олай қатыстым деп ойлайсың?

  • Келесі сабаққа қалай қатысқың келеді?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Сабақ бойынша рефлексиялық жазбалар.

Бүгінгі сабақта алған мақсатым: Д дыбысы бойынша алдыңғы білімдерін қайталайды, Д дыбысы бар сөздерді таба алады, оларға дыбыстық талдау жасайды, Д дыбысы бар сөздермен сөйлемдер құрайды. Сабақтағы қолданылған ұжымдық оқыту әдісі оқушылардың сыныпта жұмыс жасау әрекеттестігін, белсенділігін арттыруға ықпалы болды. Топтық жұмыстар алдыңғы сабақта жетілдіруге алынған ұсыныстарды толықтыру үшін хормен берілетін сұрақтарды топтық жұымстармен, ұжымдық оқытумен алмастырдым. Топта барлық оқушы жеке жұмыстарды, топтық жұмыстарды орындау кезінде белсенділік орнатты.

Менің сабағымда ең ұтымды болған:

1.Алдыңғы біліммен байланыстыру және қайталау үшін берілген сұрақтар.

  1. Оқушылар алдыңғы сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

  2. Д дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?

  3. Д дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

2.Топтық жұмыстар.

Келесі сабағымда сабақ сапасын арттыратын тұстар:

  1. Топтық жұмыстар кезіндегі оқушылардың барлығын бірдей қамтитындай тапсырмалар ұйымдастыру.

  2. Оқушының жеке жазу каллиграфиялық дағдыларын дамыту.






Сынып: 1

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы

Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі. 58-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Ы дыбысының дауысты не дауыссыз дыбыс екендігін анықтайды

Кейбірі: Ы дыбысын сөздер мен сөйлем ішінен ажырата алады.

Жетістік критерийлері

Сөздер мен сөйлемдерді дұрыс айта алады, жаңа білімді меңгергенін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, сыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ы дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!



Шаттық шебері









Сабақтың ортасы

8 минут



№1 Ы әрпіне келген қонақтардың аттарын тап. Ол сөздерге дыбыстық талдау жаса.

№2 Суреттерге қарап, өз топтарыңмен сұраққа жауап беріңдер.

  • Оқушылар қандай сабақтарда болды?

  • Олар әр сабақта немен айналысты?

  • Сауат ашу сабағында қай әріппен таныстың?


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут


Аяқталуы


16 минут




Жұптық жұмыстар. «Адасқан буындардан сөз құрау»

Ыр, дыс, ыс, ны, шы, ық, су, ы, сық, тор, сын, су.

Мұғалім сабаққа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар береді.
-Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
-Сабақ ұнады ма?
-Ы қандай дыбыс?
- Ы дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Берілген тапсырманы жеке отырып жұмыс жасайды, жұптасып талқылайды. Ойларын сыныппен бөліседі. 






Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста жұптық жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Б ұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста жұптық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.



Микрафон

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша оқушылар өздерінің жұптарын бағалайды. Оқушылар өз сөзімен кері байланыс жасау арқылы ойларын айтуға дағдыланады.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Сабақ бойынша рефлексиялық жазбалар.

Бүгінгі сабақтың мақсаты: Жаңа білімді меңгереді, Ы дыбысының дауысты не дауыссыз дыбыс екендігін анықтайды, Ы дыбысын сөздер мен сөйлем ішінен ажырата алады. Сабақтың мақсатына жетуге арналған жұптық, жеке тапсырмалар өз деңгейінде орындалды. Адасқан буындардан сөздер құрауда сыныптың бүкіл оқушысы жұмыс жасады және мақсатқа жетуге сәтті қадамдар жасалды. Сондықтан сол жұмыстан кейін қойылған сұрақтарға оқушылар барлығы дерлік жауап берді. Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша оқушылар өздерінің жұптарын бағалайды. Оқушылар өз сөзімен кері байланыс жасау арқылы ойларын айтуға дағдыланады.

Менің бұл сабағымда сәтті болған екі тұсы:

  1. Жұптық жұмыстар

  2. Рефлексия кезеңі.

Келесі сабағымда сабақ сапасын арттыратын тұстар:

  1. Оқушылардың тапсырманы орындау кезіндегі белсенділіктерін арттыру.

  2. Оқушының жеке жазу каллиграфиялық дағдыларын дамыту.




















Сынып: 1

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы

Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі. 59-60 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтінді оқып, тиісті сөздерді оқиды және түсінеді.

Кейбіреулері: Берілген мәтінге байланысты өз ойларын айта алады.

Жетістік критерийлері

Мәтін бойынша жаңа білім Ы дыбысына қатысты сөздерді оқиды, мәтін бойынша түсінігін айтады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ы дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушылар жемістер арқылы үш топқа бөлінеді.


Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

8 минут



№1 Тыңдалым.

Топтық жұмыс. Тыңдалымға берілген мәтінді тыңдайды және ыдыстың түрлерін атайды.

№2 Оқылым. Әр топтан бір оқушы сөздерді оқиды.

Ыдыс ыдыстар сату сатушы ырыс ы рысты сыр сыр ды са ры тары.

Дәптермен жұмыс

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

№3 Суреттерге қараңдар. Қай оқушы өзін үзілісте жақсы ұстады. Қай оқушы өз тәртібін жөндеуі керек.

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Әр топ бүгінгі сабақ бойынша жасаған жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Пәнаралық байланыс


АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Сабақ бойынша рефлексиялық жазбалар.

Бүгінгі сабаққа қойған мақсатым: Жаңа білімді меңгереді, мәтінде берілген сөздерді оқиды және оған қатысты өз ойларын айта алады. Оқушыларды топқа бөлу үшін жемістерді қолданғаным оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Топтық тапсырмалар тыңдалымға, оқылымға қатысты болды. Ыдыстардың күнделікті өмірде не үшін қолданатындығы жөнінде ойларын айттты. Сергіту сәтінде де оқушылар белсенділіктерін көрсете білді. Бүгінгі сабаққа қатысты лексикалық тақырып сыныптас достары туралы пікір айта алды.

Менің бұл сабағымда сәтті болған екі тұсы:

  1. Топтық жұмыстар

  2. Суреттерге қарап, сыныптастары туралы әңгімелеу.

Келесі сабағымда сабақ сапасын арттыратын тұстар:

  1. Оқушылардың тапсырманы орындау кезіндегі белсенділіктерін арттыру.

  2. Рефлексия кезінде өз ойын айтуға, тілдік қорларын дамытуға арналған тапсырмалар ұйымдастыру.


Сынып: 1а

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі. 61-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: М дыбысы мен әрпін бір-бірінен ажыратады.

Оқушылардың басым бөлігі: М дыбысының дауысты, дауыссыз екенін анықтайды.

Кейбіреулері: Дыбыстың таңбасын тақтаға жазады, сөздер мен сөйлемдер құрай алады.

Жетістік критерийлері

Отбасы туралы әңгімелейді.

М дыбысын жазады, сөздер құрауға қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың отбасына деген сыйластық, сүйіспеншілігін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

М дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!





Шаттық шебері








Сабақтың ортасы

8 минут



Жеке жұмыс.

Жұмбақ шешу.
- Қане, балалар, кім жұмбақ біледі?
1. Айранда бар, нанда жоқ,
Аюанда бар, малда жоқ. (а)
2. Базарда бар, қалада жоқ,
Бауларда бар, далада жоқ. (р)
3. Барда жоқ, жоқта бар,
Қарда жоқ, отта бар (т)
4. Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп. (м)
5. «Майда» бар да, «шайда» жоқ,
«Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)

№1 Тыңдалым. Отбасы жөнінде сурет бойынша әңгімелеу.

№2 Тыңдалым. Жұмбақтың шешуін табу.

Қарамен берілген сөздердің мағынасын айтады, қарама қарсы мағыналы сөзді атайды.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут





Жеке жұмыс.

в) Алдына әріп қосып айтыңдар.
... аға, ...ауа, ...апа, ...ақта, ...ана.
г) Артына әріп қосып айтыңдар.
Қол..., алаш..., шаш..., шар..., монша...
ғ) Сөзге буын жалға.
Ой-..., мал-..., ай-..., қар-..., ақ-..., ара-..., ал...





Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия


Кеменің суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Әр оқушыға рефлексия парағын беріп, Жасыл түс өте жақсы

Сары түс орташа

Қызыл түс ештеңе түсінбедім

Белгілері бойынша қайықтың желкендерін бояйды.

Пәнаралық байланыс
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Сабақ бойынша рефлексиялық жазбалар.

Бүгінгі сабақта қойған мақсатым: М дыбысы мен әрпін бір-бірінен ажыратады, М дыбысының дауысты, дауыссыз екенін анықтайды, дыбыстың таңбасын тақтаға жазады, сөздер мен сөйлемдер құрай алады. Сабаққа қойылған мақсат бойынша жеке жұмыспен басталды. Жұмбақтарды қабілеті жоғары оқушылар бірінші ойланып, тез жауап беруге тырысып жатты. Берілген сызба бойынша сөздерді жазып, бүгінгі сабаққа қатысты дыбысты көрсетіп айтты. М дыбысының дыбысталуының әртүрлі екенін мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетті. «Менің отбасым» тіркесіндегі екі түрлі дыбысталуын А. есімді оқушы айтты, М дыбысынан басталатын сөздерге дыбыстық талдау жасады.

Менің сабағымдағы сәтті болған екі тұс:

  1. «Отбасы» жөнінде тыңдалымға айтқан мәтін құрау.

  2. М дыбысы бар сөздердің дыбыстық талдануы,

Келесі сабағымда сабақ сапасын арттыратын тұстар:

  1. Рефлексияны түрлендіру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

  2. Оқушылардың тақтаға жаза алу қабілеттерін дамыту.
























Күні:

Сынып: 1а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. З дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: З дыбысының тұлғасын ажыратады.

Көбі: З дыбысының дауысты, дауыссызын анықтайды.

Кейбірі: З дыбысын сөздер мен сөйлемдердің ішінен табады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс айта алады.

Лексикалық тақырып бойынша әңгімелей алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Түйе-верблюд

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері










Сабақтың ортасы

8 минут



№1 Оқылым.

Аз қаз өз көз өзен заман қоңыз сағыз тоғыз Зере.

№2 Сурет және тірек сөздердің көмегімен ертегі құрастыр.

Тірек сөздер: ұзақ,шөлдеді,құмыра,тұмсығы,су,тас,салды,көтерілді.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут


Қызықты тапсырма

8 минут

Топтарға шығармашылық тапсырма:

1-топ Зз дыбысына қатысты сөздерді жазу

2-топ Зз дыбысына ертегі құрастыру

3-топ Зымыранның суретін салу




Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Оқушылар топтық тапсырмаларды бағалау барысында кері байланыстар жасайды, сөйлеу дағдылары дамиды.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Сабақ бойынша рефлексиялық жазбалар.

Бүгінгі сабаққа қойған мақсатым: З дыбысының тұлғасын ажыратады.

З дыбысының дауысты, дауыссызын анықтайды.

З дыбысын сөздер мен сөйлемдердің ішінен табады. Мақсатқа жетуге ұйымдастырылған тапсырмаларым барлығы дерлік орындалды. Жеке, топтық жұмыстар кезінде оқушылардың белсенділіктері арта түсті және өз ойын айтуға дағдыланып келе жатқындығы байқалды. Топтық жұмыстарды сыныпқа ұсыну кезінде таныстырушы оқушы жауапкершілікпен орындады. Оқушылар топтық тапсырмаларды бармақ арқылы бағалау барысында кері байланыстар жасайды, сөйлеу дағдылары дамиды.

Менің сабағымдағы сәтті болған екі тұс:

  1. Суреттердің көмегімен әңгіме құрастыру.\

  2. Топтық шағрмашылық жұмыс.

Келесі сабағымда сабақ сапасын арттыратын тұстар:

  1. Топтық жұмыс кезіндегі қабілеті төмен оқушылардың топтық жұмысқа араласуы.

  2. Оқушылардың тақтаға жаза алу қабілеттерін дамыту.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі