400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспарлары 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдеріне. Жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып:6

Пәні:

Сабақ 1

Мектеп

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Эргономика ұғымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.1 - қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудың салдары туралы талдау жасау

Сабақ мақсаты

-техника қауіпсізідгі ережелерін бұзу кезінде өзінің денсаулығына зиян салдарын анықтау

- компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қолдану

Бағалау критерийі

-техника қауіпсіздігі ережелерін біледі және айтады: жұмыс кезінде, жұмыстан кейін, кабинетте жұмыс алдында

- техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу кезінде себептер мен салдарының өзінің денсаулығы үшін салдарын айқындайды;

- компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қолданады.

Құндылықтарды дарыту


«Мәңгілік ел» құндылықтарын іске асыру .Топтық және жұптық жұмыстарды орындауда бір-біріне құрмет көрсету .

Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу. Оқушылар белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды. Бір-бірінің іс-қимылдарын түсіне білу.

Тілдік мақсаты


Оқушылар істей алады:

- дұрыс сымбаттылық мәселесінің маңыздылығын талқылауды (сөйлеу дағдысы мен тыңдау)

- денсаулығын сақтап қалуға көмектесетін жаттығулар кешенін суреттеуге (жазу дағдысы)

Пәндік лексика мен терминология

  • Көру нашарлауы, сымбатының бұзылуы, сіңір созылуы, денсаулық пен қауіпсіздік, қауіп

  • Білек, мойын, қол, арқа, иық, омыртқа, іш, буындар

Қатайту, созу, бойын еркін ұстау, баурау.

Ауызекі сөйлесуге/жазуға пайдалы сөйлем қатары

  • (сіңір созылуының жарақаттық сипатының созылмалылығынан,көздің шаршаңқылығы/ширыққандығы) қашып құтылу үшін алдымен ........., сонан соң .......... қажет.

  • Сымбаттылықты жақсарту үшін сіз біріншіден………..көз жеткізуіңіз, сонан соң ………..

  • Қауіпсіздікті сақтау ............тәуелді.

Пәнаралық байланыс

Адам анатомиясы, адам сүлдесі. Физика (электр құралдары мен электрмагниттік сәуле шығару)

Алдын ала білімі


Оқушылар компьютердің негізгі қызметі, негізгі бөлшектері, компьютер қандай қызмет көрсету саласында өолданлатыны туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрду. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу

Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Сабақтың басталуы.

(У) Суреттерге қарап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтыңдар.

(Г) Оқушылар сабақ тақырыбын атайды: Денсаулығын және техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.

Техника қауіпсіздігін сақтау туралы видео көруге беріңіз

http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720



(У) Егер сіз техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда, не болады?

Оқушылар сабақтың міндеті мен мақсатын атайды:

Бүгін біз техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамағанның қандай салдар болатынын білетін боламыз. Біз қауіпсіздік туралы айтамыз. Компьютермен жұмыс кезінде өзініңң жұмысын қалайй дұрыс ұйымдастыру керек. .

(У) Информатика оқулығын ашыңдар. 8 беттегі диалогты оқыңдар.



(У) Түйінді сөздерді қолданып, жұптасып диалог құрастырыңдар.

(П) Жұптасып диалог құрастырады.

(У) Диалог нәтижесі бойынша қорытынды жасаймыз.

Мұғалім үшін нұсқаулық: оқушыларды жеке өз диалогтары бойынша қорытынды жасауды сұраңыз.

Қорытынды: «компьютерге тәуелділік», «көз аурулары» пайда болмас үшін ережелерді сақтау керек.



Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.









Сабақтың ортасы

8 минут




1 минут





5 минут



3 минут

16 минут


Жаңа сабақты түсіндіру

Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды.[1] Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т.б.) және физиол. ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді

. У) Ойланып, бөлініңдер:

Суретің қандай сұраққа жауап береді?

- Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.

Мұғалім үшін нұсқаулықтар:

2 тапсырма «Постер құрастыру»

(Г) Топтар суреттерін,түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер пайдалана отырып постер құрастырады 5 сынып оқулығының 9 бетіндегі материалды пайдаланыңыз (көз үшін жаттығулар мен қол ьуындары үшін жаттығулар)

-

;




Сергіту сәті

Сұрақ парақшалары.







Оқулық, дәптерлер.







Ойын ойнайық.

Сабақтың соңы

2 минут


Формативтік бағалауды орындау

Мұғалім үшін нұсқаулық

Формативтік бағалаудың бір түрін ұсынуға болады:

  1. Компьютерде BILIMLAND http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720 ресурсынан 2,3 жаттығуларды орындауға болады.

  2. Қағазға екі сұрақты басып шығарып, жазбаша түрде формативтік бағалауды жүргізуге болады.


(У) Сонымен біз бүгін компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу? туралы білдік.

Стикерде өздеріңіздің бүгін қалай жұмыс істегеніңіз туралы сурет салып беріңіз:

Үйге тапсырма

5 сынып Информатика оқулығының 8-9 бетін оқу.

Компьютермен жұмыс кезінде орындау үшін ұсынылатын жаттығулар ойлап тап.

* Отбасы мүшелерін байқап көр: олар компьютермен жұмыс кезінде дене мен көз үшін жатығулар жасай ма.

* Отбасы мүшелері үшін кесте құрастыр: компьютер алдында қанша уақыт отырамыз.


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.



Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Сөйлеу-речи-speeches


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.







































































Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :


Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақтақырыбы

Есептеуіш техниканың даму тарихы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтеме)

6.1.1.1- есептеуіш техникасының даму тарихы, есептеуіш техникасының дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы білу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін: Оқушылардың есептеуіш техникасының даму тарихы, есептеуіш техникасының дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы ұғым беру.

Көпшілік оқушылар үшін: Электронды-есептеуіш техникасының архитектурасы мен техникалық міндеттерінің даму кезеңдеріне сипаттама беру

Кейбір оқушылар Адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін; оқылған құрылғыларына сипаттама беруді


Бағалау критерийлері


Есептеуіш техникасының даму кезеңдері, олардың айырмашылықтарын біледі;

• ЭЕМ дамуының бес буынын сипаттайды;
• Буындарының алмасуы жаңа элементтік базаға байланыстылығын ұғынады;
.


Тілдік мақсат

Процессор, қатты диск, компьютер


Құндылықтарды

дарыту

Қарым-қатынас жасау, жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болу.


Пәнаралық байланыстар

Өмірмен, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі


Алдыңғы меңгерілген білім

Жалпы қауіпсіздік ережелері


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


Сабақтың ортасы

5-25 минут
















25-40

Психологиялық ахуал қалыптастыру: бір-біріне жақсы тілек айту

1,2 сандарын санау арқылы арқылы 2 топқа

бөлінеді.

Миға шабуыл

Компьютердің түрлері: суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, серверлер, дербес компьютерлер.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.
Дербес компьютер – ол бір адам жеке қолдана алатын компьютер.
Дербес компьютерлер: үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді

Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.

Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.

Алғашқы санау құрылғылары б.д.д. 3000 жыл бұрын (абак, орыс, жапон, қытай шоттары) пайда болды.

1673жылы неміс математигі Лейбниц механикалық арифмометр ойлап шығарды.

1833 жылы Чарльз Бэббидж программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның идеясын ұсынды.

Ада Лавлейс 1843 жылы Беббидждің аналитикалық машинасы үшін программа жазды.

ЭЕМ-ы кезеңі XX ғасырдың 30-жылдарында басталды. 1946 жылы 15 ақпанда алғашқы ЭЕМ-ENIAC құрастырылып бітті. ЭЕМ І буыны (1946-1958) – электрондық лампалар қолданылды. ЭЕМ ІІ буыны (1958-1964) - жартылай өткізгіш транзистрлар қолданылды. ЭЕМ ІІІ буыны (11964-1972) – интегралдық сызбаларға негізделген. IV буын – бұл компьютерлік техниканың бүгінгі, 1970 жылдан кейінгі жасалған буыны. Үлкен интегралдық сызбалар алғаш қолданыла бастады. V буынның ЭЕМ-ы – жақын болашақтың машинасы.

ЖИГСО әдісі (топтық жұмыс)

Әр топқа жаңа сабақтың материалдарын үлестіремін.

1-топқа: Механикалық кезең;

2-топқа: Электромеханикалық кезең;

3-топқа: Электрондық кезең.

Сұрақтары:

1-топқа: 50 жылдардан бастап қандай есептеуіш техникасы дами бастады?

2-топқа: Қандай механикалық есептеу құралдары пайда болды?

3-топқа: Г.Холлерит құрастырған бірінші перфорациялық машинасы есептеуіш техника дамуының қай кезеңіне жатады?


Т. 2 -тапсырма. Сәйкестендіру кестесін толтырыныз

Процессор

Ақпаратты шығару көрсету

Қатты диск

Жүйелі тақша

Аналық тақта

Ақпарат сақтау құрылғысы

Монитор

Компьтердің миі

Пернетақта

Графикамен жұмыс істеу құрылғысы

Бейнекарта

Ақпарат енгізу қурылғысы


- Концептуалды кесте

ЭЕМ

 БУЫНДАРЫ

ЭЛЕМЕНТТІК

БАЗАСЫ

ЭЕМ-нің НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

I буыны

1946-1956

Электрондық шамдар

Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар қолданылған бағдарламалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 20000 операция

II буыны

1956-1964

Жартылай өткізгіштер, транзисторлар

Өлшемі кішірек, электроэнергиясын азырақ жұмсайды, жылдамдығы – секундына бірнеше мыңдаған операция, жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері дами бастады

III буыны

1964-1971

Интегралдық схемалар

Үлкен жад, жылдамдығы секундына бірнеше миллиондаған операцияға дейін, магнитті дискілер пайда болды. Мультибағдарламалық режим.

IV буыны

1971 ж. осы уақытқа дейін

Микропроцессорлар

Үлкен жад, жоғары жылдамдық, өлшемі шағын, жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері

V буын

болашақта


Жасанды интелект.

Қарым-қатынас тілі табиғи тілге жақын.

Сәйкестендіру кестесі

1. Архив - ...

а)Сығылған файлдарды орнына келтіру

2. Сығу деңгейі - ...



б)Арнайы программалар көмегімен жеке файлдарды немесе файлдар тобын сығуға арналған программа

3. Архивтеу - ...

в)бастапқы және өңделген файлдар көлемінің қатынасы. 

4.Сығу жылдамдығы - ...

г)Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл

5.Архивтен шығару - ...

д)Файлдарды сығу үдерісі

6. Архиватор - ...

е)белгілі бір ақпарат бөлігін сығуға кеткен уақыт.






«Информатика 5-сынып» - электронды оқулықты қарап шығу, бекіту






Бағалау парағы


Сабақтың соңы

40-45 минут

Қайталау сұрақтары

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының міндеттері қандай?

Пернетақтада неше перне бар?

Пернелердің қызметтері қандай?

Insert кестесін толтыру.






Не білемін?


Не білдім?

Не білгім келеді?












БББ стратегиясы бойынша алған білімін бағалау үшін, стикерге жаздырып, тақтаға ілуіне нұсқау беремін

Топты бағалауға нұсқау беру.

Жиынтық бағаны өзім шығарамын





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Қиындың деңгейі әр түрлі тапсырмаларды компьютерде орындау қабілеттерін ашу;

АКТ дағдыларын дамыту.

Бағалау парағы арқылы өзін бағалау, өз-ара бағалау

Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру





Сабақ бойынша рефлексия















































Ұзақмерзімдіжоспардыңтарауы:Компьютерлік жүйелер мен желілер

Мектеп: Мұғалімнің

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Компьютердің қызметі


Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

6.1.1.2. Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін түсіндіру

Сабақтыңмақсаты

1.Барлық оқушылар: Компьютердің негізгі құрылғыларын білу

2. Көпшілік оқушылар: Құрылғылардың мүмкіндіктерін қолдану.

3. Кейбір оқушылар: Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін талдау.


Бағалау критерийі

  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын біледі.

  2. Компьютердің негізгі құрылғыларының мүмкіндіктерін қолданады.

  3. Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін талдайды.


Тілдік мақсаттар

Монитор, пернетақта, жүйелік блок.

Құндылықтарға баулу

Жауапкершілікке, ауызбіршілікке,

сын тұрғысынан ойлауға баулу.

Пəнаралық байланыс

Сурет, сызу

Алдыңғы білім

Компьютердің маңызды құрылғыларын біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут




  1. Психологиялық ахуал: «Капитан» әдісі арқылы топқа бөлінеді.

І-топ Монитор, ІІ-топ Пернетақта, ІІІ-топ Жүйелік блок

  1. Үй жұмысын «Велосипед» әдісі арқылы жұптастырып бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы диалогке түсіру.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын айтқызу. Мағынаны тану әдістерінен социометрияның шәкіл ұғымынан оқушылардың осы тақырып бойынша бастапқы білім деңгейлерін тексеру.



6 сынып оқулығы, Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов.

Bilim.land.kz.


Сабақтыңортасы




10 минут





















15 минут




















































  1. инут

  1. 1887. Осы тақырыпты түсіндіру мақсатында

Bilim.land.kz. сайтынан бейнежазба көрсету.

Оқушылар осы бейнежазбаны көре және тыңдай отырып, компьютердің негізгі құрылғыларын «Апельсин» әдісіне салып постер қорғайды.

Дескриптор:

  1. Мониторды жазды

  2. Пернетақтаны жазды

  3. Жүйелік блоктың құрамын жазды.


Бағалау:

Смайлик, «Бас бармақ» әдісі.

  1. ӘУЕ ШАРЫ әдісі 
    1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі. 

    2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі: 
    - Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар. 
    - Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады. 
    - Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады. 
    - Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді. 
    - Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады. 
    3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады. 

Дескриптор:

  1. Басты кейіпкер жүйелік блок екенін білді.

  2. Жоба табысты болу үшін компьютердің негізгі құрылғыларын жазды

  3. Вирустар компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтіретінін білді.

  4. Оған қатты жылдамдықпен ұшуға қатты диск, процессор, жедел жады, видеокарта керек екенін білді.

  5. Шарды бағытынан жады толып кетсе ғана шатастыра алатынын біледі.

Бағалау:

Смайлик, мадақтау, марапаттау, қадағалау.

«Бағдаршам» , «Бас бармақ» әдісі арқылы.


5)(Ж) Гауһартас иерархиясы:

Оқушыларға стикерде белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идеяны өздері жазады).

2.Олар өзінің бірінші басымдық берген стикерін жоғарығақояды, бұдан кейін екі стикерді екінші орынға қояды, үш стикерді үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар стикер төменге орналасты-рылады. Осылай гауһар тас пішіні пайда болады.

3.Оқушылар бір-бірімен бітімге, келісімге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Сондықтан олар стикерлерді орналастыру ретін өзара талқылап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

  1. Құрылғыларды маңыздылығына қарай топтастырды

  2. Процессорді білді

  3. Жедел жады, қатты дискті білді

  4. Видеокарта, дыбыс картасы, желілік карта білді

  5. Монитор, пернетақтаны білді.

Бағалау:

«Бас бармақ», «Смайлик»



http://bilimland.kz/kk/#lesson=16309




















































Сабақтың соңы


5 минут

Рефлексия: «Бес саусақ»

1. Бас бармақ – Не үйрендім?

2. Балан үйрек – Неге көңіл аудару керек?

3.Ортан терек – Кімге көмектестім?

4.Шылдыр шүмек – Алған әсерім, Көңіл-күйім?

5.Кішкенебөбек – Неденқиналдым?

  1. Социометрияның «Шәкіл» әдісіне білімдерінің қай деңгейге дейін көтерілгенін белгілеу

  2. Үйге тапсырма: Компьютердің қызметі тақырыбын оқу, дәптерге конспект жазып келу


Саралау –Сізқосымшакөмеккөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Сізқабілетіжоғарыоқушыларғатапсырманыкүрделендірудіқалайжоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Саралауға тапсырма:

«Суреттер сөйлейді »

Ребустың шешімін тауып, атқаратын қызметіне байланысты әңгіме құрастыр.

Дискриптор:

  1. Ребустың шешуін тапты

  2. Шешуіне байланысты әңгіме құрды

Бағалау:

Смайлик, «Бас бармақ»

Бағалау:

Қадағалау, мадақтау, шапалақ, «Смайлик», «Бас бармақ», «Бағдаршам»

Сергіту сәті:

Дене мүшесі бойынша сандарды жазу.

1,2,3,4,5.



Сабақ: Информатика

Бөлім: Компьютерлік жүйелер мен желілер

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Сымсыз желілер

Осы сабақ мүмкіндік туғызатын оқыту мақсаттары

6.1.1.3 Сымсыз байланыстың артықшылығын түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:

сымсыз байланыс ұғымын білу

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

сымсыз байланыс артықшылықтарын түсіну

Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:

сымсыз байланысты қолданудағы тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру

Бағалау критерийі

Сымсыз байланыс ұғымын біле отырып, артықшылықтарын түсіндіреді және сымсыз байланысты қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар істей алады:

Сымсыз байланыс ұғымын біліп, артықшылықтарын атап көрсете алады.

Сымсыз байланысты қолдана алады.

Пәндік лексика мен терминология:

Сымсыз байланыс, Wi-Fi (ағылшын тілінде wirelessfidelity – сымсыз дәлдік ), WLAN, WPAN, BWA, мобильді байланыс, компьютерлік желі, компьютерлік желілер түрлері, жергілікті желі-LAN (Local Area Network)

Сұхбатқа-хатқа арналған пайдалы сөздер:

Сымсыз байланыс ұғымын білемін, артықшылықтарын атай аламын. Сымсыз байланысты қолдана аламын.

Құндылықтарға баулу

Сымсыз байланыс ұғымын біліп, артықшылықтарын түсіне отырып, сымсыз байланысты қолдану арқылы инновациялық-индустриалдық кластерлерді дамытуға баулу

Пәнаралық байланыс

Термин сөздерді ағылшын тілінде аудармасын атайды, сымсыз байланысты қолданып, жаратылыстану пәнімен байланысты мәліметтерді ғаламтордан ала алады.

Алдыңғы білім

Ортақ қолжетімді файлдарды орналастырып, өзгерте алады, жүктей алады.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыстар

Ресурстар

Басы

1 минут

2 минут

1 минут


2 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату

Оқушыларды «Мозайка» әдісі бойынша суреттер қиындысын жинау арқылы 2 топқа біріктіру.

Миға шабуыл:

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына суреттерден не көріп тұрсыздар?

Құрастырылған суреттерде не бейнеленгенін сұрау арқылы сабақ тақырыбына назар аударту. Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру

Суреттер бейнеленген қағаз қиындылары

Ортасы

5 минут




3 минут



5 минут




15 минут






2 минут



2 минут



2 минут

«Сымсыз байланыс Wi-Fi» тақырыбында бейнекөрсетілім арқылы тақырып бойынша мағлұматтармен таныстырамын.

«Ашық хат» әдісі арқылы топтарға тапсырмалар жазылған хаттар беремін.

Тапсырма №1:

Сымсыз байланыс дегеніміз ................................................

.................................................................................................

Тапсырма №2:

Сымсыз байланыс артықшылықтары:................................... .......................................................................................................................................................................................................

Тапсырма №3:

Ноутбукті, смартфонды wi-fi сымсыз байланыс желісіне қосып, «Қазақстан қорықтары» туралы қосымша мәліметтер тауып, жүктеңіз.

Тапсырма №4: «Сымсыз байланыстың шығу тарихы» туралы қосымша мәліметтерді тауып, жүктеңіз.

«Күлегештер» әдісі арқылы түрлі түсті күлегештер беру арқылы тапсырманың орындалу нәтижесін формативті бағалаймын.

Сергіту сәті: «Сандар» әдісі арқылы ауада 1-10 сандарын дене мүшелерімен (көзбен, қолмен, аяқпен, иықпен т.б.) жазады.

«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша рефлексияжасауды ұсынамын.

https://www.youtube.com/watch?v=U6zVG9Bd98k

6-сынып Информатика оқулығы, тарқатпа материалдар, түрлі түсті күлегештер,














түрлі түсті

А4 парақтары


Соңы

5 минут




«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы оқушылардың сабақ бойынша білімдерін тиянақтап, кері байланыс жасаймын.

Сұрақтар:

  • Сымсыз байланыс қандай қажеттіліктерден туындаған?

  • Сымсыз байланыстың брендтік атауы қандай?

  • Wi-Fi терминінің ағылшын тілінен аудармасын айтыңыз.

  • Сымсыз байланыс желісінің түрлерін атаңыз.

  • Сымсыз байланыс артықшылықтарын атап беріңіз.

  • Персоналды сымсыз байланыс (WPAN) желісінің ерекшеліктерін атаңыз.

  • Ауқымды сымсыз байланыс (WWAN) желісінің артықшылықтарын атап шығыңыз.

  • Сымсыз жергілікті жүйелердің негізгі пайдалану облыстарын атаңыз?



Бағалау критерийі

Дескриптор


Сымсыз байланыс ұғымын біле отырып, артықшылықтарын түсіндіреді және сымсыз байланысты қолдана алады.

Сымсыз байланыс ұғымын біледі.

Сымсыз байланыс түрлерін біледі.

Персоналды сымсыз байланыс (WPAN)желісінің ерекшеліктерін атай алады.

Жергілікті сымсыз байланыс(WLAN) желісін қолдана алады.

Ауқымды сымсыз байланыс (WWAN) желісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсете алады.

Сымсыз байланыстың артықшылықтарын атап көрсете алады.

Сымсыз байланысты есептеу және байланыс құралдарында қолдана алады.

Сымсыз байланыс көмегімен ғаламтордан ақпараттарды жүктей алады.


Қосымша ақпарат: сымсыз байланыстың шығу тарихы туралы қосымша мәліметтерді ғаламтордан алу

Саралау (Дифференциация) – Сіз көп қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілетті оқушылар алдына қандай есептер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыстар

Құндылықтармен байланыстар

Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және бірін бірі қолдайды. Егер қажет болса, қосымша көмек көрсетіледі.

Сыни пікірлерді қабілетті оқушылардың жұмыс сапасын жақсарту мүмкіндігін арттыру үшін сымсыз байланыс шығу тарихы туралы қосымша мәліметтер табуды ұсынамын.

Оқушылардың жұмысын қадағалау мақсатында «Өрмекшінің торы» әдісін қолданамын.

Термин сөздерді ағылшын тілінде аудармасын атайды, сымсыз байланысты қолданып, жаратылыстану пәніне байланысты мәліметтерді ғаламтордан ала алады.

Көзге арналған және дене жаттығуларын жасайды.

Компьютер сыныбында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Талдау жасау

Сабақ мақсаты/тәлім-тәрбие мақсаты шындық мәнінде болды ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгізер едім және неге?

Осы бөлімді сабаққа талдау жасауға қолданыңыз. Сіздің сабақ жөніндегі сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?















Сабақ: Компьютерлік жүйелер мен желілер

Мектеп:

Пәні: информатика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ақпаратты тасымалдау

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

6.1.1.4 ақпаратты жазу мен оқу, қатқыл диск, иілгіш және компакт дискілер туралы білу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ақпаратты жазу мен оқу, қатқыл диск, иілгіш және компакт дискілер, Flesh-жадының жұмыстарымен танысады

Оқушылардың басым бөлігі: компьютерлік білімдерін көтеру


Кейбір оқушылар: компьютердің негізгі құрылғыларымен жұмыс жасау

Бағалау критерийі

Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін біле отырып, түсінеді

Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылатынын біледі



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Компьютердің негізгі құрылғыларына монитор, жүйелік блок, тышқан, пернетақта

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Монитор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

компьютердің атқаратын қызметі қандай?

компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады?

компьютердің негізгі құрылғылары қалай әрекет етеді?

Талқылауға арналған тармақтар:

    1. Компьютер дегеніміз не?

    2. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.

    3. Компьютердің негізгі құрылғыларының атқаратын қызметтері қандай?

    4. Дербес компьютер неше бөліктен тұрады?

Құндылықтарға баулу

Пәнді оқыту барысында оқушыларды ауызбіршілікке, бейбітшілікке баулу

Пәнаралық байланыс

Құрылғылардың атауы ағылшын тілінде және ағылшын тілінде шифрланған

Алдыңғы тақырып


Эргономика міндеттерін ойластыру және шешуді, есептеу техникасының дамуының тарихы мен перспективасы жөнінде әңгімелеуді біледі

Жоспар

Жоспарлаған

уақыт

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин




5 минут

«Ыстық микрафон» әдісі

арқылы өткенді қайталау

1.Оқушылармен сәлемдесу , түгендеу

2. Ынтымақтастық атмосферасын құрамын

Оқушыларды «Шаттық шеңбер» бойымен тұрғызып өзара жақсы тілек айтқызамын.

Топқа бөлу.

3 түсті қаламдарды таңдау арқылы 3 топқа бөлемін

1-топ «Пернетақта»

2 топ «Жүйелік блок»

3 топ «Монитор»

3. Қауіпсіздік ережесін ескерту


«Ыстық микрафон» әдісі

Оқушыларға «Ыстық микрафон» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға сұрақтар беремін.

Жаңа сабаққа кіріспе: «Кім тапқыр?» әдісі арқылы шашылған сойлемдерді құрастырады. Сөйлемді құрау арқылы оқушылар жаңа тақырыпты ашады.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін түсіндіру





Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері




Сабақтың ортасы

15 минут


Терминдермен жұмыс

Жаңа тақырыпты

«Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.

Термин сөздерді интерактивті тақта арқылы шығарып таныстырамын. Жаңа тақырыптағы термин сөздердің ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасымен танысады, қайталайды.

Ақпарат тасымалдаушылар

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл - бүл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад - бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш жөне компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.

Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша — магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта ІВМ типті Реntium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард-диск) кіретін қаткыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.

Сыртқы жад — бұл компьютерді өшіріеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.

Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетінде қабыршық түрінде магниттік қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік төртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу - оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса қабықша ашық болады. Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.

Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, қазір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін катты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. 3,5 дискетте 1,44 Мб көлемде мәліметтер жазылады. Мәлімет жазылатын дискеттінен жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады. Дискеттер қатты пластмас корапта орналасады, сол себепті олар әрі үзақ, әрі сыйымдығы сенімді қызмет атқарады, Соңғы шығын жатқан дискіқозғағыштарда 3,5 дюймдық дискеттер ғана қолданынады.

3,5 дюймдық дискеттерде ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар. Оны жоғары-төмен қозғай отырып мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.

Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғашқы рет пайдалану алдында оны әртүрлі тәсілмен тармақтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялык жүйе командасымен жүргізіледі.

ҚАТТЫ ДИСК - (винчестер) деректер мен бағдарламаларды ұзақ уакыт сактау үшін қолданылады. Негізінен ол бір оське орналасқан дискілер тобынан тұрады. магниттік қабатпен жабылып, жоғары жылдамдықпен айналым жасайды. Сондықтан оның құрамы 2 п беттен түрады. Мұндағы п - топқа кіретін дискілер саны.

Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар (винчестер) ақпаратты тұрақта сактауға арналған. РС- де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Гбайт , Реntium -10-80 Гб дейін болады.

Қатты диск орнынан алынбайды, корпуста жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дискіге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады, иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан ла оны пайдалану өте ыңғайлы.

Компакт-диск - бұл металмен қапталган оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.

Flesh-жадының -    64Мб – 64Гб    Механикалық зақым, вирус, соққылар,т.б.    Өзге компьютерге ақпарат тасымалдау, программалар мен ақпараттардың кітапханасы

Оптикалық диск
Компакт дискілерге CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW жатады. Компакт дискілерге арналған дискіжетектер ішкі және сыртқы болады. Дискіжетектің жылдамдығын белгілеу үшін, әдетте дискіжетек дискіні аудиокомпакт дискілерге арналған дискіжетектен қанша есе жылдам айналдыратынын нұсқайды. Мысалы, дара жылдамдықты дискіжетектер 150Кб/с оқу жылдамдығын, ал екі еселік жылдамдықты дискіжетек-300Кб/с, төрт еселік жылдамдықты-600Кб/с жуық жылдамдықты қамтамасыз етеді.
Компакт дискідегі ақпаратқа қатынау уақыты 0,6-0,1 с дейін, әдетте ол 0,2-0,3 с болады. Лазерлік дискілерді қолдану – ол ең алдымен ақпаратты берудің жаңа жолын табу, әсіресе бұл әр түрлі анықтамаларға, сөздіктерге энциклопедияларға қатысты. Компакт дискілерді лазердің көмегімен ойнатуға болады.

Енді балалар, адамның және компьютердің сыртқы жады туралы айтып өтейік.
1.    Адам ақпаратты қайда сақтайды? (Миында),  иә аса қажетті ақпараттарды адам миында сақтайды, ал компьютер? (қатқыл дискіге).
2.    Адам аса қажет емес ақпараттарды қайда сақтайды? (қағазға жазыу арқылы), иә, дұрыс, ал компьютер?
(флоппи, компакт, флешкада).



Оқулық,

маркерлер,

плакаттар,

стикерлер,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта

Практикалық тапсырмалар

10 минут


Оқушыларға практикалық тапсырманы орындауға беремін.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1- тапсырма: Барлық компьютердің негізгі құрылғыларын ережеге сай өз порттарын тауып жалға.

2- тапсырма: Жүйелі блоктың ішіндегі барлық құрылғыларын шлейф арқылы ажыратып, қайта жалғап көр.

3- тапсырма. Пернетақтамен тышқанның атқаратын қызметін пернелер комбинациясы арқылы алмастыр

Оқулық, дәптер, компьютер

«Сұрақтар шеңбері» әдісі

Өзіңді тексер

  1. мин

Кері байланыс

    1. Компьютер сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

    2. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.

    3. Компьютердің негізгі құрылғылары бір - біріне байланысты ма?

    4. Принтер компьютердің негізгі құрылғысы бола ала ма?

    5. Пернетақта қандай қызмет атқарады?

    6. Кез келген ақпаратты экранға шығаруға негізделген компьютердің негізгі құрылғысын ата.

    7. Ақпараттар оны қамтитын мәліметтің түріне байланысты қандай бола алады?

    8. Компьютерді адаммен салыстыра алар ма едіңіз?

оқулық, дәптер

Бағалай критерилері


Дескриптор

Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін біле отырып, түсінеді

  • Пернетақтаның қызметі мен құрылымын біледі

  • Жүйелік блоктың қызметі мен құрылымын біледі

  • Монитордың қызметі мен құрылымын біледі

  • Барлық компьютердің негізгі құрылғыларын ережеге сай өз порттарын тауып жалғай біледі

  • Жүйелі блоктың ішіндегі барлық құрылғыларын шлейф арқылы ажыратып, қайта жалғай алады

  • Пернетақтамен тышқанның атқаратын қызметін пернелер комбинациясы арқылы алмастыра отырып қолданады

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. Құндылықтардағы байланыс

Жүйелі блокты қатқыл дискісін алып екінші жүйелі блокқа орналастыру


«Сұрақтар шеңбері» әдісімен кері байланыс

  • Сұрақтарға берген жауаптары бойынша;


Құрылғылардың атауы ағыл-шын тілінде және ағылшын тілінде шифрланған. Оқушы- лардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау; Ағылшын, орыс тілі

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты нақты әрі қол жетімді болды. Яғни, сабағыма мақсат қоя білдім деп ойлаймын. Оқушылар өте белсенді болды. Сабақ түсіндіру барысында 3 топ бірге талқылап, ортақ пікірге, соның көмегімен түсіндіріп өтті.

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: Оқушылар белсенді болды

2: Компьютердің негізгі құрылғыларын білді және олардың қызметтерін ажырата алды

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: Терминдерді ағылшын тілінде үйренді.

2: Барлық тапсырмалар орындалды

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
900
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі