Материалдар / сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобына арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2019
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан әр күнге


Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз!


Күн жарқырап аспанда

Жарқын нұрын шашады

Барлық әлем жылынып

Көңілдерін ашады

Жылы шуақ шашады

Ал,біз көңілімізді лебіз,тілектер жазып білдірелік (бір-біріне береді)

-Тілектеріңіз орындалсын!


Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз.


Кел,балалар,ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық,

Екілікті алмайық.


Амансың ба, көк аспан?

Амансың ба, алтын күн?

Амансың ба, жер ана?

Амансың ба, достарым?

Сәтті өтсін сабағын!


Ал, кәнекей, балалар,

Бері қарай қарайық.

Қажет құрал, кітапты,

Алдымызға алайық.

Алаңдамай басқаға,

Сабаққа назар салайық.

Дұрыс есеп шешімін,

Мұқиятпен табайық.


«Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің». Сәлем беріп бір-бірімізге жылылық сыйлайық. Құрал-жабдықтарын алып даярланады. Түзеліп түзу отырады.

Қызығушылығын ояту: Оқушылардың өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау. Оқушыларды білімді, саналы түрде меңгеруге дайындау. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.


Ана тілің – арың бұл

Ұятың болып тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – деп қазақ тілінде сауатты да, таза сөйлей білуге міндетті екенімізді сендер білесіңдер. Ендеше, бүгінгі қазақ тілі сабағында қазақ тілін қаншалықты меңгергендіктеріңді ортаға салыңдар.

Бүгінгі біздің сабағымыз сайыс түрінде өтеді.

І-топ «Болашақ». Ұраны: «Болашақ бізден басталады».

ІІ-топ «Шығармашыл».Ұраны: «Ізденген жетер мұратқа».


Біз бақытты баламыз,

Ойлап, күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып, білім аламыз.


Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Казіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік


Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дана тілім.-деп сабағымызды бастаймыз.


Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын !


Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Бізде сәлем береміз.


Сыныбымыз тап-таза

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға.


Іші толы әріпке,

Мынау әйбат Әліппе,

Барлық білім, ілімнің

Әжесі осы Әліппе (Қадыр Мыза Әлі)


Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.


Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып құр қаңғыма.

Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні


Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең еңбек.

Гүл өсірсең терлеп,

Оның аты – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.


Әнімізге ұласар,

Әннің аты Әліппе.

Бәрімізге тілашар

Кітабымыз Әліппе.


Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Құрметтейік сіздерді

Сәлем бердік біз.


Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз, әрдайым,

Тек көңілді бастаймыз.

Білім жолымен жүреміз,

Арасында ойнап та күлеміз.


Жарқырап күн де ашылды,

Айнала нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз –білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбектену арқылы

«5»-ке қолды жеткізу.


Кел, балалар, ойнайық,

Қандай есеп болса да.

Шешпей оны қоймайық.

Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар,

Асығыстық қылмаңдар

Асықпайық дегенге

Бүгеліпте тұрмаңдар.


Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын !


Мақсат қою. Әрбір адам қандай іске кіріссе де , ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай мақсаттар қояйық: тыңдай білу, салыстыру, бір жүйеге келтіру , талдау, қорытындылау. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Ендеше сабаққа жақсы, белсенді қатысайық.


Арайлап күн күліп,

Қарады маған да,

Арайлап күн күліп

Қарады саған да!

Жаса,жаса жарқын күн!

Жаса,жаса алтын күн!


Таң шапағы арайлап

Дала нұрға боялды

Балалардың барлығы

Ұйқысынан оянды!


Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін,

Қышықыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін!


Ана тілім – бал тілім.

Өзің барда шалқыдым.

Тілімнен нәр табармы

Тіліме кім тағар мін – деп сабағымызды бастаймыз.


Табиғат, сен – тіршілік, тұнып тұрған,

Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен – көлсің, сен – арманымсың, сен – бұлақсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.


Ана тілім – бал тілім.

Өзің барда шалқыдым.

Тілімнен нәр табармы

Тіліме кім тағар мін – деп сабағымызды бастаймыз.


Сөздің сыры – көп жұмбақ,

Шешеуін кім табады?

Кімдер шешсе тез ойлап,

Сол жеңімпаз болады.


Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз!


Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық!


Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

Олай болса, балалар , бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият боламыз.


Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік!


«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.


Дайынсың ба сабаққа?

Қарап алшы жан-жаққа

Бәрі бар ма орнында?

Қалам, дәптер, кітап та.


5 болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп бақыт,

Өсе берсін санамыз.


Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

(оқушылар орындарынан тұрып)

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!


«Қайырлы күн» деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.


Көктем келді, еліме

Көктем келді, жеріме

Бақыт, байлық тілейміз

Бүкіл қазақ еліне


Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Казіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік


Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.


Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.


Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге,

Жаңарғанын сананың,

Ұмытады мұны кім?

Ата-салтын бабамның

Алып келді осы күн


Қане,қатар-қатар түзеліп

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп

Түп-түзеу болып тұрайық

Бірінші қатар жай отыр

Екінші қатар сенде отыр

Үшінші қатар тез отыр


Кел, балалар, келіңдер,

Математиканы көріңдер.

Кәне, қарап шығыңдар,

Білім барда оқу бар.


Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған

Мынау - басым ақылды,

Бәрін осы басқарған

Мынау - оң қолым,

Мынау - сол қолым,

Барлық істі атқарған


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!